"Астана қаласының Қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 113-374 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Астана қаласының Қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі 1 қосымшаға қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Басқарма басшысына осы қаулының көшірмесін "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жазба және электрондық түрде жолдау және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру жүктелсін.

      3. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Астана қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.К. Әмринге жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап 6 (алты) күнтізбелік күн ішінде күшіне енеді.

      Астана қаласының әкімі Ә. Исекешев

  Астана қаласы әкімдігінің
2018 жылғы 28 ақпандағы
№ 113-374 қаулысына
1-қосымша

"Астана қаласының Қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Астана қаласының Қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) жергілікті бюджеттің атқарылуы саласында басқаруды жүзеге асырушы және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарманың ведомстволары жоқ.

      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық–құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі және мөртабандары, белгіленген үлгіде бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында есеп шоттары бар.

      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Басқарма егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Басқарманың құрылымы және штат саны лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Басқарманың мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, "Сарыарқа" ауданы, Бейбітшілік көшесі, № 11.

      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Астана қаласының Қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі.

      11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      12. Басқарманың қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Басқарма миссиясы: жергілікті бюджеттің атқарылуы және саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету.

      15. Міндеттері:

      1) жергілікті бюджетті атқару;

      2) бухгалтерлік есепті, бюджет есебін жүргізу және жергілікті бюджеттің атқарылуы жөніндегі есепті жасау;

      3) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларының нормаларын сақтау;

      4) гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру;

      5) қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және көтермелеу кезінде гендерлік тенгерім нормаларын сақтау.

      16. Функциялары:

      1) жергілікті бюджеттің атқарылуын ұйымдастыруға қатысу;

      2) Басқарма аппаратының бухгалтерлік есебін ұйымдастыру және жүргізу;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Басқарма әкімшілік ететін бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімді жасау және оны мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға беру;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Басқарма әкімшілік ететін жергілікті бюджетке түсетін түсімдер бойынша болжамдық көрсеткіштерді жасау және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға беру;

      5) құзыреті шегінде аумақты дамыту бағдарламасын әзірлеуге қатысу;

      6) Басқарманың ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламаларын әзірлеу және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның келісімен бекіту;

      7) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізуге бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынатын өтінімдердің Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкестігін тексеруді жүзеге асыру;

      8) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдердің жиынтық жоспарын және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау, бекіту және жүргізу;

      9) жергілікті бюджеттің орындалуы туралы ай сайынғы есепті жасау және бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органға, Астана қаласының әкімдігіне (бұдан әрі – әкімдік), Астана қаласының тексеру комиссиясына, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға, ішкі бақылау жөніндегі уәкілетті органға беру;

      10) жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бюджет есебін жүргізу;

      11) жергілікті бюджетінің атқарылуы кезінде бюджеттік мониторинг жүргізу;

      12) жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есеп және талдамалық есептен тұратын жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп және түсіндірме жазба жасау және әкімдікке, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға және ішкі бақылау жөніндегі уәкілетті органға ұсыну;

      13) жергілікті бюджеттің орындалуы туралы жылдық есеп жасау және бюджеттің атқарылуы бойынша орталық уәкілетті органға ұсыну;

      14) әкімдікке жергілікті уәкілетті орган резервінің ақшасын пайдалану және тиісті кезеңге оның қалдығы туралы ақпаратты ай сайын ұсыну;

      15) дебиторлық және кредиторлық берешек туралы жиынтық есептер жасау және бюджеттің атқарылуы бойынша орталық уәкілетті органға ұсыну;

      16) мемлекеттік мекемелердің олардың өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаның түсімдері мен шығыстар жоспарларының орындалуы туралы, жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің демеушілік және қайырымдылық көмегінен түсетін ақшаның түсімі мен жұмсалуы туралы жиынтық есеп жасау және оны бюджеттің атқарылуы бойынша орталық уәкілетті органға ұсыну;

      17) жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінен тоқсандық және жылдық жиынтық бюджеттік және шоғырландырылған есептілікті қабылдауды және тексеруді жүзеге асыру;

      18) жартыжылдық және жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау және бюджеттің атқарылуы бойынша орталық уәкілетті органға ұсыну;

      19) ашық бюджеттердің интернет-порталына ақпарат орналастыру;

      20) Басқарма әкімшілік ететін бюджетке түсетін түсімдер коды бойынша ай сайынғы есепке алуды жүзеге асыру;

      21) Басқарма әкімшілік ететін бюджетке түсетін түсімдер сыныптамасының кодтары бойынша жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің артық (қате) төленген сомасын бюджеттен қайтаруды және (немесе) есепке жатқызуды қамтамасыз ету;

      22) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Аумақтық қазынашылық бөлімшесіне Астана қаласының мемлекеттік мекемелерінің атауларын өзгерту туралы өтінім беру;

      23) мемлекеттік мекемелер өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден алатын ақшаны, демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетін қолма-қол ақшаны, ақшаны уақытша орналастырудың бақылау шоттарын және корпоративтік төлем карточкасын қолдана отырып, бюджет қаражаты есебінен есептеуге арналған ағымдағы шоттарды ашуға өтінім және рұқсат беру жөніндегі жұмыстарды жүргізу;

      24) бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің беретін мемлекеттік мекемелер өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін түсімдер мен шығыстардың жиынтық жоспарына келісім беру;

      25) жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінен қаражат бөлу туралы әкімдік қаулысының жобаларына қорытындылар даярлау;

      26) бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органға Астана қаласының бюджеттік даму бағдарламаларын іске асыру бойынша бюджеттік ақшаларды басқару жөніндегі мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау жөнінде ақпарат әзірлеу және беру;

      27) жергілікті бюджет қаражаты есебінен бюджет кредиттерін беру, оларды тіркеуді, есепке алуды және мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету;

      28) несиелік қаражат бойынша қарыздарды өтеу және қызмет көрсету жөніндегі есепті бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органға беру;

      29) жергілікті атқарушы органы қарызының мониторингін жүзеге асыру;

      30) жергілікті атқарушы органның мемлекеттік бағалы қағаздарды шығаруының талаптарын, көлемі мен нысаналы тағайындауын бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірге анықтау және келісу;

      31) Басқарма астананың жергілікті атқарушы органының атынан астана бюджетiнiң тапшылығын қаржыландыру үшiн iшкi нарықта айналысқа жiберу үшiн мемлекеттiк бағалы қағаздар шығаруы түрiнде, сондай-ақ мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін iшкi нарықта айналысқа жiберу үшiн мемлекеттiк бағалы қағаздар шығаруы түрiнде жүзеге асырады;

      32) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдауды жүзеге асыру;

      33) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің мониторингін жүзеге асыру;

      34) жекешелік әріптестікті айқындау үшін конкурстық комиссияға қатысу;

      35) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді тіркеу және есепке алу тәртібі;

      36) Басқарманың қызметін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мемлекеттік сатып алуды жүргізу;

      37) әкімдіктің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын келісу;

      38) Басқарма қызметкерлеріне тұрғын үй қатынастары саласында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген өкілеттіктер шегінде Басқарманың тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру.

      17. Құқықтары мен міндеттері:

      1) жергілікті бюджеттің атқарылуы және мәселелері жөнінде орындалуы міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;

      2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қажетті ақпарат пен материалдар сұрату және алу;

      3) сотта талапкер және жауапкер болу.

3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

      18. Басқарма басшылығын Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      19. Басқарманың басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Астана қаласы әкімінің өкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      20. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      21. Басқарма басшысының өкілеттігі:

      1) Басқарманың жұмысына басшылық етуді жүзеге асырады;

      2) Басқарма қызметкерлерінің міндеттерін анықтайды және жауапкершіліктерінің деңгейін белгілейді;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынасындағы мәселелері оның құзыретіне жататын Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және босатады;

      4) өз құзыреті шегінде Басқарма қызметкерлерінің орындауы міндетті бұйрықтар, нұсқаулықтар шығарады;

      5) өз құзыреті шегінде, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;

      6) Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

      7) Басқарманың бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;

      8) Басқармадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жеке жауапкершілік белгілей отырып, ол үшін әрекет етеді;

      9) өзінің құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      22. Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгілейді.

4. Басқарманың мүлкі

      23. Басқарманың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      24. Басқармаға бекітілген мүлік Астана қаласының коммуналдық меншігіне жатады.

      25. Егер Қазақстан Республикасы заңнамасында өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      26. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жүргізіледі.

  Астана қаласы әкімдігінің
2018 жылғы 28 ақпандағы
№ 113-374қаулысына
2-қосымша

Астана қаласы әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулыларының тізбесі

      1. "Астана қаласының Қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 4 наурыздағы № 113-319 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 7 желтоқсандағы № 113-2447 қаулысы;

      2. "Астана қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 10 мамырдағы № 113-900 қаулысы;

      3. "Астана қаласының Қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 4 наурыздағы № 113-319 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 21 маусымдағы № 113-1277 қаулысы.

Об утверждении Положения о Государственном учреждении "Управление финансов города Астаны"

Постановление акимата города Астаны от 28 февраля 2018 года № 113-374.

      В соответствии с законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе", от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", акимат города Астаны ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить Положение о Государственном учреждении "Управление финансов города Астаны" (далее – Управление) согласно приложению 1.

      2. Возложить на руководителя Управления направление копии настоящего постановления в печатном и электронном виде для официального опубликования в Информационно-правовой системе "Әділет", а также в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан" для включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан, и размещение на интернет-ресурсе акимата города Астаны.

      3. Признать утратившими силу некоторые постановления акимата города Астаны согласно приложению 2.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Астаны Амрина А.К.

      5. Настоящее постановление вступает в силу по истечению 6 (шести) календарных дней после его подписания.

      Аким города Астаны А. Исекешев

  Приложение 1
к постановлению акимата
города Астаны
от 28 февраля 2018 года № 113-374

Положение о Государственном учреждении "Управление финансов города Астаны"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Управление финансов города Астаны" (далее – Управление) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере исполнения местного бюджета.

      2. Управление не имеет ведомств.

      3. Управление осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      4. Управление является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.

      5. Управление вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      6. Управление имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      7. Управление по вопросам своей компетенции в установленном законодательством Республики Казахстан порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя Управления и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      8. Структура и лимит штатной численности Управления утверждаются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

      9. Местонахождение Управления: Республика Казахстан, 010000, город Астана, район "Сарыарка", улица Бейбітшілік, № 11.

      10. Полное наименование государственного органа - Государственное учреждение "Управление финансов города Астаны".

      11. Настоящее Положение является учредительным документом Управления.

      12. Финансирование деятельности Управления осуществляется из местного бюджета.

      13. Управлению запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями Управления.

      Если Управлению законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности Управления

      14. Миссия Управления: обеспечение реализации государственной политики в сфере исполнения местного бюджета.

      15. Задачи:

      1) исполнение местного бюджета;

      2) ведение бухгалтерского учета, бюджетного учета и составление отчетности по исполнению местного бюджета;

      3) соблюдение норм антикоррупционного законодательства Республики Казахстан;

      4) реализация гендерной и семейно-демографической политики;

      5) соблюдение норм гендерного баланса при принятии на работу и продвижении сотрудников.

      16. Функции:

      1) участие в организации исполнения местного бюджета;

      2) организация и ведение бухгалтерского учета аппарата Управления;

      3) составление и предоставление в местный уполномоченный орган по государственному планированию бюджетной заявки по бюджетным программам, администрируемым Управлением в порядке, определенном законодательством Республики Казахстан;

      4) составление и предоставление в местный уполномоченный орган по государственному планированию прогнозных показателей по поступлениям в местный бюджет, администрируемым Управлением в порядке, определенном законодательством Республики Казахстан;

      5) участие в разработке программы развития территорий в пределах компетенции;

      6) разработка и утверждение по согласованию с местным уполномоченным органом по государственному планированию бюджетных программ Управления на текущий финансовый год;

      7) осуществление проверки представляемых администраторами бюджетных программ заявок на внесение изменений в планы финансирования по обязательствам и платежам администратора бюджетных программ на соответствие бюджетному законодательству Республики Казахстан;

      8) составление, утверждение и ведение сводного плана финансирования по обязательствам, сводного плана по поступлениям и финансирования по платежам;

      9) составление и предоставление ежемесячного отчета об исполнении местного бюджета в центральный уполномоченный орган по исполнению бюджета, акимат города Астаны (далее – акимат), ревизионную комиссию города Астаны, уполномоченный орган по государственному планированию, уполномоченный орган по внутреннему контролю;

      10) ведение бюджетного учета по исполнению местного бюджета;

      11) проведение бюджетного мониторинга при исполнении местного бюджета;

      12) составление и представление годового отчета об исполнении местного бюджета, состоящего из отчета и аналитического отчета об исполнении местного бюджета и пояснительной записки в акимат, местный уполномоченный орган по государственному планированию и уполномоченный орган по внутреннему контролю;

      13) составление и представление годового отчета об исполнении местного бюджета в центральный уполномоченный орган по исполнению бюджета;

      14) ежемесячное представление в акимат информации об использовании денег резервов местного исполнительного органа и его остатках на соответствующий период;

      15) составление и представление сводных отчетов о дебиторской и кредиторской задолженности в центральный уполномоченный орган по исполнению бюджета;

      16) составление сводного отчета об исполнении планов поступлений и расходов денег от реализации государственными учреждениями товаров (работ, услуг), остающихся в их распоряжении, о поступлении и расходовании денег от спонсорской и благотворительной помощи государственных учреждений, содержащихся за счет местного бюджета, и его представление в центральный уполномоченный орган по исполнению бюджета;

      17) осуществление приема и проверки квартальной и годовой сводной бюджетной и консолидированной отчетности от администраторов местных бюджетных программ;

      18) составление и представление полугодовой и годовой консолидированной отчетности в центральный уполномоченный орган по исполнению бюджета;

      19) размещение информации на интернет-портале открытых бюджетов;

      20) осуществление ежемесячного учета по кодам поступлений в местный бюджет, администрируемым Управлением;

      21) обеспечение возврата из местного бюджета и (или) зачет излишне (ошибочно) уплаченных сумм поступлений в местный бюджет по кодам классификации поступлений в бюджет, администрируемым Управлением;

      22) предоставление в территориальное подразделение казначейства Министерства финансов Республики Казахстан заявки об изменении наименований государственных учреждений города Астаны;

      23) проведение работы по выдаче заявок и разрешений на открытие контрольных счетов наличности денег от реализации государственными учреждениями товаров (работ, услуг), остающихся в их распоряжении, спонсорской, благотворительной помощи, временного размещения денег и текущего счета для осуществления расчетов за счет бюджетных денег с применением корпоративной платежной карточки;

      24) согласование представленного администраторами бюджетных программ сводного плана поступлений и расходов денег от реализации государственными учреждениями товаров (работ, услуг), остающихся в их распоряжении;

      25) подготовка заключений к проектам постановлений акимата о выделении средств из резерва местного исполнительного органа на неотложные затраты;

      26) составление и предоставление в центральный уполномоченный орган по исполнению бюджета информации об оценке эффективности деятельности государственного органа по управлению бюджетными деньгами по реализации бюджетных программ развития города Астаны;

      27) предоставление бюджетных кредитов за счет средств местного бюджета, обеспечение их регистрации, учета и мониторинга;

      28) предоставление в центральный уполномоченный орган по исполнению бюджета отчета по погашению и обслуживанию долгов по кредитным средствам;

      29) осуществление мониторинга долга местного исполнительного органа;

      30) определение и согласование с центральным уполномоченным органом по исполнению бюджета условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местным исполнительным органом;

      31) Управление от имени местного исполнительного органа столицы осуществляет организацию выпуска государственных ценных бумаг для обращения на внутреннем рынке для финансирования дефицита бюджета столицы, а также в виде выпуска государственных ценных бумаг для обращения на внутреннем рынке для финансирования строительства жилья в рамках реализации государственных и правительственных программ;

      32) осуществление принятия государственных обязательств по проектам государственно-частного партнерства, в том числе государственных концессионных обязательств местными исполнительными органами;

      33) осуществление мониторинга государственных обязательств по проектам государственно-частного партнерства, в том числе государственных концессионных обязательств, местных исполнительных органов;

      34) участие в конкурсной комиссии для определения частного партнера;

      35) регистрация и учет государственных обязательств по проектам государственно-частного партнерства, в том числе государственных концессионных обязательств местного исполнительного органа;

      36) проведение государственных закупок для обеспечения деятельности Управления в установленном законодательством Республики Казахстан порядке;

      37) согласование проектов нормативных правовых актов акимата;

      38) предоставление жилища из жилищного фонда Управления работникам Управления в пределах полномочий, установленных действующим законодательством Республики Казахстан в сфере жилищных отношений.

      17. Права и обязанности:

      1) принимать обязательные для исполнения нормативные правовые акты по вопросам исполнения местного бюджета;

      2) запрашивать и получать в установленном законодательством Республики Казахстан порядке от государственных органов, организаций необходимую информацию и материалы;

      3) быть истцом и ответчиком в суде.

3. Организация деятельности Управления

      18. Руководство Управлением осуществляется руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Управление задач и осуществление им своих функций.

      19. Руководитель Управления назначается на должность и освобождается от должности распоряжением акима города Астаны в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

      20. Руководитель Управления имеет заместителей, которые назначаются на должности и освобождаются от должностей в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      21. Полномочия руководителя Управления:

      1) осуществляет руководство работой Управления;

      2) определяет обязанности и устанавливает степень ответственности работников Управления;

      3) в соответствии с законодательством Республики Казахстан назначает на должность освобождает от должностей работников Управления, вопросы трудовых отношений с которыми отнесены к его компетенции;

      4) в пределах своей компетенции издает приказы, инструкции, обязательные для исполнения работниками Управления;

      5) в пределах своей компетенции представляет интересы Управления в государственных органах и организациях в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      6) налагает дисциплинарные взыскания на работников Управления;

      7) утверждает положения об отделах Управления;

      8) противодействует коррупции в Управлении с установлением за это персональной ответственности;

      9) осуществляет иные полномочия в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      Исполнение полномочий руководителя Управления в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

      22. Руководитель определяет полномочия своих заместителей в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

4. Имущество Управления

      23. Управление может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан.

      Имущество Управления формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      24. Имущество, закрепленное за Управлением, относится к коммунальной собственности города Астаны.

      25. Управление не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выделенных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

5. Реорганизация и упразднение Управления

      26. Реорганизация и упразднение Управления осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

  Приложение 2
к постановлению акимата
города Астаны
от 28 февраля 2018 года № 113-374

Перечень некоторых постановлений акимата города Астаны признанных утратившими силу

      1. Постановление акимата города Астаны от 7 декабря 2016 года № 113-2447 "О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Астаны от 4 марта 2015 года № 113-319 "Об утверждении Положения о Государственном учреждении "Управление финансов города Астаны";

      2. Постановление акимата города Астаны от 10 мая 2017 года № 113-900 "О внесении изменений в некоторые постановления акимата города Астаны";

      3. Постановление акимата города Астаны от 21 июня 2017 года № 113-1277 "О внесении изменения и дополнения в постановление акимата города Астаны от 4 марта 2015 года № 113-319 "Об утверждении Положения о Государственном учреждении "Управление финансов города Астаны".