Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті төрағасы орынбасарларының, аумақтық бөлімше басшылары мен олардың орынбасарларының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2018 жылғы 12 маусымдағы № 358 бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2019 жылғы 5 тамыздағы № 429 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.08.2019 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ведомстволарын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 942 қаулысына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына, "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің құрылымы мен штат санын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Жауапты хатшысының 2018 жылғы 16 ақпандағы № 63 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті төрағасы орынбасарларының, аумақтық бөлімше басшылары мен олардың орынбасарларының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық қабылданған күнінен бастап күнтізбелік он күннің ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрық қабылданған күнінен бастап күнтізбелік он күннің ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Б.Т. Төкежановқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
А. Цой

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушысының
2018 жылғы 12 маусым № 358
бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті төрағасы орынбасарларының, аумақтық бөлімшелердің басшылары мен олардың орынбасарларының "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары

      Ескерту. Біліктілік талаптарының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.11.2018 жылғы № 637 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік фармацевтикалық инспекторының орынбасары, С-1 (1 бірлік) санаты, № 18-1-1

Өлшемшарттар Талаптар

Білімі

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (фармация) мамандықтары бойынша жоғары білім.

Кәсіби құзыреттілігі

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлауы, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлануы, тұтынушыға бағдарлануы, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Практикалық тәжірибесі

"Б" корпусының мемлекеттік әкімішілік лауазымдарын үлгілі біліктілік талаптарына сәйкес келуі.

Функционалдық міндеттері

Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника мәселелері бойынша Комитеттің орталық аппаратының және аумақтық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру. Еуразиялық экономикалық одақтың және Дүниежүзілік сауда ұйымының жұмыс топтарына қатысу, дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника саласындағы халықаралық ынтымақтастық. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын, 2017-2021 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын іске асыру. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру. Қазақстан Республикасының Ұлттық дәрілік саясатты іске асыруға қатысу. Халық пен денсаулық сақтау ұйымдарын қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрілік заттармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру саласында үйлестіру мен мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру. Әкімшілік құқық бұзушылық істерін қарау және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес әкімшілік жаза тағайындау. Жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын құзыреті шегінде қарау және олар бойынша тиісті шаралар қабылдау (қажет болған жағдайда). Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік фармацевтикалық инспекторының орынбасары (фармацевтикалық білімі болған кезде), С-1 (1 бірлік) санаты, № 18-1-2

Өлшемшарттар Талаптар

Білімі

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (фармация, медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық-профилактикалық іс) немесе құқық (құқықтану) мамандықтары бойынша жоғары білім.

Кәсіби құзыреттілігі

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлауы, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлануы, тұтынушыға бағдарлануы, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Практикалық тәжірибесі

"Б" корпусының мемлекеттік әкімішілік лауазымдарын үлгілі біліктілік талаптарын сәйкес келуі.

Функционалдық міндеттері

Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника мәселелері бойынша Комитеттің орталық аппаратының және аумақтық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру. Еуразиялық экономикалық одақтың және Дүниежүзілік сауда ұйымының жұмыс топтарына қатысу, дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника саласындағы халықаралық ынтымақтастық. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын, 2017-2021 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын іске асыру. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру. Қазақстан Республикасының Ұлттық дәрілік саясатты іске асыруға қатысу. Халық пен денсаулық сақтау ұйымдарын қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрілік заттармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру саласында үйлестіру мен мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру. Әкімшілік құқық бұзушылық істерін қарау және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес әкімшілік жаза тағайындау. Жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын құзыреті шегінде қарау және олар бойынша тиісті шаралар қабылдау (қажет болған жағдайда). Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті аумақтық бөлімшесінің басшысы (облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың бас мемлекеттік фармацевтикалық инспекторы), С-О-1 санаты (17 бірлік), №№ 18-2-1, 18-3-1, 18-4-1, 18-5-1, 18-6-1, 18-7-1, 18-8-1, 18-9-1, 18-10-1, 18-11-1, 18-12-1, 18-13-1, 18-14-1, 18-15-1, 18-16-1, 18-17-1, 18-18-1

      Ескерту. 3-кестенің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.11.2018 жылғы № 637 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Өлшемшарттар Талаптар

Білімі

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (фармация) мамандықтары бойынша жоғары білім.

Кәсіби құзыреттілігі

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлауы, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлануы, тұтынушыға бағдарлануы, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Практикалық тәжірибесі

"Б" корпусының мемлекеттік әкімішілік лауазымдарын үлгілі біліктілік талаптарын сәйкес келуі.

Функционалдық міндеттері

Департамент жұмысын басқару, үйлестіру, іске асыру, жоспарлау. Тиісті саладағы дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника, фармацевтикалық инспекция саласында, фармацевтикалық қызмет бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Жалған дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы іске асыруды болдырмау шараларын жүзеге асыру. Бағаларға мониторинг жүргізу мен бағаны қалыптастыру шараларын іске асыру. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру. Ұлттық дәрілік саясатты іске асыру. GхP стандарттарын енгізуді ұйымдастыру. Департамент қызметі мәселелері бойынша қызметкерлерге әдістемелік көмек көрсету. Қызметкерлерге мадақтау және тәртіптік жаза тағайындау шешімдерін қабылдау, сондай-ақ олардың орындарын ауыстыру. Департаментті білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімдері мен тәжірибелерін ұтымды пайдалану және одан әрі жетілдіру, орындаушылық және еңбек тәртіптерін, құжаттарды басқару жұмысының сапасын сақтауды қамтамасыз ету. Департамент қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет туралы, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы орындалуын қамтамасыз ету. Тәртіптік, аттестациялық, конкурстық және өзге де комиссия шешімдерін қабылдау. Жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын құзыреті шегінде қарау және олар бойынша тиісті шараларды қабылдау. Әкімшілік құқық бұзушылық істерін қарау және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жаза тағайындау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.

4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті аумақтық бөлімшесі басшысының орынбасары (облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың бас мемлекеттік фармацевтикалық инспекторының орынбасары) С-О-2 санаты (17 бірлік), №№ 18-2-2, 18-3-2, 18-4-2, 18-5-2, 18-6-2, 18-7-2, 18-8-2, 18-9-2, 18-10-2, 18-11-2, 18-12-2, 18-13-2, 18-14-2, 18-15-2, 18-16-2, 18-17-2, 18-18-2

      Ескерту. 4-кестенің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.11.2018 жылғы № 637 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Өлшемшарттар Талаптар

Білімі

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (фармация) мамандықтары бойынша жоғары білім.

Кәсіби құзыреттілігі

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлауы, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлануы, тұтынушыға бағдарлануы, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Практикалық тәжірибесі

"Б" корпусының мемлекеттік әкімішілік лауазымдарын үлгілі біліктілік талаптарын сәйкес келуі.

Функционалдық міндеттері

Департамент жұмысын жалпы басқару, үйлестіру, іске асыру, жоспарлау. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника, фармацевтикалық инспекция саласында, фармацевтикалық қызмет бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Жалған дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы іске асыруды болдырмау шараларын жүзеге асыру. Бағаларға мониторинг жүргізу мен бағаны қалыптастыру шараларын, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру. Ұлттық дәрілік саясатты іске асыру. Департамент қызметі мәселелері бойынша қызметкерлерге әдістемелік көмек көрсету. Қызметкерлерді мадақтау және тәртіптік жаза тағайындау туралы ұсыныстар енгізу, сондай-ақ олардың орындарын ауыстыру. Департамент қызметкерлерімен орындаушылық және еңбек тәртіптерін, құжаттарды басқару жұмысының сапасын сақтауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету. Тәртіптік, аттестациялық, конкурстық және өзге де комиссиялардың қызметтерін ұйымдастыру. Жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын құзыреті шегінде қарау және олар бойынша тиісті шаралар қабылдау. Әкімшілік құқық бұзушылық істерін қарау және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жаза тағайындау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.


Об утверждении квалификационных требований к административным государственным должностям корпуса "Б" заместителей председателя Комитета фармации Министерства здравоохранения Республики Казахстан, руководителей территориальных подразделений и их заместителей

Приказ и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 12 июня 2018 года № 358. Утратил силу приказом и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 5 августа 2019 года № 429 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратил силу приказом и.о. Министра здравоохранения РК от 05.08.2019 № 429 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 4 статьи 17 Закона Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2017 года № 942 "О реорганизации ведомств Министерства здравоохранения Республики Казахстан", Типовыми квалификационными требованиями к административным государственным должностям корпуса "Б", утвержденными приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 13 декабря 2016 года № 85 и приказом Ответственного секретаря Министерства здравоохранения Республики Казахстан от 16 февраля 2018 года № 63 "Об утверждении структуры и штатной численности Комитета фармации Министерства здравоохранения Республики Казахстан и его территориальных подразделений", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые квалификационные требования к административным государственным должностям корпуса "Б" заместителей председателя Комитета фармации Министерства здравоохранения Республики Казахстан, руководителей территориальных подразделений и их заместителей.

      2. Комитету фармации Министерства здравоохранения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) в течение десяти календарных дней после дня принятия настоящего приказа направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после принятия настоящего приказа его размещение на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на ответственного секретаря Министерства здравоохраненяи Республики Казахстан Токежанова Б.Т.

      4. Настоящий приказ вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности
Министра здравоохранения
Республики Казахстан
А. Цой

  Утверждены приказом
Исполняющего обязанности
Министра здравоохранения
Республики Казахстан
от 12 июня 2018 года № 358

Квалификационные требования к административным государственным должностям корпуса "Б" заместителей председателя Комитета фармации Министерства здравоохранения Республики Казахстан, руководителей территориальных подразделений и их заместителей

      Сноска. Загодовок в редакции приказа Министра здравоохранения РК от 21.11.2018 № 637 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

1. Заместитель председателя Комитета фармации Министерства здравоохранения Республики Казахстан – заместитель главного государственного фармацевтического инспектора Республики Казахстан, категория С-1 (1 единица), № 18-1-1

Критерии

Требования

Образование

Высшее образование по специальностям здравоохранение и социальное обеспечение (фармация)

Профессиональная компетентность

Инициативность, коммуникативность, аналитичность, организованность, этичность, ориентация на качество, ориентация на потребителя, нетерпимость к коррупции, стратегическое мышление, лидерство

Практический опыт

Согласно Типовым квалификационным требованиям к административным государственным должностям корпуса "Б"

Функциональные обязанности

Координация деятельности центрального аппарата Комитета и территориальных подразделений по вопросам обращения лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. Участие в рабочих группах Евразийского экономического союза и Всемирной торговой организации, международного сотрудничества в сфере обращения лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. Реализация государственной программы развития здравоохранения Республики Казахстан "Денсаулық" на 2016-2019 годы, Стратегического плана на 2017-2021 годы. Участие в разработке нормативных правовых актов в сфере обращения лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. Формирование и реализация государственной политики. Участие в реализации Национальной лекарственной политики Республики Казахстан. Осуществление координации и государственного управления в области организации обеспечения населения и организаций здравоохранения безопасными, эффективными и качественными лекарственными средствами, изделиями медицинского назначения и медицинской техники. Рассмотрение дел об административных правонарушениях и наложение административных взысканий в порядке, установленном Кодексом Республики Казахстан об административных правонарушениях. Рассмотрение обращений физических и юридических лиц в пределах компетенции и принятие по ним необходимых мер (при необходимости). Выполнение иных обязанностей в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

2. Заместитель председателя Комитета фармации Министерства здравоохранения Республики Казахстан – заместитель главного государственного фармацевтического инспектора Республики Казахстан (при наличии фармацевтического образования), категория С-1 (1 единица), № 18-1-2

Критерии

Требования

Образование

Высшее образование по специальностям здравоохранение и социальное обеспечение (фармация, медицина, общественное здравоохранение, медико-профилактическое дело) или право (юриспруденция)

Профессиональная компетентность

Инициативность, коммуникативность, аналитичность, организованность, этичность, ориентация на качество, ориентация на потребителя, нетерпимость к коррупции, стратегическое мышление, лидерство

Практический опыт

Согласно Типовым квалификационным требованиям к административным государственным должностям корпуса "Б"

Функциональные обязанности

Координация деятельности центрального аппарата Комитета и территориальных подразделений по вопросам обращения лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. Участие в рабочих группах Евразийского экономического союза и Всемирной торговой организации, международного сотрудничества в сфере обращения лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. Реализация государственной программы развития здравоохранения Республики Казахстан "Денсаулық" на 2016-2019 годы, Стратегического плана на 2017-2021 годы. Участие в разработке нормативных правовых актов в сфере обращения лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. Формирование и реализация государственной политики. Участие в реализации Национальной лекарственной политики Республики Казахстан. Осуществление координации и государственного управления в области организации обеспечения населения и организаций здравоохранения безопасными, эффективными и качественными лекарственными средствами, изделиями медицинского назначения и медицинской техники. Рассмотрение дел об административных правонарушениях и наложение административных взысканий в порядке, установленном Кодексом Республики Казахстан об административных правонарушениях. Рассмотрение обращений физических и юридических лиц в пределах компетенции и принятие по ним необходимых мер (при необходимости). Выполнение иных обязанностей в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

3. Руководитель территориального подразделения Комитета фармации Министерства здравоохранения Республики Казахстан (главный государственный фармацевтический инспектор области, городов республиканского значения и столицы), категория С-О-1 (17 единиц), № 18-2-1, 18-3-1, 18-4-1, 18-5-1, 18-6-1, 18-7-1, 18-8-1, 18-9-1, 18-10-1, 18-11-1, 18-12-1, 18-13-1, 18-14-1, 18-15-1, 18-16-1, 18-17-1, 18-18-1

      Сноска. Заголовок таблицы 3 в редакции приказа Министра здравоохранения РК от 21.11.2018 № 637 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

Критерии

Требования

Образование

Высшее образование по специальностям здравоохранение и социальное обеспечение (фармация)

Профессиональная компетентность

Инициативность, коммуникативность, аналитичность, организованность, этичность, ориентация на качество, ориентация на потребителя, нетерпимость к коррупции, стратегическое мышление, лидерство

Практический опыт

Согласно Типовым квалификационным требованиям к административным государственным должностям корпуса "Б"

Функциональные обязанности

Руководство, координация, реализация, планирование работы Департамента. Реализация государственной политики в сфере обращения лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники в соответствующей области. Осуществление государственного контроля в сфере обращения лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники, фармацевтической инспекции, оказание государственных услуг в фармацевтической деятельности. Осуществление мер по пресечению реализации фальсифицированных лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. Осуществление мер по проведению мониторинга цен и ценообразования. Реализация в государственной программы развития здравоохранения Республики Казахстан "Денсаулық" на 2016-2019 годы. Реализация Национальной лекарственной политики. Организация внедрения стандартов GхP установленного приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 27 мая 2015 года № 392. Оказание методологической помощи сотрудникам по вопросам деятельности Департамента. Принятие решений о поощрении и наложении дисциплинарных взысканий на сотрудников, а также их перемещении. Обеспечение Департамента квалифицированными кадрами, рациональное использование и развитие их профессиональных знаний и опыта, соблюдения исполнительской и трудовой дисциплины, качества работы по управлению документацией. Обеспечение исполнения сотрудниками Департамента законодательства Республики Казахстан о государственной службе, в том числе антикоррупционного законодательства. Принятие решений дисциплинарной, аттестационной, конкурсной и иных комиссий. Рассмотрение обращений физических и юридических лиц в пределах компетенции и принятие по ним необходимых мер. Рассмотрение дел об административных правонарушениях и наложению административных взысканий в соответствии с законодательством Республики Казахстан. Выполнение иных обязанностей в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

4. Заместитель руководителя территориального подразделения Комитета фармации Министерства здравоохранения Республики Казахстан (заместитель главного государственного фармацевтического инспектора области, городов республиканского значения и столицы), категория С-О-2 (17 единиц), № 18-2-2, 18-3-2, 18-4-2, 18-5-2, 18-6-2, 18-7-2, 18-8-2, 18-9-2, 18-10-2, 18-11-2, 18-12-2, 18-13-2, 18-14-2, 18-15-2, 18-16-2, 18-17-2, 18-18-2

      Сноска. Заголовок таблицы 4 в редакции приказа Министра здравоохранения РК от 21.11.2018 № 637 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

Критерии

Требования

Образование

Высшее образование по специальностям здравоохранение и социальное обеспечение (фармация)

Профессиональная компетентность

Инициативность, коммуникативность, аналитичность, организованность, этичность, ориентация на качество, ориентация на потребителя, нетерпимость к коррупции, стратегическое мышление, лидерство

Практический опыт

Согласно Типовым квалификационным требованиям к административным государственным должностям корпуса "Б"

Функциональные обязанности

Общее руководство, координация, реализация и планирование работы Департамента. Реализация государственной политики в сфере обращения лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. Осуществление государственного контроля в сфере обращения лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники, фармацевтической инспекции, оказание государственных услуг в фармацевтической деятельности. Реализация мер по пресечению фальсифицированных лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники, Реализация проведения мониторинга цен. Реализация Национальной лекарственной политики, государственной программы развития здравоохранения Республики Казахстан "Денсаулық" на 2016-2019 годы. Оказание методологической помощи сотрудникам по вопросам деятельности Департамента. Внесение предложений о поощрении и наложении дисциплинарных взысканий на сотрудников, а также их перемещении. Обеспечение соблюдения исполнительской и трудовой дисциплины, качественной организации работы по управлению документацией сотрудниками Департамента, кроме того исполнения законодательства Республики Казахстан о государственной службе, в том числе антикоррупционного законодательства. Организация деятельности дисциплинарной, аттестационной, конкурсной и иных комиссий. Рассмотрение обращений физических и юридических лиц в пределах компетенции и принятие по ним необходимых мер. Рассмотрение дел об административных правонарушениях и наложению административных взысканий в соответствии с законодательством Республики Казахстан. Выполнение иных обязанностей в соответствии с законодательством Республики Казахстан.