"Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның aумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушысының 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 58 бұйрығына (2019 жылғы 31 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу, келісу және бекіту;";
мынадай мазмұндағы 16), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 23), 24), 25), 26), 27), 28), 29), 30), 31), 32), 33), 34), 35), 36), 37), 38), 39), 40), 41), 42), 43), 44), 45), 46), 47), 48), 49), 50), 51), 52), 53), 54), 55), 56), 57), 58), 59), 60), 61), 62), 63), 64), 65), 66), 67), 68), 69), 70), 71), 72), 73), 74), 75), 76),77), 78), 79), 80), 81), 82), 83), 84), 85), 86), 87), 88), 89), 90), 91), 92), 93), 94), 95), 96), 97), 98), 99), 100), 101), 102), 103), 104), 105), 106), 107), 108), 109), 110), 111), 112), 113), 114), 115), 116), 117), 118), 119), 120), 121), 122), 123), 124), 125), 126), 127), 128), 129), 130), 131), 132), 133), 134), 135), 136), 137), 138), 139), 140), 141), 142), 143), 144), 145), 146), 147), 148), 149), 150), 151), 152), 153), 154), 155), 156), 157), 158), 159), 160), 161), 162), 163), 164), 165), 166), 167), 168) және 169) тармақшалармен толықтырылсын:
"16) автомобильмен тасымалдаушыларға автомобильмен халықаралық жүк тасымалын жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларын әзірлеу;
17) Қазақстан Республикасының аумағында жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын қолдану қағидаларын әзірлеу;
18) көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру тәртібін әзірлеу;
19) арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану қағидаларын әзірлеу;
20) белгіленген тәртіпке сәйкес тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау бойынша қызмет көрсетуге тарифтерді есептеу әдістемесін әзірлеу;
21) автомобиль көлігімен мүгедектерді тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын әзірлеу;
22) жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шартын әзірлеу;
23) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлерін әзірлеу;
24) жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидаларын әзірлеу;
25) автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларын әзірлеу;
26) автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын әзірлеу;
27) автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын әзірлеу;
28) автокөлiк құралдарын техникалық пайдалану қағидаларын әзірлеу;
29) Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобиль тасымалында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын әзірлеу;
30) Қазақстан Республикасының аумағында автокөлік құралдарымен тасымалдауға жол берілетін қауіпті жүктердің тізбесін әзірлеу;
31) Қазақстан Республикасының аумағында ірі көлемді және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін әзірлеу;
32) төтенше жағдайларды жоюға тасымалдаушыларды тарту қағидасын әзірлеу;
33) әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын әзірлеу;
34) тасымалдау процесіне қатысушылардың өзара технологиялық іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлеу;
35) табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша магистральдық теміржол желісінің жұмыс істеуі үшін технологиялық қажетті станциялық жолдардың, электрмен жабдықтау, сигнал беру, байланыс объектілерінің, құрылғылардың, жабдықтардың, ғимараттардың, құрылымдардың, құрылыстар мен өзге де объектілердің тізбесін әзірлеу;
36) тасымалдарды ұйымдастыруға және (немесе) тасымалдауға байланысты қызметтерді орындауға арналған шарттар бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету тәртібі мен шаралар тәртібін әзірлеу;
37) теміржол көлігімен тасымалдау кезінде әскерилендірілген күзет алып жүруге тиіс жүктердің тізбесін әзірлеу;
38) теміржол көлігі қызметкерлерін кәсіби үздік белгімен марапаттау тәртібін әзірлеу;
39) экспедиторлар қызметін көрсету қағидасын әзірлеу;
40) вагондар (контейнерлер) операторлары ұсынатын қызметтер қағидасын әзірлеу;
41) локомотивтік тартқыш қызметтерін көрсету қағидасын әзірлеу;
42) теміржол көлігін техникалық пайдалану қағидаларын әзірлеу;
43) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша магистральдық теміржол желісінің және кірме жолдардың қызметтеріне кіретін операциялардың тізбесін әзірлеу;
44) жылжымалы құрамды, арнайы жылжымалы құрамды сыныптау тізбесін әзірлеу;
45) поездардың қозғалысы және теміржол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;
46) Қазақстан Республикасында теміржол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу;
47) жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, жүктерді тасымалдау туралы және тасымалдау кезінде жылжымалы құрамды пайдалану туралы есеп жүргізу және есептілікті ұсыну тәртібін әзірлеу;
48) поездар қозғалысына байланысты терминдерді әзірлеу;
49) жолаушы поездарының құрамындағы жылжымалы құрамды тіркеу және оның бағытпен жүруінің тәртібін және шарттарын әзірлеу;
50) теміржол көлігіндегі табиғи монополиялар субъектілерінің шикізат пен материалдар, қосалқы бөлшектер, жабдықтар, жанармай, энергия шығыстарының, техникалық шығындарының техникалық және технологиялық үлгілік нормаларын әзірлеу;
51) теміржол вокзалдарының тізбесін олардың сыныбына сәйкес әзірлеу;
52) темiржол көлiгiмен тасымалдау кезiнде жүктердiң әскерилендiрiлген күзетiн қамтамасыз ету қағидасын әзірлеу;
53) әлеуметтік маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының тізбесін әзірлеу;
54) магистральдық темiржол желiсiне кiретiн магистральдық жолдардың тiзбесiн әзірлеу;
55) жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебінен салынған объектілерді магистральдық теміржол желісінің құрамына беру қағидаларын әзірлеу;
56) жолаушыларды облысаралық және халықаралық қатынастарда тасымалдауды ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу;
57) магистральдық темiржол желiсiн пайдалану қағидаларын әзірлеу;
58) темiржол көлiгiндегi қауiпсiздiк қағидаларын әзірлеу;
59) жол жүру құжаттарын (билеттерін) сатуды ұйымдастыру кезінде жолаушылар тасымалын басқарудың автоматтандырылған жүйесіне қол жеткізу және өзара технологиялық іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлеу;
60) темiржол көлiгiнiң қауiптiлiгi жоғары аймақтарда жолаушылардың, азаматтардың болуы және объектiлерді орналастыру, оларда жұмыс жүргiзу, темiржолдар арқылы жүру және өту қағидаларын әзірлеу;
61) шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларын әзірлеу;
62) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау қағидаларын әзірлеу;
63) теміржол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу;
64) теміржол вокзалдарының класын айқындау әдістемесін әзірлеу;
65) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалы бойынша көрсетілетін қызметтерге бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейлерін айқындау әдістемесін әзірлеу;
66) тасымалдауды жүзеге асыру кезінде Ұлттық теміржол компаниясы мен тасымалдаушылардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау қағидасын әзірлеу;
67) теңіз лоцмандарына арналған біліктілік талаптарын әзірлеу;
68) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған үлгі шартты әзірлеу;
69) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен вагондар (контейнерлер) операторларына вагондарды сатып алу үшін кредит және оларға қаржылық лизинг беру кезінде сыйақының мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын әзірлеу;
70) теңіз портының капитаны туралы ережені әзірлеу;
71) кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеп-тексеру қағидаларын әзірлеу;
72) теңіз кемелерін сыныптау және жасау қағидаларын әзірлеу;
73) теңіз кемелерінің жүк маркасы туралы қағидаларды әзірлеу;
74) теңіз кемелерінің жүк көтергіш құрылғыларын куәландыру қағидаларын әзірлеу;
75) теңіз кемелерінің экипаждарын азық-түлікпен қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу;
76) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының теңіз флоты кемелерінің жүзу құрамының жұмыс уақыты мен демалыс уақытын реттеу ерекшеліктері қағидасын әзірлеу;
77) кәсіби диплом үлгілерін, кәсіби диплом растамасын, теңізшілерге диплом беру қағидаларын әзірлеу;
78) кемелермен тасымалдауға арналған қауiптi жүктердiң тiзбесiн әзірлеу;
79) теңізде жүзу кітапшасының үлгісін, оны ресімдеу және беру тәртібін әзірлеу;
80) теңiз көлiгi, теңіз оқу-тренажер орталықтары мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын бiлiм беру ұйымдарын куәландыру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымды айқындау қағидасын әзірлеу;
81) теңiз кемелерiн жабдықтау жөнiндегi қағидаларды әзірлеу;
82) Қазақстан Республикасының теңіз порттарында және оларға кіреберістерде кемелердің жүзу және тұрақта тұру қағидаларын әзірлеу;
83) кеме құжаттарының тізбесін, кеме құжаттарын жүргізу қағидаларын және кеме құжаттарына қойылатын талаптарды әзірлеу;
84) жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын әзірлеу;
85) "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарды әзірлеу;
86) кеме кітабында мемлекеттік тіркелуге жататын кемелердегі көліктік оқиғаларды тергеу қағидаларын әзірлеу;
87) кеме жүргізушілерді шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларын әзірлеу;
88) шағын көлемді кемені және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидаларын әзірлеу;
89) кеме тарихын үздіксіз тіркеу журналын жүргізу тәртібі мен нысанын әзірлеу;
90) Қазақстан Республикасының теңіз көлігі кемелеріндегі қызмет жарғысын әзірлеу;
91) Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес теңіз көлігі мамандарын даярлау куәліктерінің тізбесі мен нысандарын әзірлеу;
92) теңiз порттарын салу үшiн оларды орналастыру қағидасын әзірлеу;
93) мұнаймен ластанудан болатын залал үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлікті беру қағидаларын әзірлеу;
94) палубалы шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау жөнінде қағидаларын әзірлеу;
95) Қазақстан Республикасының жеке куәлігінің, кәсіби дипломдардың, кәсіби дипломдарды растаудың, жеңілдік рұқсаттарының, теңізде жүзу кітапшаларының тізілімдерін жүргізу тәртібін әзірлеу;
96) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кеме экипажы мүшелерін медициналық қарап-тексеру қағидаларын, олардың денсаулығы мен дене жарамдылығына қойылатын талаптарды, сондай-ақ медициналық қорытындының нысанын әзірлеу;
97) теңіз көлігі, теңіз оқу-жаттығу орталықтары мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын куәландыру қағидаларын және оларға қойылатын талаптарды әзірлеу;
98) шағын көлемді кемелердің жүзу аудандарының разрядына қарай су бассейндерінің тізбесін әзірлеу;
99) лоцмандық қызмет туралы ережені әзірлеу;
100) ішкі су жолдары учаскелерінің тізбесін, міндетті лоцмандық алып өтуге жататын кемелердің үлгілері мен көлемдерін әзірлеу;
101) пайдаланылатын кемелерді куәландыру қағидаларын әзірлеу;
102) кемелерді жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау қағидаларын әзірлеу;
103) кемелердің кеме қатынасы шлюздері арқылы өту қағидаларын әзірлеу;
104) ішкі суда жүзетін кемелерді және аралас "өзен – теңіз" суларында жүзетін кемелерді жаңарту жөніндегі қағидаларды әзірлеу;
105) техникалық флот кемелерін жаңарту жөніндегі қағидаларды әзірлеу;
106) ішкі суда жүзетін кемелерді жасау қағидаларын әзірлеу;
107) суға кеткен мүлікті көтеріп шығару тәртібі мен мерзімдерін әзірлеу;
108) кемелердің командалық құрамының адамдарына арналған дипломның нысанын әзірлеу;
109) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кеме қатынайтын су жолдарымен кемелердің жүзуі туралы есептіліктің нысандары мен мерзімдерін, сондай-ақ оны құрастыру тәртібін әзірлеу;
110) кеме қатынайтын су жолдарымен кемелердің жүзуі туралы есептілікті жасау қағидаларын әзірлеу;
111) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша ішкі су көлігі кемелеріндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қағидаларды әзірлеу;
112) ішкi су жолдарын пайдалану қағидаларын әзірлеу;
113) кеменi, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларын әзірлеу;
114) жағалау белдеуiн пайдалану қағидасын әзірлеу;
115) кемелердi лоцмандық алып өтудi жүзеге асыру қағидасын әзірлеу;
116) біліктілік комиссиялары туралы ережені, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларын әзірлеу;
117) кемелердің портқа кіру және порттан шығу, кемелердің порт акваториясы мен порттағы тұрақ шегінде жүзу қағидаларын әзірлеу;
118) кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін айлаққа қою, тоқтату және олардың тұрақта тұруы үшін уақытша құрылғылар мен жүзу құрылыстарын қою, жолаушыларды кемеге отырғызу және одан түсіру, жүктерді тиеу, түсіру және сақтау қағидасын әзірлеу;
119) ішкі су көлігінде жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын әзірлеу;
120) ішкі су жолдарында кемелермен, оның ішінде шағын көлемді кемелермен болған көлік оқиғаларын тергеуді, оларды сыныптауды және есепке алуды жүргізу қағидаларын әзірлеу;
121) ішкі суда жүзетін кемелерді техникалық пайдалану қағидаларын әзірлеу;
122) ішкі су жолдарымен жүзу қағидаларын әзірлеу;
123) "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кемелердегі қызмет жарғысын әзірлеу;
124) кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін сүйреу қағидаларын әзірлеу;
125) кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды (шлюздерді) техникалық пайдалану, тексеру және жөндеу қағидаларын әзірлеу;
126) жылжымалы құрамның қызмет мерзімін ұзарту қағидаларын әзірлеу;
127) күзет аймағындағы жерлердің көлемдерін, пайдалану режимін айқындау жөніндегі және теміржол көлігінің мұқтаждарына бөлінген белдеудегі жерлерді пайдалану қағидаларын әзірлеу;
128) пайдаланылған кемелердің элементтерін пайдалана отырып, ішкі және аралас "өзен-теңіз" суларында жүзетін кемелерді жасау қағидаларын әзірлеу;
129) теңіз портының мiндеттi түрде көрсететін қызметтерінің тiзбесiн әзірлеу;
130) қауiптi жүктердi тасымалдау қағидаларын әзірлеу;
131) кемелерді және порт құралдарын күзету жөніндегі қағидалар мен талаптарды әзірлеу;
132) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және өзге де елді мекендердің жергілікті өкілді және атқарушы органдарымен келісу бойынша теміржол станцияларының, разъездердің жұмыс режиміне қойылатын талаптарды, сондай-ақ оларды ашу және жабу тәртібін әзірлеу;
133) нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар теміржол көлігіндегі мемлекеттік бақылау қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін, нысанды киімнің (погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру тәртібін және айырым белгілерін әзірлеу;
134) қалалық рельсті көлікті күтіп-ұстау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу тәртібін әзірлеу;
135) жаңадан салынып жатқан жолдардың жұмыс iстеп тұрған кiрме жолдарға жалғасуын келісу тәртібін әзірлеу;
136) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша теміржол көлігіндегі мемлекеттік бақылау қызметкерлерін нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын әзірлеу;
137) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша автомобиль көлiгi саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның лауазымды адамдарын нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын әзірлеу;
138) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша теңіз көлігіндегі мемлекеттік бақылау қызметкерлерін нысанды киiммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын әзірлеу;
139) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша нысанды киім (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар мемлекеттiк қадағалау қызметкерлерiн қамтамасыз етудің заттай нормаларын әзірлеу;
140) автомобиль көлiгi саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның нысанды киiм (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар лауазымды адамдарының тiзбесiн, нысанды киiмнiң (погонсыз), нөмiрлi омырау белгiлерiнiң, қызметтiк куәлiктiң үлгiлерiн әзірлеу;
141) нысанды киiм (погонсыз) берілетін теңіз көлігіндегі мемлекеттік бақылау қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін, нысанды киiмнің және айырым белгiлерiнің үлгiлерiн, нысанды киiм (погонсыз) киiп жүру тәртiбiн әзірлеу;
142) нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар мемлекеттік бақылау және қадағалау қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін, нысанды киімнің (погонсыз) және айырым белгілерінің үлгілерін, сондай-ақ оны киіп жүру тәртібін әзірлеу;
143) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесін әзірлеу;
144) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу кезеңділігін әзірлеу;
145) міндетті техникалық қарап-тексеру жүргізу бойынша қызметтер құнын айқындау әдістемесін әзірлеу;
146) авариялар мен апаттар кезіндегі шұғыл шақыру жүйесі операторының функцияларын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындау қағидаларын әзірлеу;
147) авариялар мен апаттар кезіндегі шұғыл шақыру жүйесін ұйымдастыру және пайдалану қағидаларын әзірлеу;
148) Ұлттық теңіз тасымалдаушысы туралы ережені әзірлеу;
149) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен вагондар (контейнерлер) операторларының вагондарды сатып алуын кредиттеу және олардың қаржылық лизингі кезінде сыйақының мөлшерлемесін субсидиялаудың үлгілік шартын әзірлеу;
150) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша су көлігі саласындағы мамандықтар бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлеу;
151) жолаушылар поездарды тексеруді тағайындау туралы актіні есепке алу журналын жүргізу тәртібі мен оның нысанын әзірлеу;
152) поездардың қозғалысына тікелей байланысты теміржол көлігі жұмыскерлерінің кәсіби даярлығы мен денсаулығы жөніндегі талаптарды әзірлеу;
153) Қазақстан Республикасының теңіз көлiгіндегi экспедиторлық қызметтi жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;
154) кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркеу туралы ақпарат беру қағидаларын әзірлеу;
155) мемлекеттік кеме тізілімінің, жалға алынған шетелдік кемелер тізілімінің және кеме кітабының нысандарын әзірлеу;
156) ішкі су көлігі саласында кеме атауын беру тәртібін әзірлеу;
157) қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу тәртібін әзірлеу;
158) "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарын әзірлеу;
159) актілер нысандарын, оларды жасау тәртібін және актілерді жасауды талап етпейтін жағдайларды куәландыру тәртібін әзірлеу;
160) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша теңізшілердің еңбегі мен олардың еңбекақысын реттеу ерекшеліктері қағидаларын әзірлеу;
161) мемлекеттік меншік болып табылатын теміржолдар арқылы теміржол қатынасын тоқтату тәртібін әзірлеу;
162) жылжымалы құрамды және оның кепілін міндетті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) тәртібін әзірлеу;
163) табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен бірлесіп, табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын бекіту;
164) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу;
165) кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын әзірлеу;
166) табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органмен бірлесіп, тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту кезінде ескерілетін порттар саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) әзірлеу;
167) шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кемелерді гидрографиялық, ғылыми, гидротехникалық, құтқару қызметіне және сауда мақсатында теңiзде жүзумен байланысты өзге де қызметке пайдалануды жүзеге асыруға рұқсат беру тәртібін әзірлеу және рұқсат беру;
168) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша кірме жолдардың көрсетілетін қызметтеріне кіретін операциялар тізбесін әзірлеу;";
169) теміржолдарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу қағидаларын әзірлеу.";
16-тармақтың 4-30) тармақшасы мынадай редакция жазылсын:
"4-30) жылжымалы құрам мемлекеттік тізілімінен алып тастау тәртібін әзірлеу;";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің "Шымкент қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
7-тармақ мынадай редакция жазылсын:
"7. Инспекцияның орналасқан жері:
Қазақстан Республикасы, 160019, Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Ә. Молдағұлова көшесі, 4Б ғимараты.";
13-тармақтың 20) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"20) жылжымалы теміржол құрамының мемлекеттік тіркелуін бақылауды жүзеге асыру;".
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрық бекітілген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Б. Атамқұлов |