"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 20 қазандағы № 62 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 26 сәуірдегі № 143 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 20 қазандағы № 62 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Энергетика Министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің Ережесінде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Комитеттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000 Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, № 8 ғимарат";

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы аумақтық органдардың – республикалық мемлекеттік мекемелердің тізімінде:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      1) "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің" "Нұр-Сұлтан қаласы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің тиісті облыстағы, Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы аумақтық органы – экология департаменті туралы ережеде:

      Тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің тиісті облыстағы, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы аумақтық органы – экология департаменті туралы ереже";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының/тиісті облыстардың Бас мемлекеттік экологиялық инспекторлары Басшының орынбасарлары болып табылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бір ай мерзімде бұйрықтың көшірмесін қоса бере отырып, Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментіне хабарлауды;

      3) осы бұйрық қолданысқа енгізілген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Энергетика министрі Қ. Бозымбаев

О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 20 октября 2014 года № 62 "Об утверждении положений республиканского государственного учреждения "Комитет экологического регулирования и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан" и его территориальных органов"

Приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 26 апреля 2019 года № 143

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 20 октября 2014 года № 62 "Об утверждении положений республиканского государственного учреждения "Комитет экологического регулирования и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан" и его территориальных органов" следующие изменения:

      в Положении республиканского государственного учреждения "Комитет экологического регулирования и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан", утвержденном указанным приказом:

      пункт 8 изложить в следующей редакции:

      "8. Юридический адрес Комитета: Республика Казахстан, 010000, город Нур-Султан, район "Есиль", проспект Мангилик Ел, здание № 8.";

      в перечне республиканских государственных учреждений –территориальных органов, находящихся в ведении Комитета экологического регулирования и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан:

      подпункт 1) изложить в следующей редакции:

      "1) Республиканское государственное учреждение "Департамент экологии по городу Нур-Султан Комитета экологического регулирования и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан";";

      в Положении о территориальном органе – департаменте экологии соответствующей области, городов Астаны, Алматы и Шымкент Комитета экологического регулирования и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан, утвержденном указанным приказом:

      Заголовок изложить в следующей редакции:

      "Положение о территориальном органе – департаменте экологии соответствующей области, городов Нур-Султан, Алматы и Шымкент Комитета экологического регулирования и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан";

      пункт 19 изложить в следующей редакции:

      "Главные государственные экологические инспекторы соответствующих областей/городов Нур-Султан, Алматы и Шымкент являются Заместителями Руководителя.".

      2. Комитету экологического регулирования и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) в течение десяти календарных дней со дня подписания настоящего приказа направление его копии в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) в месячный срок со дня подписания приказа извещение Департамента юстиции города Нур-Султан с приложением копии приказа;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства энергетики Республики Казахстан и Комитета экологического регулирования и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан в течение десяти календарных дней со дня его вступления в действие.

      3. Настоящий приказ вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Министр энергетики
Республики Казахстан
К. Бозумбаев