Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 22.10.2021 № 326 бұйрығымен.
"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 23 наурыздағы № 6 Жарлығына, "Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 415 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 146 бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Комитеттің заңды мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, "Министрліктер үйі" ғимараты, № 15 кіреберіс.";
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы" республикалық мемлекеттік мекемесі.".
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмелерін электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитетінің интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі |
А. Райымқұлова |