Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.03.2023 № 152 бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Жауапты хатшысының 2019 жылғы 1 тамыздағы № 7-Ө бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы, Министрлікке ведомстволық бағынысты заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өзінің атауы, мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Комитеттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, "Сарыарқа" ауданы, Әзірбайжан Мәмбетов көшесі, 32-үй.";
16-тармақ мынадай мазмұндағы 70-1) тармақшамен толықтырылсын:
"70-1) 2017 жылғы 27 желтоқсандағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған келісімшарттар бойынша уранды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге арналған келісімшарттар бойынша жұмыс тобы мақұлдаған жұмыс бағдарламасының жобасын келісу;"
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Комитеттің құқықтары мен міндеттері:
Комитет құқықтары:
1) өз құзыреті шегінде бұйрықтарды шығару;
2) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрау және алу;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
4) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, конкурстар және өзге шараларды өткізу;
5) қызметінің жетекшілік ететін бағыттары бойынша консультативтік-кеңесші органдарын (жұмыс топтарын, комиссияларды, кеңестерді) құру жөнінде ұсыныстар енгізу;
6) өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша сараптамаларға қатысу үшін тиісті мамандарды тарту;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге құқықтарды жүзеге асыру.
Комитеттің міндеттері:
1) Комитетке жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруды қамтамасыз ету;
2) өз құзыреті шегінде заңдарды және өзге нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде мемлекеттік құпияларды қорғау және заңмен қорғалатын жеке және заңды тұлғалардың мүдделері саласындағы заңдарды сақтауды қамтамасыз ету;
3) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер дайындау;
4) Комитет теңгеріміндегі мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету;
5) бухгалтерлік есепті жүргізу, бухгалтерлік және қаржылық есептілікті жасау және Министрлікке беру;
6) Комитетке бөлінген бюджеттік қаражатты толық, уақтылы және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
7) мемлекеттік сатып алу рәсімдерін "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізу;
8) Қазақстан Республикасы заңдарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;
9) Осы ережеге сәйкес Комитетке жүктелген функцияларды уақытылы және толық орындау.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Комитетті Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын төраға басқарады.";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Комитет төрағасының өкілеттіктері:
1) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;
2) Жауапты хатшыға Комитеттің және оның аумақтық органдарының құрылымы мен штат саны жөнінде ұсыныстар береді;
3) еңбек қатынасы мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес жоғарғы мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жататын қызметкерлерден басқа, Комитет қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
4) Министрліктің келісімі бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады, ұлттық компаниялардың басқарма төрағаларын қоспағанда;
5) Министрліктің Жауапты хатшысына аумақтық органдардың басшылары мен олардың орынбасарларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы, сондай-ақ оларды көтермелеу және тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсынымдар енгізеді;
6) еңбек қатынасы мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес жоғарғы мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жататын қызметкерлерден басқа, өзінің орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды, Комитет қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
7) өзінің құзыреті шегінде Комитетте және оның өңірлік органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шаралар қабылдайды және ол үшін жеке жауапкершілікке ие болады;
8) еңбек қатынасы мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес жоғарғы мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жататын қызметкерлерден басқа, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларын ынталандырады және оларға тәртіптік жаза қолданады;
9) еңбек қатынасы мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес жоғарғы мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жататын қызметкерлерден басқа, Комитет қызметкерлерін, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларын іссапарға жіберу, оларға еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, ынталандыру, үстемеақы мен сыйақы төлеу мәселелерін шешеді;
10) Комитеттің аумақтық органдарының басшы орынбасарларын іссапарға жіберу, оларға демалыстар беру мәселелерін шешеді;
11) Комитеттің аумақтық органдардың басшылары болмаған уақытта оның міндеттерін уақытша орындау басшы орынбасарына немесе Комитеттің аумақтық органның басқа қызметкеріне жүктеу бойынша ұсынымдар енгізеді;
12) Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің және өзінің құзіреті шегінде ведомстволық бағынысты ұйымдарының құрылтай құжаттарын, сондай-ақ Жауапты хатшымен келісе отырып, Комитеттің қарауындағы аумақтық органдардың ережелерін бекітеді;
13) Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдарының құрылымын бекітеді және штаттық кестесіне келісім береді;
14) нысаналы бюджет қаражаттары есебінен қаржыландырылатын объектілерді салуға жобалау-сметалық құжаттаманы немесе техника-экономикалық негіздемені заңнамада белгіленген тәртіппен бекітеді;
15) реттелетін салада мемлекеттік саясатты құру жөнінде ұсыныстарды әзірлейді;
16) аумақтық органдардың Комитетпен өзара іс-қимыл жасау құзыреті мен тәртібін анықтайды;
17) аумақтық органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың актілерінің қолданылуын жояды не толық немесе ішінара тоқтатады;
18) мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда сенімхатсыз Комитеттің өкілі болады;
19) заңдарға және Қазақстан Республикасының Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Комитет төрағасы болмаған кезде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Комитет төрағасының орынбасарларының өкілеттіктері:
1) өз өкілеттіктері шегінде Комитет қызметін үйлестіру;
2) төраға болмаған кезеңде Комитет қызметінің жалпы басшылығын жүзеге асыру;
3) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өзге қызметтерді жүзеге асыру.";
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзге анықталмаса, Комитет өзіне бекітілген және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе өзге тәсілмен жеке өкілдік етуге құқығы жоқ.".
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитеті:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шаралардың қабылдауын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Жауапты хатшы | С.Нұрлыбай |