"Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның aумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 58 бұйрығына (2019 жылғы 31 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
164) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"164) мемлекеттік кызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;";
мынадай мазмұндағы 170), 171), 172), 173), 174) және 175) тармақшалармен толықтырылсын:
"170) магистральдық теміржол желісін және теміржол көлігінің жылжымалы құрамын дамыту мақсатында шығарылған тасымалдаушының облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын әзірлеу;
171) магистральдық теміржол желісін және теміржол көлігінің жылжымалы құрамын дамыту мақсатында шығарылған тасымалдаушының облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға арналған үлгілік шартты әзірлеу;
172) магистральдық, станциялық жолдарды және магистральдық теміржол желісінің өзге де объектілерін магистральдық, станциялық жолдар және магистральдық теміржол желісінің жұмыс істеуі үшін технологиялық тұрғыдан қажетті өзге де объектілер тізбесіне енгізу және одан алып тастау қағидаларын әзірлеу;
173) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау қағидаларын әзірлеу;
174) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесін әзірлеу;
175) су объектілерін кеме қатынасы санатына жатқызу қағидаларын және кеме қатынасы су жолдарының тізбесін әзірлеу.";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Комитеттің қызметкерлері қызметтік бір үлгідегі киімді киюі, нөмірлі төс белгілерінің және қызметтік куәліктері не сәйкестендіру карталары болуы мүмкін";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің "Ақмола облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Инспекция қызметкерлері қызметтік бір үлгідегі киімді киюі, нөмірлі төс белгілерінің және қызметтік куәліктері не сәйкестендіру карталары болуы мүмкін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің "Маңғыстау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Инспекция қызметкерлері қызметтік бір үлгідегі киімді киюі, нөмірлі төс белгілерінің және қызметтік куәліктері не сәйкестендіру карталары болуы мүмкін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің "Ақтөбе облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Инспекция қызметкерлері қызметтік бір үлгідегі киімді киюі, нөмірлі төс белгілерінің және қызметтік куәліктері не сәйкестендіру карталар болуы мүмкін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің "Нұр-Сұлтан қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Инспекция қызметкерлері қызметтік бір үлгідегі киімді киюі, нөмірлі төс белгілерінің және қызметтік куәліктері не сәйкестендіру карталары болуы мүмкін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің "Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Инспекция қызметкерлері қызметтік бір үлгідегі киімді киюі, нөмірлі төс белгілерінің және қызметтік куәліктері не сәйкестендіру карталары болуы мүмкін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің "Шығыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Инспекция қызметкерлері қызметтік бір үлгідегі киімді киюі, нөмірлі төс белгілерінің және қызметтік куәліктері не сәйкестендіру карталары болуы мүмкін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің "Алматы қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Инспекция қызметкерлері қызметтік бір үлгідегі киімді киюі, нөмірлі төс белгілерінің және қызметтік куәліктері не сәйкестендіру карталары болуы мүмкін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің "Жамбыл облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Инспекция қызметкерлері қызметтік бір үлгідегі киімді киюі, нөмірлі төс белгілерінің және қызметтік куәліктері не сәйкестендіру карталары болуы мүмкін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің "Батыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Инспекция қызметкерлері қызметтік бір үлгідегі киімді киюі, нөмірлі төс белгілерінің және қызметтік куәліктері не сәйкестендіру карталары болуы мүмкін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің "Қарағанды облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Инспекция қызметкерлері қызметтік бір үлгідегі киімді киюі, нөмірлі төс белгілерінің және қызметтік куәліктері не сәйкестендіру карталары болуы мүмкін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің "Қостанай облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Инспекция қызметкерлері қызметтік бір үлгідегі киімді киюі, нөмірлі төс белгілерінің және қызметтік куәліктері не сәйкестендіру карталары болуы мүмкін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің "Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Инспекция қызметкерлері қызметтік бір үлгідегі киімді киюі, нөмірлі төс белгілерінің және қызметтік куәліктері не сәйкестендіру карталары болуы мүмкін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің "Павлодар облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Инспекция қызметкерлері қызметтік бір үлгідегі киімді киюі, нөмірлі төс белгілерінің және қызметтік куәліктері не сәйкестендіру карталары болуы мүмкін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің "Солтүстік Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Инспекция қызметкерлері қызметтік бір үлгідегі киімді киюі, нөмірлі төс белгілерінің және қызметтік куәліктері не сәйкестендіру карталары болуы мүмкін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің "Алматы облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Инспекция қызметкерлері қызметтік бір үлгідегі киімді киюі, нөмірлі төс белгілерінің және қызметтік куәліктері не сәйкестендіру карталары болуы мүмкін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің "Түркістан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Инспекция қызметкерлері қызметтік бір үлгідегі киімді киюі, нөмірлі төс белгілерінің және қызметтік куәліктері не сәйкестендіру карталары болуы мүмкін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің "Шымкент қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Инспекция қызметкерлері қызметтік бір үлгідегі киімді киюі, нөмірлі төс белгілерінің және қызметтік күәліктері не сәйкестендіру карталары болуы мүмкін.".
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрық бекітілген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Б. Атамқұлов |