БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 31 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
1) 15-тармақта:
"Ведомствоаралық үйлестіру басқармасы" деген бөлімде:
"реттеуші" деген кіші бөлім:
мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
"өз құзыреті шегінде техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттарды әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;";
"іске асырылатын" деген кіші бөлім:
мынадай мазмұндағы алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші абзацтармен толықтырылсын:
"Үкіметтік емес ұйымдардың деректер қорын қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асыру;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, сондай-ақ Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды, оның ішінде халықаралық шарттарды әзірлеу және жасасу;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасауды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
мемлекеттік органдардың мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіру;
Комитеттің құзыреті шегінде Мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және оны жаңарту;";
"Азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл басқармасы" деген бөлімде:
"іске асырылатын" деген кіші бөлім:
мынадай мазмұндағы он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тогызыншы, жиырмасыншы және жиырма бірінші абзацтармен толықтырылсын:
"уәкілетті органның жанынан Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесін құру, оның ережесі мен құрамын бекіту;
тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды әзірлеу;
Комитет реттейтін салаларда жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету жөніндегі ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасауды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
мемлекеттік органдардың мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіру;
Комитеттің құзыреті шегінде Мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және оны жаңарту;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарға талап қою;";
"Азаматтық бастамаларды қолдау басқармасы" деген бөлімде:
"іске асыру" деген кіші бөлім:
мынадай мазмұндағы он сегізінші, он тогызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы және жиырма жетінші абзацтармен толықтырылсын:
"тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды әзірлеу;
Комитет реттейтін салаларда жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету жөніндегі ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру;
ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасауды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
мемлекеттік органдардың мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіру;
Комитеттің құзыреті шегінде Мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және оны жаңарту;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарға талап қою;";
"Талдау және жоспарлау басқармасы" деген бөлімде:
"іске асыру" деген кіші бөлім:
мынадай мазмұндағы он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы және он жетінші абзацтармен толықтырылсын:
"тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды әзірлеу;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету жөніндегі ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасауды жүзеге асыру;
мемлекеттік органдардың мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіру;
Комитеттің құзыреті шегінде Мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және оны жаңарту;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;";
"Қоғамдық-саясы жұмыс басқармасы" деген бөлімде:
"реттеу" деген кіші бөлім:
мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының айырым белгілерінің нысандарын әзірлеу және бекіту;";
"іске асыру" деген кіші бөлім:
мынадай мазмұндағы алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші және он алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
"Басқарманың құзыреті шегінде медиацияны дамытуға және үйлестіруге жәрдемдесу;
тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды әзірлеу;
Комитет реттейтін салаларда жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша саяси партиялармен, коммерциялық емес ұйымдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету жөніндегі ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасауды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
мемлекеттік органдардың мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіру;
Комитеттің құзыреті шегінде Мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және оны жаңарту;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарға талап қою;";
"Қайырымдылық және волонтерлік мәселелері басқармасы" деген бөлімде:
"реттеу" деген кіші бөлім:
мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
"Жыл волонтері" халықаралық сыйлығын беру қағидаларын әзірлеу;";
"іске асыру" деген кіші бөлім:
мынадай мазмұндағы он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші және жиырма алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
"Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының атынан жасалатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, сондай-ақ Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды, оның ішінде халықаралық шарттарды әзірлеу және жасасу;
тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды әзірлеу;
Комитет реттейтін салаларда жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету жөніндегі ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасауды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
мемлекеттік органдардың мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіру;
Комитеттің құзыреті шегінде мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және оны жаңарту;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарға талап қою;";
"Комитеттің қарамағындағы ұйым" деген 6-тарау алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы тіркеуші органға хабарлауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі |
А. Балаева |
"Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму істері министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) ведомствасы өзіне жүктелген функцияларды іске асыратын мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар беруді, волонтерлық қызметі, қоғамдық кеңестер қызметі, қайырымдылық, медиация және ішкі саясат тұрақтылық салаларында басшылықты жүзеге асырады.
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілдегі өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазынашылық органдарында ашылатын есеп шоттары болады.
4. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi.
5. Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілсе, оның мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының немесе оның міндетін атқаратын адамның бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Комитеттің штат санының лимиті және құрылымы қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Комитетің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, № 15 кіреберіс.
9. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
13. Комитет:
1) Ведомствоаралық үйлестіру басқармасы;
2) Азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл басқармасы;
3) Азаматтық бастамаларды қолдау басқармасы;
4) Талдау және жоспарлау басқармасы;
5) Қоғамдық - саяси жұмыс басқармасы;
6) Қайырымдылық және волонтерлік мәселелері басқармасынан тұрады.
2-тарау. Комитеттің міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері
14. Міндеттері:
1) мемлекеттік пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы, ішкі саяси тұрақтылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру, волонтерлік қызмет, қоғамдық кеңестердің қызметі, қайырымдылық, дамытуға жәрдемдесу және медиация саласында үйлестіру, мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
2) Комитеттің құзыретіне жататын қызмет салаларында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
3) Комитетке жүктелген өзге де міндеттер.
15. Комитеттің функциялары:
Фунциялар:
Ведомствоаралық үйлестіру басқармасы:
реттеуші:
адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және келісу;
үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорын қалыптастыру қағидаларын әзірлеу;
өз құзыреті шегінде техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттарды әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
іске асырылатын:
басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
басқарманың құзыреті шегінде заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;
басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;
үкіметтік емес ұйымдардың қызметі саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
басқарманың қызметі мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорын қалыптастыру және жүргізуді жүзеге асыру;
үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына енгізу үшін ұсынылатын мәліметтерді тексеруді жүзеге асыру
Комитеттің құзыретіне жататын мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындалуын, мақсатты индикаторларына, көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша жұмысты қамтамасыз ету;
басқарма мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруға және мониторингті іске асыруға және бағалау қорытындысына қатысу;
тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды әзірлеу;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, сондай-ақ Комитет реттейтін келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды, оның ішінде халықаралық шарттарды әзірлеу және жасасу;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету; ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;
Министрліктің интернет-ресурсында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын және іске асырылатын тақырыптарын және Басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды орналастыру;
Комитеттің құзыретіне жататын Мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және жаңарту;
Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерімен көзделген басқа да функцияларды жүзеге асыру.
Азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл басқармасы:
реттеуші:
басқарманың құзыреті шегінде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және келісу;
іске асырылатын:
басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
басқарманың құзыреті шегінде заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;
басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;
басқарманың қызметі мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылын дамыту, оның ішінде Қазақстанның Азаматтық форумын өткізу;
Азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылды қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
басқарма мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруға және мониторингті іске асыруға және нәтижелерін бағалауға қатысу;
Министрліктің интернет-ресурсында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын және іске асырылатын тақырыптарын және Басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды орналастыру;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша республикалық және жергілікті деңгейде құрылған қоғамдық кеңестермен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
қоғамдық кеңестердің қызметін үйлестіру және әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
қоғамдық кеңестер қызметі мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
уәкілетті органның жанынан үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі Үйлестіру кеңесін құру, оның ережесі мен құрамын бекіту;
уәкілетті органның жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі Үйлестіру кеңесінің қызметін ұйымдастыру;
Комитеттің құзыретіне жататын мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындалуын, мақсатты индикаторларына, көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша жұмысты қамтамасыз ету;
Комитет құзыреті шегінде шетелдік серіктестермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту;
тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды әзірлеу;
Комитет реттейтін салаларда жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелерге қатысты мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету бойынша ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;
Комитеттің құзыретіне жататын Мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және жаңарту;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарға талап қою;
Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерімен көзделген басқа да функцияларды жүзеге асыру.
Азаматтық бастамаларды қолдау басқармасы:
реттеуші:
басқарманың құзыреті шегінде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және келісу;
үкіметтік емес ұйымдар үшін гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;
үкіметтік емес ұйымдарға гранттар беру жоспарын әзірлеу;
үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператордың оның қызметінің нәтижелері туралы есебін қарау;
мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс нәтижелерін қалыптастыру, іске асыру мониторингі және бағалау қағидаларын әзірлеу;
үкіметтік емес ұйымдарға сыйлықтар беру қағидаларын әзірлеу.
іске асырылатын:
басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
басқарманың құзыреті шегінде заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;
басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;
басқарманың қызметі мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін қалыптастыру, іске асыру, іске асыру мониторингі және бағалау бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;
орталық және жергілікті денгейде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыруды, іске асыру мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсету;
мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингін жүзеге асыру;
мемлекеттік органдар іске асыратын мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты Министрліктің интернет-ресурсында орналастыру;
мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жүзеге асыру бойынша мониторинг нәтижелерін Қазақстан Республикасы Үкіметіне ұсынуға ақпаратты дайындау;
мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы электрондық ақпараттық ресурстарды құру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың оларға қол жеткізуін ұйымдастыру;
үкіметтік емес ұйымдарға оператор арқылы гранттар беру;
үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператордың оның қызметінің нәтижелері туралы есебін қарау;
үкіметтік емес ұйымдарға сыйлықақылар берудің жұмыстарын ұйымдастыру;
басқарманың қызметі мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
Комиттетің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыруды, іске асыру мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру қызметін үйлестіру;
Министрліктің интернет-ресурсында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын және іске асырылатын тақырыптарын және Басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды орналастыру;
тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды әзірлеу;
Комитет реттейтін салаларда жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелерге қатысты мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету бойынша ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру;
ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;
Комитеттің құзыретіне жататын Мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және жаңарту;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарға талап қою;
Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерімен көзделген басқа да функцияларды жүзеге асыру.
Талдау және жоспарлау басқармасы:
реттеуші:
адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және келісу;
іске асырылатын:
басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
басқарманың құзыреті шегінде заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;
басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;
басқарманың қызметі мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
Комитеттің құзыретіне жататын стратегиялық және операциялық жоспарларды әзірлеуді және келісуді қамтамасыз ету;
Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты дамуының мақсаттарын имплементация жұмыстарын ұймдастыру;
Комитеттің халықаралық ынтымақтастық саласында жұмыстар үйлестіру;
Комитеттің сараптама-талдау қызметін үйлестіру;
Комитеттің құзыретіне жататын мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындалуын, мақсатты индикаторларына, көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша жұмысты қамтамасыз ету;
Комитет құзыреті шегінде шетелдік серіктестермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту;
басқарма мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруға және мониторингті іске асыруға және бағалау қорытындысына қатысу;
тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды әзірлеу;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелерге қатысты мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету бойынша ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыру;
мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;
Министрліктің интернет-ресурсында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын және іске асырылатын тақырыптарын және Басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды орналастыру;
Комитеттің құзыретіне жататын Мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және жаңарту; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерімен көзделген басқа да функцияларды жүзеге асыру.
Қоғамдық - саяси жұмыс басқармасы:
реттеуші:
адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және келісу;
бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының айырым белгілерінің нысандарын әзірлеу және бекіту;
іске асырылатын:
басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты ішкі саясат саласындағы тұрақтылығын іске асыруды қамтамасыз ету;
басқарманың құзыреті шегінде заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;
басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;
басқарманың қызметі мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
медиация мәселелерін реттейтін заңнаманы жетілдіру бойынша мониторингті жүзеге асыру және ұсыныстар әзірлеу;
басқарманың құзыреті шегінде медиацияны дамытуға және үйлестіруге қолдау көрсету;
Комитет құзыретіне жататын Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындалуын, мақсатты индикаторларына, көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша жұмысты қамтамасыз ету;
Комитет құзыреті шегінде шетелдік серіктестермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту;
басқарма мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруға және мониторингті іске асыруға және бағалау қорытындысына қатысу;
Министрліктің интернет-ресурсында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын және іске асырылатын тақырыптарын және Басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды орналастыру;
тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды әзірлеу;
Комитет реттейтін салаларда жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша саяси партиялармен, коммерциялық емес ұйымдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелерге қатысты мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету бойынша ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;
Комитеттің құзыретіне жататын Мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және жаңарту; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарға талап қою;
Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерімен көзделген басқа да функцияларды жүзеге асыру.
Қайырымдылық және волонтерлік мәселелері басқармасы:
реттеуші:
адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және келісу;
волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу жөніндегі үлгілік қағидаларды әзірлеу;
волонтерлік бағдарламаларды (жобаларды) және волонтерлік акцияларды іске асыру мониторингін жүзеге асырудың үлгілік қағидаларын әзірлеу;
волонтерлік қызметтің мониторингін жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;
"Жыл волонтері" халықаралық сыйлығын беру қағидаларын әзірлеу;
іске асырылатын:
басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты ішкі саясат саласындағы тұрақтылығын іске асыруды қамтамасыз ету;
басқарманың құзыреті шегінде заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;
басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;
волонтерлік қызмет саласындағы заңнаманың орындалуына мониторингті жүзеге асыру;
волонтерлік қызмет саласын реттейтін заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу және енгізу;
волонтерлік қызметті дамыту саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін әдістемелік сүйемелдеуді үйлестіру және ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасында волонтерлік қызмет туралы ақпаратты жинау және жинақтауды жүзеге асыру;
волонтерлік ұйымдарды және волонтерлерді волонтерлік бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға қатысуға тарту және волонтерлік акциялар өткізу тәртібі бойынша ұсынымдар әзірлеу;
волонтерлік қызмет саласында жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
волонтерлік қызмет саласындағы заңнаманың орындалуына мониторингті жүзеге асыру;
волонтерлік қызмет саласын реттейтін заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу және енгізу;
Үкімет жанынан қайырымдылық бойынша консультативтік-кеңесші органның жұмысын ұйымдастыру;
қайырымдылық және басқа ұйымдармен қайырымдылық саласы мәселелер бойынша өзара іс-қимылды жетілдіру;
Комитет құзыретіне жататын Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындалуын, мақсатты индикаторларына, көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша жұмысты қамтамасыз ету;
Комитет құзыреті шегінде шетелдік серіктестермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту;
Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының атынан жасалатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету;
Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, сондай-ақ Министрлік реттейтін келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды, оның ішінде халықаралық шарттарды әзірлеу және жасасу;
басқарма мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруға және мониторингті іске асыруға және бағалау қорытындысына қатысу;
Министрліктің интернет-ресурсында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын және іске асырылатын тақырыптарын және Басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды орналастыру;
тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды әзірлеу;
Комитет реттейтін салаларда жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру; Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелерге қатысты мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету бойынша ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;
Комитеттің құзыретіне жататын Мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және жаңарту;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарға талап қою;
Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерімен көзделген басқа да функцияларды жүзеге асыру.
16. Құқықтары мен міндеттері:
1) өз құзыреті шегінде құқықтық актілерді қабылдау;
2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпаратты және материалдарды сұрату және алу;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;
4) Комитет жанында консультативтік-кеңесші органдарды құру;
5) Комитеттің құзыреті шегінде конкурстарды, фестивальдарды, конференцияларды, семинарлар және басқа іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
6) азаматтық қоғамды дамытуға еңбегін сіңірген тұлғаларды мемлекеттік наградаларға ұсынуға ұсыныс енгізу;
7) Мемлекеттік органдармен ұйымдар, соның ішінде халықаралық және лауазымды тұлғалармен қарым қатынастықты орнату;
8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
3-Тарау. Комитет қызметін ұйымдастыру
17. Комитетке басшылықты Комитетке жүктелген міндерттердің орындалуы және өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болатын Комитеттің төрағасы жүзеге асырады.
18. Комитет төрағасын Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму істері министрі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
19. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Министрліктің Жауапты хатшысымен лауазымға тағайындалатын және босатылатын орынбасарлары болады.
20. Комитет төрағасы:
1) өз орынбасарларының және Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері ережелерін бекітеді;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет қызметкерлерін, Комитет төрағасының орынбасарларын қоспағанда, лауазымға тағайындайды және босатады;
4) іссапар, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, ынталандыру, үстемақылар төлеу және сыйлықақы беру, сондай-ақ, Комитет қызметкерлерін, Комитет төрағасының орынбасарларын қоспағанда, тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешеді;
5) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды, Комитет және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлерінің орындауы міндетті нұсқаулар береді;
6) Комитеттің әкімшілік-ұйымдастыру, құқықтық, экономикалық және қаржылық қызметін қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшелерінің қызметтеріне жетекшілік етеді;
7) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда тиісті заңнамаға сәйкес Комитет өкілі болады;
8) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шараларға дербес жауапты болады;
9) тілдерді дамыту мен қоғамдық-саяси жұмыстарға белсене қатысқан тұлғаларға құрмет грамоталарын және алғыс хаттарды беру жөніндегі мәселелерді шешеді;
10) өз құзыреті шеңберінде басқа да мәселелер бойынша шешім қабылдайды.
21. Комитет бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Комитет Төрағасының орынбасарлары:
1) өз өкілеттіктері шегінде Комитеттің қызметін үйлестіреді;
2) Комитет басшысы белгілеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
23. Комитеттің консультациялық кеңесші орган болып табылатын алқасы болуы мүмкін. Алқаның сандық және жеке құрамын Комитеттің төрағасы бекітеді.
24. Комитет қызметін ұйымдастыру бойынша басқа да мәселелер Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері, Министрлік және Комитеттің бұйрықтарымен реттеледі.
4-Тарау. Комитеттің мүлкі
25. Комитеттің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады.
Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
26. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Комитеттің, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-Тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
28. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.