Көкшетау қаласы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарын бекіту туралы

Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 26 қарашадағы № С-11/15 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы "Жайылымдар туралы" Заңының 8-бабы 1) тармақшасына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса берілген Көкшетау қаласы 2021-2022 жылдарға арналған бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жетінші шақырылған
Көкшетау қалалық
мәслихаттының хатшысы
Р.Калишев


  Көкшетау қалалық мәслихатының
2021 жылғы 26 қарашадағы
№ С-11/15 шешімімен
бекітілген

Көкшетау қаласы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар

1. Кіріспе

      Көкшетау қаласында 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар "Жайылымдар туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы Заңына, "Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі №173 бұйрығына және "Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №3-3/332 бұйрығына сәйкес әзірленді.

      Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, жемшөпке қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болғызбау мақсатында қабылданады.

      Жоспар құрамында:

      1) Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Көкшетау қаласы аумағында жайылымдардың орналасу схемасын (картасын) (қосымша №1);

      2) жайылым айналымдарының қолайлы схемалары (қосымша №2);

      3) жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген карта (қосымша №3);

      4) жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздеріне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, копандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасын қамтиды (қосымша №4);

      5) жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауылшаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы (қосымша №5);

      6) кент, ауыл, ауылдық округ жанында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауылшаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы (қосымша №6);

      7) ауылшаруашылығы жануарларын жаю мен жылжытудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік кесте (қосымша №7).

      Жоспар жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қараудың жай-күйі туралы мәліметтерді, ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметтерді, ауылшаруашылығы жануарлары бастарының саны туралы деректерді ескере отырып, олардың иелерін көрсете отырып, түрлері мен жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректерді, шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын қалыптастыру туралы мәліметтерді, ауылшаруашылығы жануарларын мәдени және аридтік жайылымдарда жаю ерекшеліктерін, мал айдауға арналған сервитуттар туралы мәліметтерді және мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар ұсынған өзге де деректерді қамтитын жоспар қабылданды.

      Көкшетау қаласының әкімшілік аумағына қаладан басқа Краснояр ауылдық округі кіреді.

      Көкшетау қаласы аумағының жалпы ауданы 11 408,45 га, оның ішінде егістік 6521 га, шабындық 305 га, жайылым 2991,88 га, тыңайған жер 733,90 га, басқа алқаптар 7,37 га.

      Жоспар 01-174-070 кадастрлық бөлігінде (әкімшілік-аумақтық бірлік) орналасқан жер учаскелері құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде жасалған.

      Жер пайдалану аумағы Ақмола облысы, Көкшетау қаласының солтүстік-батыс жағында орналасқан.

      Осы жоспарда компьютерлік есептеу арқылы алынған, камералық өңдеу мәліметтері қолданылды.

      Геоморфологикалық қатынасына қарай Көкшетау қаласының жерлері Көксеңгір құрғақ-далалық, ұсақ шоқылық-далалық аймағында орналасқан. Оңтүстік-батыс жағының аумағы Галчевский аймағына, солтүстік-шығыс Шағалалы-Шатский аймағына жатады.

      Табиғаттық аудандастыруына байланысты Көкшетау қаласы қоңыржай-құрғақ ормандалалық аймағында орналасқан. Аймақтың ауа райы күрт құбылмалы ауа райы болып сипатталады, себебі суық ұзақ қыспен, көктемде тез өзгеретін оң қызулықпен, құрғақ қысқа жазбен білінеді.

      Метеостанция деректеріне сәйкес Көкшетау қаласы ауа райының көрсеткіштері:

      Орта жылдық ауа қызулығы,оС +19;

      Абсолюттік максимум, оС +40 - 42;

      Абсолюттік минимум, оС - 46 - 47;

      Аязсыз уақыт, 105-110 күн;

      Топырақтың тоңу тереңдігі, 184 сантиметр;

      10 жоғары қызу қосындысы, 2050-2100;

      10 төмен қызу қосындысы, 1000-1700;

      Қары бар уақыт, 150 күн;

      Қардың биіктігі, 20-25 сантиметр;

      Ортажылдық жауын шашынның саны, 285 миллиметр;

      Орта жылдық желдің жылдамдығы, 6,0 м/с.

      Қорытынды бөлімі: Көкшетау қаласының ауа райы ауылшаруашылық жануарларын өсіруге қолайлы. Ауылшаруашылық құрылымдар мен тұрғындарының басты қызметтерінің бағыты – мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығынан алынған өнімді өткізу.

2. Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қараудың жай-күйі туралы мәліметтер

      Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қараудың жай-күйі 2018 жылғы қыркүйекте "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Ақмола облысы бойынша филиалы жасаған Ақмола облысының Көкшетау қаласы (Краснояр ауылдық округі шекарасындағы) жер учаскелерінің табиғи азықтық алқаптары есебіне" сәйкес анықталды.

3. Жем-шөп өндіру туралы мәліметтер

      Жемшөп өндірісі-ауыл шаруашылығының жетекші көпфункционалды және байланыстырушы саласы, көбінесе мал шаруашылығының жай-күйін анықтайды және негізгі проблемаларды шешуге, өсімдік шаруашылығын, егіншілікті, табиғатты ұтымды пайдалануды одан әрі дамытуға, аграрлық жүйелер мен агроландшафттардың климат пен теріс процестердің әсеріне тұрақтылығын арттыруға, құнды ауылшаруашылық жерлерін сақтауға және топырақ құнарлылығын арттыруға, ауданның экологиялық жағдайын жақсартуға және қоршаған ортаны қорғауға айтарлықтай әсер етеді.

      Көкшетау қаласының аумағында жануарлардың негізгі қорегі жайылымдық астық, табиғи шалғындар шөбі және себілген шабындықтар болып табылады (шабындықтың көлемі – 305 гектар).

Көкшетау қаласының аумағындағы астық дақылдарының орташа өнімділігі

      Кесте №1

Р/с

Дақылдардың атауы

Өнімділігі, ц/га

1

Сүрлем шөпті жүгері

0

2

Пішендеме

0

3

Көп жылғы шөп

6

4

Сабан

8

5

Табиғи алқаптардың шөбі

5

      Далалы-қуаң даладағы қалпына келтірілген жайылымдарда жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін 1 бас малға нормасы:

      ұсақ мал – 1,3 гектар;

      ірі қара мал – 6,5 гектар;

      жылқы – 7,8 гектар;

      түйе – 9,1 гектар.

      Деградацияланған жайылымдарда 1 бас малға нормасы:

      үсақ мал – 2 гектар;

      ірі қара мал – 10 гектар;

      жылқы – 12 гектар;

      түйе – 14 гектар.

      Жасыл массаның орташа өнімділігі гектарына 5-6 центнерді құрайды, бұл жануарлардың жайылымға деген қажеттілігін қамтамасыз етеді.

4. Жайылым айналымы туралы мәліметтер

      Жайылымдардың өнімділігі мен шөп құрамын жақсарту мақсатында жайылым айналымы ұйымдастырылды.

      Жайылымдардың өнімділігін арттыруда табын және отар учаскелерін, кезекті мал айдау қашаларын, жазғы лагерьлерді, су құрылыстары мен мал айдауды орналастырудан тұратын олардың аумағын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Табиғи жайылымдарда күнтізбелік кесте бойынша жыл мезгілдері ішінде айдамаларды жүйелі ауыстырумен үш айдамалы схема көзделген. Жайылымдардың өнімділігін анықтау:

      жайылымдардың алаңы – 2991,88 гектарды құрайды;

      мал бағу уақыты 170-180 күнді құрайды;

      мал бағу уақыттың басталуы –20 сәуір;

      мал бағу уақыттың аяғы – 10 қазан.

5. Ауылшаруашылық жануарларын суару туралы мәліметтер

      Суару пункттері жануарлардың жайылатын мал басының түрлері мен топтарын, учаскелерді пайдаланудың маусымдылығын, жергілікті жердің рельефін есепке ала отырып орналастырылады. Су көздерін орналастыруда су айдынына ыңғайлы және санитарлық-профилактикалық қағидаларын есепке алу қажет. Осы мақсаттарда суару пункттерін батпақ, су басатын және лас учаскелерде орналастыруға жол бермеу, сонымен бірге бір суару пунктінен 250 бас ірі қара малға немесе 2000 қойға қызмет көрсетілетіндей етіп жобалау керек.

      Жоғарыда айтқандарды ескере отырып, ауылшаруашылығы жануарлары жайылым зоналарында су объектілерінде еркін суарылады. Сонымен қатар, жекелеген учаскелерде су объектілерінде ауыл шаруашылығы жануарларын суару үшін тиісті түрде жабдықталған арнайы бөлінген орындар пайдаланылады.

      Жайылымдық сумен қамтамасыз етудің көздері өзендер, көлдер және ағынды су тоғандары сияқты табиғи су объектілері болып табылады.

      Мал түрі және жыл маусымы бойынша суға қажеттілік есебі жануарлардың су пайдалануы келесі нормалар бойынша жасалады:

      ірі қара мал мен жылқыға 45-60 литр;

      1-2 жасар малдарға 25-35 литр;

      1 жылдан жас малдарға 10-15 литр;

      қойлар мен ешкілерге 3-5 литр;

      лақтарға 1-2 литр.

      Жайылым мен суаттың арасы келесі қашықтықтан аспауы керек:

      сиырларға– 2,5 км;

      бұзауларға – 1 км;

      ірі қара малдардың жас төлдеріне – 2,5 км;

      қойлар мен ешкілерге – 3 км;

      жылқы мен түйелерге – 4,6 км дейін.

      Көкшетау қаласының жайылым жерлерінің басым бөлігі сумен қамтамасыз етілген.

6. Ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметтер

      Көкшетау қаласының әкімшілік аумағында 5 бірлік ветеринария-санитарлық сараптама зертханасы, келесі орындарда орналасқан:

      орталық базар;

      "Көкше Қамқор" сауда үйінде;

      "Жібек Жолы" сауда үйінде;

      "Сабыр" сауда үйінде;

      "Армада" сауда үйінде.

      Краснояр ауылдық округінің мәдениет үйінде ветеринарлық пункті орналасып, жұмыс істейді ("Көкше Ветсервис" ұйымы).

      Тұрмыстық қатты қалдық полигонында 3 типтік "Беккари" шұңқыры (жай мал қорымы) жұмыс істейді. Сонымен қатар стационарлық инсинератор (өлексені өртейтін пеш) жұмыс істейді.

7. Ауылшаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер

      Малды бағуға қатысты әртүрлі есептер жасаудың ыңғайлылығы үшін малдың әртүрлі жануарларын салыстыру немесе сомаландыру үшін шартты бірлік қолданылады.

      Ауылшаруашылығы жануарларының шартты мал басы – жануарлардың әртүрлі санаттары мен түрлерін салыстыру үшін пайдаланылатын бірлік. Баламалық жануарлардың азыққа қажеттілігі негізінде анықталады.

Шартты мал басына қайта есептеу коэффициенті

      Кесте №2

Жануарлардың түрлері

Аудару коэффициенті

Ірі қара мал

0,8

Қойлар мен ешкілер

0,1

Жылқы мен түйе

1,0

      2021 жылғы 1 сәуірге халықтың жеке ауласында мал басы есептеледі:

      Краснояр ауылдық округінде ІҚМ 1099 бас, ҰҚМ 4050 бас, жылқы 1013 бас, шошқа 2 бас, түйе 2 бас. Жайылым ауданы 2991,88 гектарды құрайды. Краснояр ауылдық округінде мал айдауға арналған сервитуттар орнатылмаған.

      Станционный кентінде ІҚМ 128 бас, ҰҚМ 822 бас, жылқы 24 бас, шошқа 8 бас.

      Көкшетау қаласында ІҚМ 2003 бас, ҰҚМ 3149 бас, жылқы 766 бас, шошқа 57 бас.

      ІҚМ басына жүктеме нормасы – 6,5 га/бас, ұсақ мал – 1,3 га/бас, жылқы – 7,8 га/бас Краснояр ауылдық округі халқының жеке ауласындағы жайылымдық алқаптарға қажеттілік құрайды:

      ІҚМ үшін – 1099 бас * 6,5 га/бас.=7143,5 га;

      ҰҚМ үшін – 4050 бас * 1,3 га/бас.=5265 га;

      жылқылар үшін – 1013 бас * 7,8 га/бас.=7901,4 га.

      түйелер үшін – 2 бас * 9,1 га/бас.=18,2 га.

      7143,5 га+5265 га+7901,4 га+18,2 га=20328,1 га.

      Станционный кенті халқының жеке ауласындағы жайылымдық алқаптарға қажеттілік:

      ІҚМ үшін – 128 бас * 6,5 га/бас.=832 га;

      ҰҚМ үшін – 822 бас * 1,3 га/бас.= 1068,6 га;

      жылқылар үшін – 24 бас * 7,8 га/бас.= 187,2 га.

      832 га+1068,6 га+187,2 га.=2087,8 га

      Көкшетау қаласы халқының жеке ауласындағы жайылымдық жерлерге қажеттілік:

      ІҚМ үшін – 2003 бас * 6,5 га/бас.= 13019,5 га;

      ҰҚМ үшін – 3149 бас * 1,3 га/бас.= 4093,7 га;

      жылқылар үшін – 766 бас * 7,8 га/бас.=5974,8 га.

      13019,5 га + 4093,7 га+5974,8 га=23088га+2087,8 га+20328,1 га=45503,9 га-2991,88=42512,1 га

      Халықтың жеке ауласындағы жайылымдық алқаптарға қажеттіліктің барлығы 42512,1 га құрайды.

      Жайылымдық алқаптарға қалыптасқан қажеттілікті мемлекет мұқтажы үшін жер сатып алу есебінен толтыру қажет және ауылшаруашылығы тауарын өндірушілер мен "Бұқпа" орман шаруашылығы мекемесі" КММ жерлерінде ауылшаруашылығы жануарларын жаю есебінен толтыру қажет. Ол үшін ауылшаруашылығы тауарын өндірушілердің жерлері мен орман қоры жерлерін шектеулі пайдалану бойынша – 14 733,08 га алаңда, оның ішінде ауылшаруашылығы тауарын өндірушілермен – 14 293,08 га алаңда, "Ақмола облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Бұқпа" орман шаруашылығы мекемесі" КММ-мен – 440,0 га алаңда меморандумдар жасасу бойынша шаралар қабылданды, жайылымдардың болмауына байланысты дефицитті толық көлемде жою мүмкін емес.

Краснояр ауылдық округі аумағында жайылымдардың орналасу схемасына (картасына) қоса берілетін жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар тізімі

      Кесте №3

Жер учаскелерінің жер пайдалану шыларының атауы

Жайылым-дардың ауданы, га

Қолдағы мал

Жайылым-дардың қажеттілігі, га

Артық жайылымдар, га

1

"Көкше Агро ЛТД" ЖШС

30

-

-

30

2

"Кайса" ШҚ

11

12 бас ҰҚМ*1,3 га= 15,6га,
10 бас жылқы* 7,8 га=78га. Барлығы 93,6га

82,6

-

3

"Дарын Сәулет" ШҚ

168

15 бас ҰҚМ*1,3 га= 19,5га,
13 бас жылқы *7,8 га= 101,4га
Барлығы 120,9га

-

47,1

4

"Жол Аман" ШҚ

1,2

10 бас ҰҚМ *1,3га=13 га

11,8


5

"Агротрейд Көкше" ЖШС

1026,28

50 бас жылқы*7,8га =390 га


636,28

6

"Агротрейд "Қызылжар" ЖШС

551

14 бас жылқы*7.8га=109,2 га


441,8

7

"Желкен и Компания" ЖШС

846,9

58 ІҚМ*6,5 га=377га


469,9

8

Кокшетауский ГСУ

2

-



9

№3 Агротехника-лық колледжі

167

-



10

Токов А.Д.

60,4

-



11

"Нұртазин В.Б." ЖК

3,5

-



12

Новиков В.А.

18,2

20 бас ҰҚМ*1,3га= 26га

7,8


13

ТЖ бойынша жоғары тех.училищесі

1

-



14

"Биборд" ЖШС

105,4

1037 бас ІҚМ*6,5га=6740,5га, 27 бас жылқы*7,8га=210,6га. Барлығы 6951,1 га

6845,7



Барлығы

2991,88


6947,9

1625,08

8. Ауылшаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер

      Көкшетау қаласының әкімшілік аумағында (Краснояр ауылдық округі) ауылшаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер:

      қоғамдық ірі қара мал табыны – 3 табын;

      жеке ірі қара мал табыны – 2 табын;

      қоғамдық ұсақ мал табыны – 3 отар;

      жеке ұсақ мал табыны – 4 отар;

      қоғамдық жылқы табыны – 2 табын;

      жеке жылқы табыны – 3 табын.

9. Шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауылшаруашылығы жануарларының мал басын қалыптастыру туралы мәліметтер

      Көкшетау қаласының әкімшілік аумағында елді мекендерден алыстағы аумақтарда шалғайдағы мал шаруашылығын жүргізу үшін пайдаланылатын шалғайдағы жайылымдар қарастырылмаған.

10. Екпе және аридтік жайылымдарда ауылшаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктері

      Көкшетау қаласының аумағы орташа қуаң орманды дала аймағында орналасқандықтан, Көкшетау қаласының әкімшілік аумағында аумақтың географиялық орналасуына сәйкес аридтік жайылымдар жоқ.

      Сонымен қатар, өнімділігі жоғары шөпті алқап құру жөніндегі агротехникалық іс-шаралардың ғылыми негізделген жүйесі негізінде жатқан өнімділігі жоғары Жемшөп дақылдары бар мәдени жайылымдар ұтымды пайдалануды және оған күтім жасауды талап етпейді.

11. Уақытша (маусымдық) малды айдау жолдары және малды айдау үшін орнатылған сервитуттар туралы мәліметтер

      Көкшетау қаласының әкімшілік аумағында (Краснояр ауылдық округінде) малдарды мал жаю орындарына, суат көздеріне, лагерьлерге, фермаларға, қорадан қораға малды айдау үшін малды айдау жолдары ұыймдастырылды. Мал айдау жолдары, әдетте, олардың ең үлкен алаңға қызмет көрсетуін және жайылымдардың тұрақ орындарымен және мал суаратын орындармен ыңғайлы әрі қысқа байланысын жасауды есептей отырып орналастырылады.

      Тікелей желілі, иілімдер мен бұрылыстарсыз, бұрылыстардың доғал бұрыштарымен мал айдау жолдары басымды. Мал айдау жолдары олар өзендерден, бұлақтардан, жыралардан өтпейтіндей, батпақты жерлерден, арқалықтар мен тік жыралардан, олар арқылы өткелдер орнатпай, сондай-ақ арқалықтардың тальвегтерінен өтпейтіндей етіп орналастырылған.

      Мал айдау жолдарының ені жануарлардың түрлеріне, табын мен отардың көлемі, сонымен бірге топырақтың механикалық құрамы, шөптің қалыңдығы және эрозиялық процестердің деңгейіне байланысты. Мал айдау жолдарын жол желісімен біріктіруге тыйым салынады, әсіресе, аудандық және облыстық жолдармен.

      Қажеттілік болғанда мал айдау жолдарын тіке төсеу мен оларды таптау үшін шөптермен шалғындандыру қарастырылады. Мал айдау жолдары мал шаруашылығы изоляторларынан, мал қорымдарынан, елді мекендерден 2-3 км, жол жүру жолдарынан 1,0 – 1,5 км және көпжылдық екпелерден 0,5 – 1,0 км қашықтықта салынған. Табиғат түйсігіне байланысты жануарлар мал бағуда таңертеңгі сағаттарда шығысқа, кешкі сағатта күннің батуына қозғалуды қалайды.

12. Қорытынды бөлім

      Жайылымдарды рационалды пайдалану жайылымдардың жоғары өнімділігін алу үшін, ұзақ уақыт бойы шөптің құңды құрамын сақтау, жануарлардың көп көлемін жайылымдық астықпен қамтамасыз ету және мал шаруашылығы өнімінің жоғары көлемін алуға септігін тигізеді. Малды жайылымдық ұстаудың осындай маңыздылығында жайылымдарды ұстау мәселесі жоғары деңгейде өзекті, жайылымдық алқаптардың өнімділігі оларды дұрыс пайдалануда артады. Осылайша бір мал айдау жүйесін қолдануда малды бір алаңда ұстау мүмкіндігі 20-30 пайыздан көп, ал өткізуде жайылымдарды рационалды пайдаланудың барлық жүйесінің (шөпті дұрыс өсіру, ағымдағы күтім, жайылым айналымын енгізу, малды жаюдың өрістік жүйесін пайдалану) табиғи жайылымдық алқаптардың өнімділігін 2-3 есе арттырады.

      Жайылым айналымының сызбасын құрағанда негізі малды бағуға арналған орындарды пайдаланудың жылдағы ауысымы көзделеді (егер ағымдағы жылы малды бағу бірінші орыннан басталса, келесі жылы екіншіден, содан кейін үшіншіден басталады). Көктемде мал жайылған мал бағатын орындар қатарын шабындыққа пайдаланып отыру, сонымен қатар, мерзімді шөпті шауып отыру (тұқым шашқан соң), қатты тапталған жайылымдарда қажетті агротехникалық іс-шараларды өткізе отырып, жиілеп демалыс беру керек.

      Табиғи-климаттық жағдайлар мен жайылымдардың нығыздылығына қарай (әсіресе, тұрғындармен пайдаланылатын жайылымдарға белсенді қатысты) жыл маусымының ағымында айдаулардың дәйекті түрде ауысуымен үш айдаулық сызбасын көздейтін, ауысымдық-маусымдық жайылым айналмасы пайдаланылады. Жайылым айналымының осындай сызбасында әр учаскені айдауларға бөлу керек: маусымның басы, ортасы және соңы.

      Мал азығы өндірісі саласының негізгі қиындықтары:

      мал азығы дақылдары үшін, егін егу алқаптарының жеткіліксіз көлемі;

      мал азығы дақылдарының төмен өнімділігі;

      қазіргі заманғы мал азығын жинаушы және мал азығын дайындаушы техникасымен ауылшаруашылық құрылымдарын төмен деңгейде қамтамасыз етілуі;

      жайылымдар мен шабындықтарды тиімсіз пайдаланылуы;

      жер пайдаланушыларда мал азығы өндірісін дамытудың арнайы мемлекеттік бағдарламасының болмауы.


  2021-2022 жылдарға арналған
Көкшетау қаласы бойынша
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарға
№ 1-қосымша

Көкшетау қаласы аумағында құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде жайылымдардың орналасу схемасы (картасы)




  2021-2022 жылдарға арналған
Көкшетау қаласы бойынша
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарға
№ 2-қосымша

Жайылым айналымдарының қолайлы схемалары




  2021-2022 жылдарға арналған
Көкшетау қаласы бойынша
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарға
№ 3-қосымша

Жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым нысандар белгіленген картасы



      Көкшетау қаласы бойынша жайылымдардың ішінде ауылшаруашылығы мақсатындағы жер аумақтары 2991,88 гектарды құрайды.


  2021-2022 жылдарға арналған
Көкшетау қаласы бойынша
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарға
№ 4-қосымша

Жайылымды пайдаланушылардың су тұтыну нормаларына сәйкес жасалған су кездеріне қол жеткізу схемасы



      Ауылшаруашылығы жануарына су тұтынудың орташа тәуліктік нормасы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі №173 бұйрығымен бекітілген Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларының 9-тармағына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №15090 болып тіркелген) анықталады.Қала аумағында суаратын немесе суландыратын каналдар жоқ.

      Суды тұтынудың орташа тәуліктік нормасы:

      Ірі қара мал басына - 100 литр, ұсақ мал басына - 50 литр, жылқы басына - 100 литр, шошқа басына - 50 литр.


  2021-2022 жылдарға арналған
Көкшетау қаласы бойынша
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарға
№ 5-қосымша

Жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы




  2021-2022 жылдарға арналған
Көкшетау қаласы бойынша
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі Жоспарға
№ 6-қосымша

Кент, ауыл, ауылдық округ жанында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауылшаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы



      Шалғайдағы жайылымдардың жалпы ауданы 223 га құрайды.


  2021-2022 жылдарға арналған
Көкшетау қаласы бойынша
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану
жөніндегі Жоспарға
№ 7-қосымша

Жайылымдарды пайдаланудың маусымдық маршруттарын белгілейтін күнтізбелік кесте

      № 5 кесте

Ауылдық округтің атауы

2021 жылға жайылымдарды пайдалану

2022 жылға жайылымдарды пайдалану

1

2

3

1

2

3

Красный Яр

сәуірдің 3-ші онкүндігі мен маусымның 3-ші онкүндігі

шілденің 1-ші онкүндігі мен тамыздың 3-ші онкүндігі

қыркүйектің 1-ші онкүндігі мен қазанның 1-ші онкүндігі

шілденің 1-ші онкүндігі мен тамыздың 3-ші онкүндігі

Қыркүйектің 1-ші онкүндігі мен қазанның 1-ші онкүндігі

сәуірдің 3-ші онкүндігі мен маусымның 3-ші онкүндігі


Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по городу Кокшетау на 2021–2022 годы

Решение Кокшетауского городского маслихата Акмолинской области от 26 ноября 2021 года № С-11/15

      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 1) статьи 8 Закона Республики Казахстан от 20 февраля 2017 года "О пастбищах", Кокшетауский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемый План по управлению пастбищами и их использованию по городу Кокшетау на 2021-2022 годы согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь Кокшетауского
городского маслихата
седьмого созыва
Р.Калишев


  Приложение к решению
Кокшетауского городского
маслихата от 26 ноября
2021 года № С-11/15

План по управлению пастбищами и их использованию по городу Кокшетау на 2021-2022 годы

1. Введение

      Настоящий План по управлению пастбищами и их использованию по городу Кокшетау на 2021-2022 годы разработан в соответствии с Законом Республики Казахстан от 20 февраля 2017 года "О пастбищах", приказом заместителя Премьер-министра Республики Казахстан, Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 24 апреля 2017 года № 173 "Об утверждении Правил рационального использования пастбищ", приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 14 апреля 2015 года № 3-3/332 "Об утверждении предельно допустимой нормы нагрузки на общую площадь пастбищ".

      План принимается в целях рационального использования пастбищ, устойчивого обеспечения потребности в кормах и предотвращения процессов деградации пастбищ.

      План содержит:

      1) схему (карту) расположения пастбищ на территории города Кокшетау в разрезе категорий земель, собственников земельных участков и землепользователей на основании правоустанавливающих документов (приложение № 1);

      2) приемлемые схемы пастбищеоборотов (приложение № 2);

      3) карту с обозначением внешних и внутренних границ и площадей пастбищ, в том числе сезонных, объектов пастбищной инфраструктуры (приложение № 3);

      4) схему доступа пастбищепользователей к водоисточникам (озерам, рекам, прудам, копаням, оросительным или обводнительным каналам, трубчатым или шахтным колодцам), составленную согласно норме потребления воды (приложение № 4);

      5) схему перераспределения пастбищ для размещения поголовья сельскохозяйственных животных физических и (или) юридических лиц, у которых отсутствуют пастбища, и перемещения его на предоставляемые пастбища (приложение № 5);

      6) схему размещения поголовья сельскохозяйственных животных на отгонных пастбищах физических и (или) юридических лиц, не обеспеченных пастбищами, расположенными при поселке, селе, сельском округе (приложение № 6);

      7) календарный график по использованию пастбищ, устанавливающий сезонные маршруты выпаса и передвижения сельскохозяйственных животных (приложение № 7).

      План принят с учетом сведений о состоянии геоботанического обследования пастбищ, сведений о ветеринарно-санитарных объектах, данных о численности поголовья сельскохозяйственных животных с указанием их владельцев – пастбищепользователей, физических и (или) юридических лиц, данных о количестве гуртов, отар, табунов, сформированных по видам и половозрастным группам сельскохозяйственных животных, сведений о формировании поголовья сельскохозяйственных животных для выпаса на отгонных пастбищах, особенностей выпаса сельскохозяйственных животных на культурных и аридных пастбищах, сведений о сервитутах для прогона скота и иных данных, предоставленных государственными органами, физическими и (или) юридическими лицами.

      В состав территории городской администрации помимо города Кокшетау входит Красноярский сельский округ.

      Общая площадь территории города Кокшетау 11 408,45 га, из них пашни – 6 521 га, сенокосы – 305 га, пастбище – 2 991,88 га, залежь – 733,90 га, прочие угодья – 7,37 га.

      План составлен на земельные участки собственников и землепользователей на основании правоустанавливающихх документов на кадастровом квартале 01-174-070 (административно-территориальной единице) в разрезе категории земель.

      Территория землепользования находится в северо-западной части города Кокшетау Акмолинской области.

      В настоящем плане использованы данные камеральной обработки, полученные в результате компьютерного вычисления площадей.

      В геоморфологическом отношении земли города Кокшетау расположены в пределах Коксенгирской засушливо-степной равнинно-мелкосопочной области. Юго-западная часть территории относится к Галчевскому району, северо-восточная – к Чаглинско-Шатскому району.

      В соответствии с природным районированием территория города Кокшетау расположена в зоне умеренно-засушливой лесостепи. Климат зоны характеризуется резкой континентальностью, что выражается холодной продолжительной зимой, быстрым нарастанием положительных температур весной, засушливым коротким летом.

      В соответствии с данными метеостанции климатические показатели города Кокшетау составляют:

      Среднегодовая температура воздуха оС +19;

      Абсолютный максимум, оС +40 - 42;

      Абсолютный минимум, оС - 46 - 47;

      Безморозный период, 105 - 110 дней;

      Глубина промерзание грунта, 184 сантиметров;

      Сумма температур выше 10, 2050 – 2100;

      Сумма температур ниже 10, 1000 – 1700;

      Продолжительность периода со снежным покровом, 150 дней;

      Высота снежного покрова, 20 – 25 сантиметров;

      Среднегодовое количество осадков, 285 миллиметров;

      Среднегодовая скорость ветра, 6,0 м/с.

      Заключительная часть: В целом климат территории города Кокшетау благоприятный для выращивания сельскохозяйственных животных. Основное направление деятельности сельхозпредприятий и населения - развитие животноводства и растениеводства, реализация продукции животноводства и растениеводства.

2. Сведения о состоянии геоботанического обследования пастбищ

      Состояние геоботанического обследования пастбищ определено в соответствии с отчетом природных кормовых угодий земельных участков города Кокшетау (в границах Красноярского сельского округа) Акмолинской области, составленного филиалом НАО "Государственная корпорация "Правительство для граждан" по Акмолинской области в сентябре 2018 года.

3. Сведения о кормопроизводстве

      Кормопроизводство – ведущая многофункциональная и связующая отрасль сельского хозяйства, во многом определяет состояние животноводства и оказывает существенное влияние на решение ключевых проблем, дальнейшее развитие растениеводства, земледелия, рациональное природопользование, повышение устойчивости агросистем и агроландшафтов к воздействию климата и негативных процессов, сохранение ценных сельскохозяйственных угодий и воспроизводство плодородия почв, улучшение экологического состояния территории района и охраны окружающей среды.

      На территории города Кокшетау основными составляющими рациона животных служат пастбищные корма, сено естественных лугов и сеянных сенокосов (угодья сенокошения составляют 305 гектаров).

Средняя урожайность кормовых культур на территории города Кокшетау

      Таблица № 1

№п/п

Наименование культура

Урожайность, ц/га

1

Кукуруза на силос

0

2

Сенаж

0

3

Сено многолетних трав

6

4

Солома

8

5

Сено естественных лугов

5

      В городе умеренно-засушливой степи норма площади пастбищ на 1 голову сельскохозяйственных животных на восстановленных угодьях составляет:

      мелкорогатый скот – 1,3 гектара;

      крупнорогатый скот – 6,5 гектаров;

      лошади – 7,8 гектаров;

      верблюды – 9,1 гектара.

      На деградированных угодьях:

      мелкорогатый скот – 2 гектара;

      крупнорогатый скот – 10 гектаров;

      лошади – 12 гектаров;

      верблюды – 14 гектаров.

      При средней урожайности зеленой массы 5-6 центнеров с гектара, которые обеспечивают потребность животных в пастбищном корме.

4. Сведения о пастбищеобороте

      В целях повышения продуктивности пастбищ и улучшения состава травостоя организованы пастбищеобороты.

      В повышении продуктивности пастбищ немаловажное значение имеет правильная организация их территории, состоящая в размещении гуртовых и отарных участков, загонов очередного стравливания, летних лагерей, водных сооружений и скотопрогонов. На естественных пастбищах предусмотрена трехзагонная схема с последовательной сменой загонов в течение сезонов года со следующими сроками стравливания, по календарному графику.

      Определение продуктивности пастбищ:

      площадь пастбища составляет 2 991,88 гектаров;

      продолжительность пастбищного периода составляет 170 – 180 дней;

      начало пастбищного периода – 20 апреля;

      конец пастбищного периода – 10 октября.

5. Сведения о водопоях сельскохозяйственных животных

      Водопойные пункты размещаются с учетом видов и групп выпасного поголовья животных, сезонности их использования участков, рельефа местности. При размещении водоисточников необходимо учитывать удобные подходы к водопою и соблюдать санитарно-профилактические правила. В этих целях нельзя допускать размещение водоисточников на заболоченных, затапливаемых и загрязненных участках, а также проектировать к обслуживанию из одного водопойного пункта не более 250 голов крупного рогатого скота или 2 000 овец.

      Исходя из вышеизложенного сельскохозяйственные животные в зоне пастбищ имеют свободный доступ к водным объектам. Вместе с тем в отдельных участках используются специально отведенные места на водных объектах, соответствующим образом оборудованные для водопоя сельскохозяйственных животных.

      Источниками пастбищного водоснабжения являются естественные водоемы, таких как реки, озера и пруды с проточной водой.

      Расчет потребности в воде по видам сельскохозяйственных животных и сезонам года производится по следующим нормам:

      для крупного рогатого скота и лошадей – 45 – 60 литров;

      для молодняка в возрасте 1-2 года – 25 – 35 литров;

      для молодняка младше одного года – 10 – 15 литров;

      для овец и коз – 3 – 5 литров;

      для ягнят – 1-2 литра.

      Допустимое расстояние от пастбища до водопоя составляет:

      для коров – 2,5 км;

      для телят – 1 км;

      для молодняка крупного рогатого скота – 2,5 км;

      для овец и коз – 3 км;

      для лошадей и верблюдов – до 4,6 км.

      Пастбищные угодья города Кокшетау в основном полностью обеспечены водой.

6. Сведения о ветеринарно-санитарных объектах

      На административной территории города Кокшетау функционируют 5 лабораторий ветеринарно-санитарной экспертизы в следующих местах:

      в центральном рынке;

      в торговом доме "Кокше Камкор";

      в торговом доме "Жибек Жолы";

      в торговом доме "Сабыр";

      в торговом доме "Армада".

      В Красноярском сельском округе в здании Дома культуры функционирует ветеринарный пункт (организация "КокшеВетСервис").

      На территории полигона твердых бытовых отходов функционируют 3 типовые ямы "Беккари" (примитивный скотомогильник). Вместе с тем функционирует стационарный инсинератор (трупосжигательная печь).

7. Данные о численности поголовья сельскохозяйственных животных

      Для удобства проведения различных подсчетов, касающихся выпаса скота, применяется условная единица для сравнения или суммирования животных различных видов скота.

      Условная голова сельскохозяйственных животных – это единица, используемая для сравнения количества различного вида и категорий животных. Эквивалентность определяется на основе потребности животных в кормах.

Коэффициент пересчета в условные головы сельскохозяйственных животных

      Таблица № 2

Виды животных

Коэффициенты перевода

Крупный рогатый скот

0,8

Овцы и козы

0,1

ЛошЛошади и верблюды

1,0

      На 1 апреля 2021 года в личных подворьях населения насчитывается поголовье скота:

      в Красноярском сельском округе – 1 099 голов КРС, 4 050 голов МРС, 1013 голов лошадей, 2 головы свиньи, 2 головы верблюдов. Площадь пастбищ составляет 2 991,88 гектаров. В Красноярском сельском округе сервитуты для прогона скота не установлены.

      в поселке Станционный – 128 голов КРС, 822 головы МРС, 24 головы лошадей, 8 голов свиней.

      в городе Кокшетау – 2 003 головы КРС, 3 149 голов МРС, 766 голов лошадей, 57 голов свиней.

      При норме нагрузки на голову КРС – 6,5 га/гол., МРС – 1,3 га/гол., лошадей – 7,8 га/гол. потребность в пастбищных угодьях личного подворья населения Красноярского сельского округа составляет:

      для КРС – 1 099 гол. * 6,5 га/гол. = 7 143,5 га;

      для МРС – 4 050 гол. * 1,3 га/гол. = 5 265 га;

      для лошадей – 1 013 гол. * 7,8 га/гол.=7 901,4 га;

      для верблюдов – 2 гол. * 9,1 га/гол. = 18,2 га;

      7 143,5 га + 5 265 га+ 7 901,4 га+ 18,2 га = 20 328,1 га.

      Потребность в пастбищных угодьях личного подворья населения поселка Станционный:

      для КРС – 128 гол. * 6,5 га/гол. = 832 га;

      для МРС – 822 гол. * 1,3 га/гол. = 1 068,6 га;

      для лошадей – 24 гол. * 7,8 га/гол. = 187,2 га.

      832 га+ 1 068,6 га + 187,2 га = 2 087,8 га.

      Потребность в пастбищных угодьях личного подворья населения города Кокшетау:

      для КРС – 2 003 гол. * 6,5 га/гол. = 13 019,5 га;

      для МРС – 3 149 гол. * 1,3 га/гол. = 4 093,7 га;

      для лошадей – 766 гол. * 7,8 га/гол.= 5 974,8 га.

      13 019,5 га + 4 093,7 га + 5 974,8га = 23 088 га + 2 087,8 га + 20 328,1 га = 45 503,9 га - 2 991,88 га = 42 512,1 га.

      Итого потребность в пастбищных угодьях личных подворий населения составляет 42 512,1 га.

      Сложившуюся потребность пастбищных угодий необходимо восполнить за счет выкупа земель для государственных нужд и выпаса сельскохозяйственных животных населения на землях сельхозтоваропроизводителей и КГУ "Учреждение лесного хозяйства "Букпа". Для этого были приняты меры по заключению меморандумов по ограниченному использованию земель сельхозтоваропроизводителей и земель лесного фонда на площади 14 733,08 га, из них с сельхозтоваропроизводителями – на площади 14 293,08 га, с КГУ "Учреждение лесного хозяйства "Букпа" управления природных ресурсов и регулирования природопользования Акмолинской области" – на площади 440,0 га. Устранить дефицит в полном объеме не представляется возможным в связи с отсутствием пастбищ.

Список собственников и землепользователей земельных участков, прилагаемый к схеме (карте) расположения пастбищ на территории Красноярского сельского округа

      Таблица № 3

Наименование землепользователей земельных участков

Площадь пастбищ, га

Наличие скота

Потребность пастбищ, га

Излишки пастбищ, га

1

ТОО "Кокше Агро ЛТД"

30

-

-

30

2

КХ "Кайса"

11

12гол МРС*1,3 га= 15,6га,
10 гол лошади* 7,8 га=78га. Итого 93,6га

82,6

-

3

КХ "Дарын Саулет"

168

15 гол МРС*1,3 га= 19,5га,
13 гол лошади *7,8 га= 101,4га
Итого 120,9га

-

47,1

4

КХ "Жол Аман"

1,2

10 гол
МРС *1,3га=13 га

11,8


5

ТОО "Агротрейд Кокше"

1026,28

50 гол лошади*7.8 га =390 га


636,28

6

ТОО "Агротрейд "Кызылжар"

551

14 гол лошади*7.8 га=109,2 га


441,8

7

ТОО "Желкен и Компания"

846,9

58 гол КРС*6,5 га=377га


469,9

8

Кокшетауский ГСУ

2

-



9

Агротехничес кий колледж №3

167

-



10

Токов А.Д.

60,4

-



11

ИП "Нуртазин В.Б."

3,5

-



112

Новиков В.А.

18,2

20 гол МРС*1,3га= 26га

7,8


13

Высшее тех.училище комитета по ЧС

1

-



14

ТОО "Биборд"

105,4

1037 гол КРС*6,5га=6740,5га, 27 гол лошади*7,8 га=210,6га. Итого 6951,1 га

6845,7



Итого

2991,88


6947,9

1625,08

8. Данные о количестве гуртов, отар, табунов, сформированных по видам и половозрастным группам сельскохозяйственных животных

      В административной территории (Красноярский сельский округ) города Кокшетау, данные о количестве гуртов, отар, табунов, сформированных по видам, и половозрастным группам сельскохозяйственных животных, составляют:

      общественное стадо крупнорогатого скота – 3 табуна;

      частное стадо крупнорогатого скота – 2 табуна;

      общественное стадо мелкорогатого скота – 3 отары;

      частное стадо мелкорогатого скота – 4 отары;

      общественное стадо лошадей – 2 табуна;

      частное стадо лошадей – 3 табуна.

9. Сведения о формировании поголовья сельскохозяйственных животных для выпаса на отгонных пастбищах

      В административной территории города Кокшетау отгонные пастбища, которые используются для ведения отгонного животноводства вдали от населенных пунктов не предусмотрено.

10. Сведения особенностей выпаса сельскохозяйственных животных на культурных и аридных пастбищах

      В связи с тем, что территория города Кокшетау расположена в зоне умеренно засушливой лесостепи, в административной территории города Кокшетау в соответствии с географической расположенностью территории аридные пастбища отсутствуют.

      Вместе с тем культурные пастбища c высокопродуктивными кормовыми культурами, в основе которых лежит научно обоснованная система агротехнических мероприятий по созданию высокоурожайного травостоя не требует рационального использования и ухода за ним.

11. Сведения о скотопрогонных трассах временного (сезонного) пользования и сервитутах установленные для прогона скота

      В административной территории (Красноярский сельский округ) города Кокшетау для перегона скота к местам выпаса, источникам водопоя, лагерям, фермам, из загона в загон организованы скотопрогонные трассы. Скотопрогонные трассы размещаются, как правило, с расчетом обслуживания ими наибольшей площади и создания удобной и кратчайшей связи пастбищ с местами стоянки и водопоя скота.

      Предпочтительные схемы скотопрогонных трасс прямолинейные, без лишних изгибов и поворотов, с плавными углами поворотов. Скотопрогонные трассы размещены таким образом, чтобы они не пересекали реки, ручьи, канавы, не проходили по заболоченным местам, по бровкам балок и крутых оврагов, без устройства через них переправ, а также по тальвегам балок.

      Ширина скотопрогонов зависит от вида животных, размера гуртов и отар, а также механического состава почв, степени сбитости травостоя и эрозионных процессов. Скотопрогонные трассы не совмещены с дорожной сетью, в особенности с районными и областными дорогами.

      При необходимости проектом предусматривается профилирование скотопрогонов и залужение их наиболее устойчивыми к вытаптыванию травосмесями. Скотопрогонные трассы проложены на расстоянии не ближе 2-3 км от животноводческих изоляторов, скотомогильников, населенных пунктов, 1,0 – 1,5 км от проезжих дорог и 0,5 – 1,0 км от многолетних насаждений. В силу природных инстинктов животные предпочитают двигаться при пастьбе в утренние часы на восход, а в вечерние часы – на закат солнца.

12. Заключительная часть

      Рациональное использование пастбищ сводится к тому, чтобы создать условия для получения высокой продуктивности пастбищ, сохранить ценный состав травостоя в течение длительного времени, обеспечить пастбищными кормами наибольшее количество животных и получить высокий выход животноводческой продукции. При таком важном значении пастбищного содержания скота вопросы рационального содержания пастбищ в высшей степени актуальны, тем более, что продуктивность пастбищных угодий при правильном использовании их сильно возрастает. Так применение одной только загонной системы пастьбы дает возможность содержать скот на одной и той же площади на 20 – 30% больше, а при проведении всей системы рационального использования пастбищ (правильного стравливания травостоя, текущего ухода, введения пастбищеоборота, применение загонной системы пастьбы) продуктивность естественных пастбищных угодий увеличивается в 2-3 раза.

      При составлении схемы пастбищеоборота предусмотрена ежегодная смена порядка использования загонов под выпас скота (причем если, например, в текущем году пастьба скота начиналась с первого загона, то в следующем году нужно начинать ее со второго, затем с третьего и т. д.); периодическое использование для сенокошения ряда загонов, на которых в предыдущем году начинали пастьбу весной; периодическое позднее скашивание (после обсеменения), а на сильно сбитых пастбищах периодическое предоставление полного отдыха с проведением необходимых агротехнических мероприятий.

      Исходя из природно-климатических условий и сбитости пастбищ (что особенно актуально применительно к пастбищам, используемым населением), используется сменно-сезонный пастбищеоборот, который предусматривает трехзагонную схему с последовательной сменой загонов в течение сезонов года. При такой схеме пастбищеоборота каждый участок разделен на загоны очередного стравливания: для начала, середины и конца сезона.

      Основные проблемы отрасли кормопроизводства:

      недостаточные объемы посевных площадей под кормовыми культурами;

      низкая урожайность кормовых культур;

      низкий уровень обеспеченности современной кормоуборочной и кормоприготовительной техники;

      низкий уровень использования пастбищ и сенокосов;

      отсутствие у землепользователей специальной программы развития кормопроизводства.


  Приложение № 1
к Плану по управлению пастбищами
и их использованию по городу
Кокшетау на 2021-2022 годы

Схема (карта) расположения пастбищ на территории города Кокшетау в разрезе категорий земель, собственников земельных участков и землепользователей на основании правоустанавливающих документов




  Приложение № 2
к Плану по управлению пастбищами
и их использованию по городу
Кокшетау на 2021-2022 годы

Приемлемые схемы пастбищеоборотов




  Приложение № 3
к Плану по управлению пастбищами
и их использованию по городу
Кокшетау на 2021-2022 годы

Карта с обозначением внешних и внутренних границ и площадей пастбищ, в том числе сезонных, объектов пастбищной инфраструктуры



      Площадь пастбищ по городу Кокшетау на землях сельскохозяйственного назначения составляют 2991,88 гектара.


  Приложение № 4
к Плану по управлению пастбищами
и их использованию по городу
Кокшетау на 2021-2022 годы

Схема доступа пастбищепользователей к водоисточникам (озерам, рекам, прудам, копаньям, оросительным или обводнительным каналам, трубчатым или шахтным колодцам), составленную согласно норме потребления воды



      Среднесуточная норма потребления воды на одно сельскохозяйственное животное определяется в соответствии с пунктом 9 Правил рационального использования пастбищ, утвержденных приказом заместителя Премьер-министра Республики Казахстан, Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 24 апреля 2017 года № 173 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 15090). Оросительных или обводнительных каналов на территории города не имеется.

      Среднесуточная норма потребления воды:

      КРС – 100 литров на голову, МРС – 50 литров на голову, лошади 100 литров на голову, свиньи 50 - литров на голову.


  Приложение № 5
к Плану по управлению пастбищами
и их использованию по городу
Кокшетау на 2021-2022 годы

Схема перераспределения пастбищ для размещения поголовья сельскохозяйственных животных физических и (или) юридических лиц, у которых отсутствуют пастбища, и перемещения его на предоставляемые пастбища




  Приложение № 6
к Плану по управлению пастбищами
их использованию по городу Кокшетау
на 2021-2022 годы

Схема размещения поголовья сельскохозяйственных животных на отгонных пастбищах физических и (или) юридических лиц, не обеспеченных пастбищами, расположенными при поселке, селе, сельском округе



      Общая площадь отгонных пастбищ составляет 223 га.


  Приложение № 7
к Плану по правлению пастбищами
и их использованию по городу
Кокшетау на 2021-2022 годы

Календарный график по использованию пастбищ, устанавливающий сезонные маршруты выпаса

      Таблица №5

Наименование сельского округа

Использование пастбищ на 2021 год

Использование пастбищ на 2022 год

1

2

3

1

2

3

Красный Яр

С 3 декады апреля по 3 декаду июня

С 1декады июля по 3 декаду августа

С 1 декады сентября по 1 декаду октября

С 1 декады июля по 3 декаду августа

С 1 декады сентября по 1 декаду октября

С 3 декады апреля по 3 декаду июня