Шортанды аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 шілдедегі № 7С-9/5 "Шортанды ауданының аумағында жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 қарашадағы № 7С-14/4 шешімі

      Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Шортанды аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 шілдедегі № 7С-9/5 "Шортанды ауданының аумағында жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінде:

      мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2 және 3-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "3-1. Жергілікті қоғамдастық жиналысының құрамын жергілікті қоғамдастық жиыны төрт жыл мерзімге айқындайды және жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген кандидаттар қатарынан құрылады.

      Бұл ретте, жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің (бұдан әрі – жиналыс мүшелері) саны кент, ауылдық округ халқының жалпы санына байланысты айқындалады:

      1) 10 мың халыққа дейін – жиналыстың 5-10 мүшесі;

      2) 10-15 мың халық – жиналыстың 11-15 мүшесі;

      3) 15-20 мың халық – жиналыстың 16-20 мүшесі;

      4) 20 мыңнан астам халық – жиналыстың 21-25 мүшесі.

      3-2. Жергілікті қоғамдастық жиналысының құрамын қалыптастыру кезінде бөлек жиындар өкілдерінің саны олардың халқының санына барабар айқындалады.

      3-3. Бірнеше елді мекендерден тұратын әкімшілік-аумақтық бірлік үшін осы Регламенттің 3-2-тармағының ережелерін ескере отырып, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындары жіберген әрбір елді мекеннен кемінде бір өкіл қамтамасыз етіледі.";

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелер бойынша өткізіледі:

      бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;

      кент, ауылдық округ бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;

      аудандық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, бекітілген (нақтыланған) бюджет бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарлама шығыстары көлемінің жиырма пайызынан аспайтын көлемде қаражат бюджет шығыстарының құрылымын өзгертпей, бюджеттік мониторинг қорытындылары бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде бюджет қаражаты игерілмеген және (немесе) бюджеттік бағдарламалар тиімсіз орындалған кезде бюджеттік бағдарламалар арасында қайта бөлінген жағдайда, кент, ауылдық округ бюджетін түзетуді келісу;

      кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігін (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару жөніндегі кент, ауылдық округ аппараты әкімінің шешімдерін келісу;

      кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуын мониторингтеу мақсатында жиналысқа қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру;

      кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;

      кент, ауылдық округ коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісу;

      Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды, сондай-ақ "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде олар бойынша ұсынымдар беруді көздейтін атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;

      кент, ауылдық округ әкіміне кандидат ретінде тіркеу үшін Шортанды аудандық сайлау комиссиясына одан әрі енгізу үшін Шортанды аудан әкімінің кент, ауылдық округ әкімі лауазымына ұсынған кандидатураларын келісу;

      кент, ауылдық округ әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау;

      жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау бойынша ұсыныстар енгізу;

      жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелерін талқылау.

      5. Жиналысты кент, ауылдық округ әкімдері дербес не жиналыс мүшелерінің кемінде он пайызының бастамасы бойынша, бірақ тоқсанына кемінде бір рет шақырылады және өткізіледі.

      Жиналыстың бастамашылары күн тәртібін көрсете отырып, әкімге еркін нысанда жазбаша өтініш жасайды.

      Әкім үш жұмыс күні ішінде жазбаша өтінішті қарайды және шақырылымның орны мен уақытын көрсете отырып, жиналысты шақыру туралы шешім қабылдайды.";

      6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әкім аппараты жиналыстың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды жазбаша түрде, электрондық құжат нысанында (электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған) немесе құжаттардың электрондық көшірмесін жиналысқа шақырғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей жиналыстың мүшелеріне және әкімге ұсынады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Жиналысты Шортанды аудан әкімі аппаратының, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың, сондай-ақ мәселелері жиналысты шақыруда қаралатын жеке және заңды тұлғалардың өкілдері шақырылады. Сондай-ақ жиналысты шақыруға Шортанды аудандық мәслихатының депутаттары, бұқаралық ақпарат құралдарының және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатыса алады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шақырылған адамдар жиналыстың мүшелері болып табылмайды және шешімдер қабылдау кезінде дауыс беруге қатыспайды.";

      12-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Хаттамаға жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және хаттама ауылдық округ әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімін қамтитын жағдайларды қоспағанда, жиналыс өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ауылдық округ әкіміне беріледі.";

      13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Жиналыс қабылдаған шешімдерді ауылдық округ әкімі қарайды және ауылдық округ әкімінің аппараты бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жиналыс мүшелеріне жеткізеді.

      14. Әкім жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімімен келіспейтінін білдірген жағдайда, осы мәселелер осы Регламенттің 2-тарауында көзделген тәртіппен қайта талқылау арқылы шешіледі.

      Ауылдық округ әкімінің келіспеушілігін тудырған мәселелерді шешу мүмкін болмаған жағдайда, мәселені Шортанды ауданының әкімі шешеді.

      Ауылдық округ әкімі екі жұмыс күні ішінде Шортанды ауданының әкімнің және Шортанды аудандық мәслихатының атына жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасын жергілікті қоғамдастық жиналысы келіспеушілік тудырған мәселелерді қайтадан талқылағаннан кейін жібереді.

      Бес жұмыс күні ішінде Заңның 11-бабында көзделген тәртіппен Шортанды аудандық мәслихатының таяудағы отырысында алдын ала талқылаудан және оның шешімінен кейін Шортанды ауданының әкімі шешім қабылдайды.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шортанды аудандық
мәслихатының хатшысы
Г.Сәдуақасова

О внесении изменений и дополнений в решение Шортандинского районного маслихата от 23 июля 2021 года № 7С-9/5 "Об утверждении регламента собрания местного сообщества на территории Шортандинского района"

Решение Шортандинского районного маслихата Акмолинской области от 23 ноября 2021 года № 7С-14/4

      Шортандинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Шортандинского районного маслихата от 23 июля 2021 года № 7С-9/5 "Об утверждении регламента собрания местного сообщества на территории Шортандинского района" следующие изменения и дополнения:

      в Регламенте собрания местного сообщества на территории Шортандинского района, утвержденном указанным решением:

      дополнить пунктами 3-1, 3-2 и 3-3 следующего содержания:

      "3-1. Состав собрания местного сообщества определяется сходом местного сообщества сроком на четыре года и образуется из числа кандидатов, делегированных сходом местного сообщества.

      При этом, количество членов собрания местного сообщества, делегированных сходом местного сообщества (далее – члены собрания) определяется в зависимости от общей численности населения поселка, сельского округа:

      1) до 10 тысяч населения 5-10 членов собрания;

      2) 10-15 тысяч населения – 11-15 членов собрания;

      3) 15-20 тысяч населения – 16-20 членов собрания;

      4) свыше 20 тысяч населения – 21-25 членов собрания.

      3-2. При формировании состава собрания местного сообщества количество представителей раздельных сходов определяется пропорционально количеству их населения.

      3-3. Для административно-территориальной единицы, состоящей из нескольких населенных пунктов, обеспечивается не менее одного представителя от каждого населенного пункта, делегированного раздельными сходами местного сообщества, с учетом положений пункта 3-2 настоящего Регламента.";

      пункты 4 и 5 изложить в следующей редакции:

      "4. Собрание проводится по текущим вопросам местного значения:

      обсуждение и рассмотрение проектов программных документов, программ развития местного сообщества;

      согласование проекта бюджета поселка, сельского округа и отчета об исполнении бюджета;

      согласование корректировки бюджета поселка, сельского округа в случае перераспределения средств в объеме не более двадцати процентов от объема расходов бюджетной программы на текущий финансовый год по утвержденному (уточненному) бюджету, за исключением бюджетных программ (подпрограмм), финансируемых за счет целевых трансфертов из районного бюджета, между бюджетными программами при неосвоении бюджетных средств и (или) неэффективном исполнении бюджетных программ в течение текущего финансового года по итогам бюджетного мониторинга без изменения структуры расходов бюджета;

      согласование решений аппарата акима поселка, сельского округа по управлению коммунальной собственностью поселка, сельского округа (коммунальной собственностью местного самоуправления);

      образование комиссии местного сообщества из числа участников собрания в целях мониторинга исполнения бюджета поселка, сельского округа;

      заслушивание и обсуждение отчета о результатах проведенного мониторинга исполнения бюджета поселка, сельского округа;

      согласование отчуждения коммунального имущества поселка, сельского округа;

      обсуждение актуальных вопросов местного сообщества, проектов нормативных правовых актов, касающихся прав, свобод и обязанностей граждан, за исключением проектов нормативных правовых актов местных исполнительных органов, а также акимов, предусматривающих принятие решений об установлении (отмене) карантинной зоны с введением карантинного режима на соответствующей территории, об установлении (снятии) карантина и (или) ограничительных мероприятий в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан в области ветеринарии, а также объявление чрезвычайной ситуации природного и техногенного характера, а также предоставление по ним рекомендаций в сроки, предусмотренные Законом Республики Казахстан "О правовых актах";

      согласование представленных акимом Шортандинского района кандидатур на должность акима сельского округа для дальнейшего внесения в Шортандинскую районную избирательную комиссию для регистрации в качестве кандидата в акимы поселка, сельского округа;

      инициирование вопроса об освобождении от должности акима поселка, сельского округа;

      внесение предложений по назначению руководителей государственных учреждений и организаций, финансируемых из местного бюджета и расположенных на соответствующих территориях;

      другие текущие вопросы местного сообщества.

      5. Собрание созывается и проводится акимами поселков, сельских округов самостоятельно либо по инициативе не менее десяти процентов членов собрания, но не реже одного раза в квартал.

      Инициаторы собрания в произвольной форме письменно обращаются к акиму с указанием повестки дня.

      Аким в течение трех рабочих дней рассматривает письменное обращение и принимает решение о созыве собрания с указанием места и времени созыва.";

      часть вторую пункта 6 изложить в следующей редакции:

      "По вопросам, вносимым на рассмотрение собрания, аппарат акима не позднее, чем за пять календарных дней до созыва собрания представляет членам собрания и акиму необходимые материалы в письменном виде, в форме электронного документа (удостоверенный посредством электронной цифровой подписью) или электронной копии документов.";

      пункт 10 изложить в следующей редакции:

      "10. На созыв собрания приглашаются представители аппарата акима Шортандинского района, государственных учреждений и предприятий, а также физических и юридических лиц, вопросы которых рассматриваются на созыве собрания. Также на созыве собрания могут присутствовать депутаты Шортандинского районного маслихата, представители средств массовой информации и общественных объединений.

      Приглашенные лица, указанные в части первой настоящего пункта, не являются членами собрания и не участвуют в голосовании при принятии решений.";

      часть четвертую пункта 12 изложить в следующей редакции:

      "Протокол подписывается председателем и секретарем собрания и в течение двух рабочих дней со дня проведения собрания передается акиму сельского округа, за исключением случаев, когда протокол содержит решение собрания местного сообщества об инициировании вопроса о прекращении полномочий акима сельского округа.";

      пункты 13 и 14 изложить в следующей редакции:

      "13. Решения, принятые собранием, рассматриваются акимом сельского округа и доводятся аппаратом акима сельского округа до членов собрания в срок не более пяти рабочих дней.

      14. В случае выражения акимом несогласия с решением собрания местного сообщества, данные вопросы разрешаются путем повторного обсуждения в порядке, предусмотренном главой 2 настоящего Регламента.

      В случае невозможности разрешения вопросов, вызвавших несогласие акима сельского округа, вопрос разрешается акимом Шортандинского района.

      Аким сельского округа, в течение двух рабочих дней, направляет в адрес акима Шортандинского района и Шортандинского районного маслихата протокол собрания местного сообщества, после повторного обсуждения собранием местного сообщества вопросов, вызвавших несогласие.

      Аким Шортандинского района после предварительного обсуждения и его решения на ближайшем заседании Шортандинского районного маслихата вопросов, вызвавших несогласие между акимом сельского округа и собрания местного сообщества в порядке предусмотренным статьей 11 Закона, принимает решение в течение пяти рабочих дней.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь Шортандинского
районного маслихата
Г.Садвокасова