Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына және 71-1-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Әйтеке би ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "ERG Exploration" акционерлік қоғамымен пайдалы қазбаларды барлау бойынша жұмыстарын жүргізу үшін, Әйтеке би ауданының "Шугаршин", "Шунай", "Абай" учаскелерінде орналасқан жалпы алаңы 14120 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2025 жылдың 13 қыркүйекке дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "ERG Exploration" акционерлік қоғамына жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтіру және жер пайдаланушылармен жасасқан шартта шығынды өтеу бойынша міндеттерін және басқа да шарттарды анықтау ұсынылсын.
3. Осы қаулы қол қойған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Д. Ермағанбетов |