Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 19.05.2023 № 26 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Байғанин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 384 "Байғанин аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7789 тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген "Байғанин аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесінде (әрі қарай – Әдістеме):
орыс тіліндегі Әдістеменің 25, 26 тармақтарында "оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" сөздері алынып тасталсын;
қазақ тіліндегі Әдістеменің 26 тармағында "10-нан" сөзі "оннан" сөзімен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді;
орыс тіліндегі Әдістеменің 31 тармағында "приказ" сөзі "распоряжение" сөзімен ауыстырылсын, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
қазақ тіліндегі Әдістеменің 39 тармағында "осы Әдістеменің" сөздері "Үлгілік әдістеменің" сөздерімен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Байғанин аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
Н. Жанғалиев |
Байғанин аудандық мәслихатының хатшысы |
Е. Копжасаров |