Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 19.05.2023 № 26 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Байғанин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 384 "Байғанин аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7789 тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген "Байғанин аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесінде (әрі қарай – Әдістеме):
Әдістеменің 24 тармағы төмендегідей жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"24. Жоғары тұрған басшымен бағалау парағына қол қойылғаннан кейін функционалдық міндеттеріне, кадр қызметінің жұмысын жүргізу кіретін мәслихат аппаратының бас маманы (бұдан әрі – бас маман) 2 жұмыс күнінен кешіктірмей оны Комиссияның қарауына ұсынады.";
Әдістеменің 29, 34, 35, 36, 40 тармақтарында "Құрылымдық бөлімше басшысы" сөздері "Бас маман" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Байғанин аудандық мәслихатының хатшысы |
Е. Копжасаров |