Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 17, 69-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "TS-AGRO" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Қайыңды ауылдық округі жерінен электр желісі құрылысын жүргізу үшін жалпы көлемі 15, 32 гектар жер учаскелерін жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2024 жылдың 27 шілдеге дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Темір аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Темір ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Темір ауданының әкімі | С. Аманбаев |
Темір ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 27 шілдедегі № 119 қаулысына қосымша |
Қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізімі
Учаске № | Жер учаскелері берілетін жердегі жер пайдаланушылардың атаулары мен жер санаттары | Қауымдық сервитут белгілеу көлемі (гектар) | оның ішінде | |
Жайылым, га | Басқа да жерлер, га | |||
1 | Бабатай ауылы (елді мекен жері) | 1,75 | 1,75 | |
2 | Темір ауданы (босалқы қордағы ауыл шаруашылығы жері) | 2,5 | 2,5 | |
3 | "Асылхан" шаруа қожалығының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жері | 2,83 | 2,83 | |
4 | "Айдос" шаруа қожалығының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жері | 2,71 | 2,71 | |
5 | "Қасым" шаруа қожалығының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жері | 2,0 | 2,0 | |
6 | "Дастан" шаруа қожалығының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жері | 1,06 | 1,06 | |
7 | "Кеңой" шаруа қожалығының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жері | 2,47 | 2,47 | |
Барлығы: | 15,32 | 15,32 |