Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының "2021-2023 жылдарға арналған Айшуақ ауылдық округ бюджетін бекіту туралы" 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 612 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7895 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. 2021-2023 жылдарға арналған Айшуақ ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 39821,0 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 2366,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер –150,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері – 37305,0 мың теңге;
2) шығындар – 42862,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -3040,7 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 3040,7 мың теңге;
қарыздар түсімдері – 0 теңге;
қарыздарды өтеу – 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 3040,7 мың теңге.";
5 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"5. Шалқар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 605 "2021-2023 жылдарға арналған Шалқар аудандық бюджетін бекіту туралы" шешіміне сәйкес аудандық бюджеттен 2021 жылға арналған Айшуақ ауылдық округ бюджетіне мынадай ағымдағы нысаналы трансферттер бөлінгені ескерілсін:
ағымдағы шығындарға-4842,0 мың теңге;
елді мекендерді көркейтуге- 4431,0 мың теңге.
Ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу Айшуақ ауылдық округі әкімінің шешімі негізіндле айқындалады.";
мынадай мазмұндағы 5-1 тармағымен толықтырылсын:
"5-1. Ауылдық округтің 2021 жылға арналған бюджетіне облыстық бюджеттен жергілікті атқарушы органның мемлекеттік қызметшілеріне еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізуге 11532,0 мың теңге ағымдағы нысаналы трансферт түскені ескерілсін.";
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Шалқар аудандық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы |
С. Жоламанов |
Шалқар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 15 қыркүйектегі № 95 шешіміне қосымша | |
Шалқар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 612 шешіміне 1 қосымша |
2021 жылға арналған Айшуақ ауылдық округ бюджеті
Санаты |
Сомасы, | ||||
Сыныбы | |||||
Ішкі сыныбы | |||||
Атауы | |||||
I. Кірістер | 39821,0 | ||||
1 | Салықтық түсімдер | 2366,0 | |||
04 | Меншікке салынатын салықтар | 2366,0 | |||
1 | Мүлікке салынатын салықтар | 66,0 | |||
3 | Жер салығы | 50,0 | |||
4 | Көлік құралдарына салынатын салық | 2250,0 | |||
2 | Салықтық емес түсімдер | 150,0 | |||
01 | Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер | 150,0 | |||
5 | Мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер | 150,0 | |||
4 | Трансферттердің түсімдері | 37305,0 | |||
02 | Мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер | 37305,0 | |||
3 | Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер | 37305,0 | |||
II. Шығындар | 42862,0 | ||||
01 | Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер | 33711,7 | |||
1 | Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілді, атқарушы және басқа органдар | 33711,7 | |||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 33711,7 | |||
001 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 33711,7 | |||
07 | Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық | 9150,0 | |||
3 | Елді-мекендерді көркейту | 9150,0 | |||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 9150,0 | |||
008 | Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру | 2481,0 | |||
009 | Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету | 440,0 | |||
011 | Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру | 6229,0 | |||
15 | Трансферттер | 0,3 | |||
1 | Трансферттер | 0,3 | |||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 0,3 | |||
048 | Пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару | 0,3 | |||
III. Бюджет тапшылығы (профициті) | -3040,7 | ||||
IV. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) | 3040,7 | ||||
8 | Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары | 3040,7 | |||
01 | Бюджет қаражаты қалдықтары | 3040,7 | |||
1 | Бюджет қаражатының бос қалдықтары | 3040,7 |