Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 69 және 71-1 баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шалқар ауданы, Кішіқұм ауылдық округі аумағында орналасқан жалпы алаңы 35839 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, "Тау-Кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясы" акционерлік қоғамымен (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес мөлшері 20 % (жиырма пайыз)) және "Қазақстан Фортескью" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес мөлшері 80 % (сексен пайыз)) пайдалы қазбаларды барлау үшін 2026 жылдың 21 ақпанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитуті белгіленсін.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 11.07.2022 № 238 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).2. "Шалқар аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны, оны ресми жариялағаннан кейін Шалқар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Шалқар ауданының әкімі | Ж. Жидеханов |