Қазақстан Республикасының "Жер кодексінің" 19, 32, 36, 43, 67, 69 баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына және "SilkNetCom" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2021 жылғы 24 тамыздағы № 309 өтінішіне сәйкес ШЕШТІМ:
1. Шалқар ауданы, Мөңке би ауылдық округі, Мөңке би ауылы аумағында орналасқан 0,49 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, "SilkNetCom" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен талшықты-оптикалық байланыс желісін пайдалану үшін 2031 жылдың 12 қазанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитуті белгіленсін.
2. Осы шешімді, оны ресми жариялағаннан кейін Шалқар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Мөңке би ауылдық округінің әкімі |
Н. Бисеков |