"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 65-бабының 3 тармағына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Шымкент қаласының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесін құру туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 33 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы үлгілік ережеге сәйкес және Шымкент қаласы мәслихатының 2018 жылғы 22 маусымдағы № 31/252-6с "Шымкент қаласының басқару схемасы туралы" шешімі негізінде, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген "Шымкент қаласының цифрландыру басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуы "Шымкент қаласының цифрландыру басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысы Ә.Әбдірахановқа жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исаховқа жүктелсін.
Шымкент қаласының әкімі | М. Әйтенов |
Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы "15" қазандағы № 1230 қаулысына қосымша |
|
Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 33 қаулысымен бекітілген |
"Шымкент қаласының цифрландыру басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Шымкент қаласының цифрландыру басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Шымкент қаласының аумағында жергілікті атқарушы органдарының қызметінде пайдаланылатын цифрландыру, ақпараттандыру, байланыс және ақпараттық-коммуникациялар саласында басшылық ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының "Шымкент қаласының ситуациялық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Басқармаға бағынысты мекеме болып табылады.
3. Басқарма өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Басқарма ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері, және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқада актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұрсат шағын ауданы, "Nursultan Nazarbaev" даңғылы 10, индекс 160023.
10. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
11. Басқарма қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
12. Басқарма кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарма өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер Басқарма заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері:
13. Мақсаттары:
Шымкент қаласының аумағында цифрландыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асырудағы жергілікті атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыру.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
1) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қала әкімі шешімдерінің, өкімдерінің, қала әкімдігі қаулыларының жобасын дайындауға қатысады;
2) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, аудандардың жергілікті атқарушы органдарынан, басқа да ұйымдардар өзіне жүктелген қызметті жүзеге асыруға қажетті мәліметтер сұратады, сондай-ақ, басқа мемлекеттік органдарға мәліметтер ұсынады;
3) Басқарманың қарамағындағы ұйымдарды құру, қайта құру және тарату бойынша қала әкімдігіне ұсыныстар енгізеді;
4) өз құзыреті шегінде Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың қызметін басқаруды жүзеге асырады;
5) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарға әдістемелік, кеңестік, практикалық көмек көрсетеді;
6) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі және "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметтерді жүзеге асырады.
2) міндеттері:
1) экономиканың негізгі салаларына цифрлық технологияларды енгізу, цифрландыру жобаларын әзірлеу, енгізу жөніндегі жұмысты үйлестіру, бақылау және мониторинглеу;
2) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;
15. Функциялары:
1) Шымкент қаласы бойынша "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі іс-шараларды үйлестіру және бақылау;
2) цифрландыру саласындағы мемлекеттік бағдарламаларда қарастырылған бағыттар мен жобалар бойынша цифрландыру жобаларын іске асыру;
3) мемлекеттік органдардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарын және ақпараттық жүйелерін құруды және дамытуды қамтамасыз ету;
4) қала әкімдігінің электрондық ақпараттық ресурстарының толықтырылуын жүзеге асыру, олардың анықтығын және жаңартылып отырылуын қамтамасыз ету;
5) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымының баптау кешенін есепке алу және сақтау үшін "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторына беруді қамтамасыз ету;
6) техникалық құжаттаманың қағаз жеткізгіштердегі түпнұсқаларын сақтауды қамтамасыз ету және оларды "электрондық үкiметтiң" сервистік интеграторына оның сұрау салуы бойынша ұсыну;
7) ақпараттық жүйелерді құру немесе дамыту кезінде стандартты шешімдерді пайдалануды жүзеге асыру;
8) мемлекеттік органдардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарына және ақпараттық жүйелеріне жеке және заңды тұлғалардың қоғамдық қол жеткізу пункттерін, оның ішінде осы қол жеткізуді ұйымдастыру үшін тұрғын емес үй-жайларды бөлу жолымен ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
9) цифрлық сауаттылықты арттыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және іске асыру;
10) мемлекеттік органдардың "Ашық деректер" интернет-порталына ақпараттардың қазақ және орыс тілдерінде орналастырылуына мониторинг жүргізу;
11) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасына деректерді орналастыру, сондай-ақ олардың анықтығын және жаңартылып отырылуын қамтамасыз ету;
12) мемлекеттік органдардың интранет-порталына (МОИП) бекітілген тізбеге сәйкес, Басқармаға қатысты ақпараттардың дер кезінде салынуын қамтамасыз ету;
13) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына қатысты конкурс немесе тікелей келіссөздер ұйымдастыру;
14) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын жасау;
15) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның келісімімен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар көрсететін қызметтер бойынша қызмет көрсету процесін автоматтандыруды және оңтайландыруды жүзеге асыру;
16) қызмет көрсетілетін ақпараттық жүйелердің үздіксіз, сапалы жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
17) өңіраралық байланыс инспекциясымен бірлесе қала аумағындағы интернет сапасына талдау жұмыстарын жүргізу;
18) қала аумағын және шалғай орналасқан елді мекендерді талшықты оптикалық байланыс желісін тарту жұмыстарын ұйымдастыру;
19) мобильді байланыс операторларымен бірлесе қала аумағының байланысын дамыту мен жетілдірудің негізгі бағыттары және басымдықтары жөнінде ұсыныстарды әзірлеу;
20) байланыс операторларымен көрсетілетін байланыс қызметтерінің сапасына бақылау ұйымдастыру;
21) IT салаға қатысты инвестициялар тарту және инвестициялық жобаларды іске асыру;
22) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге өкілеттіктерді жүзеге асыру.
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Басқарма басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) Басқарманың қызметін ұйымдастырады және басқарады;
2) Басқарманың жұмыс жоспарларын бекітеді;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзінің орынбасарларының, Басқарманың құрылымдық бөлімшелері басшыларының және басқа да қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Басқарма қызметкерлерін, сондай-ақ Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың басшылары мен басшыларының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) Басқарма атынан сенiмхатсыз әрекет етеді;
6) мемлекеттiк органдарда, басқа да ұйымдарда Басқарманың мүдделерін бiлдiреді;
7) шарттар жасасады;
8) сенімхаттар береді;
9) банктік шоттар ашады;
10) барлық қызметкерлер үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
11) заңнамамен белгіленген тәртіпте Басқарма қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін жоғарылату, көтермелеу, үстемеақы белгілеу, сыйлықақы беру, сонымен қатар оларға тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
12) Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың басшыларын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көтермелеу шараларын және оларға тәртіптік жаза қолданады;
13) Басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде жүргізеді;
14) бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты болады;
15) Басқарманың қаржы-шаруашылық қызметіне және оған берілген мүлкінің сақталуы үшін дербес жауаптылықта болады;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Ережемен және қала әкімдігімен оған жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
21. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкінің болуы мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзіне бекітіліп берілген, өзінің балансында тұрған мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының атынан дербес жүзеге асырады.
22. Басқарманың бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқарманың және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
"Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының "Шымкент қаласының ситуациялық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Басқармаға бағынысты мекеме болып табылады.