"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамыту мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8-тармағына және "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерлерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы №183 қаулысына сәйкес, Меркі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Меркі аудандық мәслихатының "Меркі ауданының ауылдық елді мекендеріне 2021 жылға жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кент, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" 2021 жылғы 25 маусымдағы №9-3 (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №23472 болып тіркелген) шешіміне төмендегідей толықтырулармен енгізілсін.
– 1 тармаққа:
1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2) тұрғын үй сатып алуға немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат хатшысы | М.Көкрекбаев |