"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 42 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 3 шілдедегі № 226 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 42 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9795 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      14-тармақта:

      функцияларында:

      мынадай мазмұндағы 3-3), 3-4), 3-5), 3-6), 3-7) және 3-8) тармақшалармен толықтырылсын:

      "3-3) энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларын әзірлейді;

      3-4) мемлекеттік техникалық инспекторға қызметтік куәлікті, нөмірлік мөртабанды және пломбирді беру тәртібін әзірлейді;

      3-5) электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді;

      3-6) электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсету қағидаларын әзірлейді;

      3-7) біртұтас электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидаларын әзірлейді;

      3-8) Электр қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдардың басшыларында, мамандарында техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларын әзірлейді;";

      мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "22-1) энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың негізгі жабдығының тозуына мониторингті жүзеге асырады;";

      29) тармақша алып тасталсын;

      34) тармақша алып тасталсын;

      39) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "39) ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамаларын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеуді жүргізеді;";

      40) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "40) ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамаларын жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдардың тізілімін жүргізеді;";

      47) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "47) Министрліктің интернет-ресурсында ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамаларын жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдардың тізілімін орналастырады;";

      76) тармақша алып тасталсын;

      82) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "82) ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамаларын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын әзірлейді;";

      88) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "88) ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды және радиоактивті қалдықтарды тасымалдау қағидаларын әзірлейді;";

      90) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "90) ядролық қауіпсіздікке және (немесе) радиациялық қауіпсіздікке және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздікке сараптаманы жүргізу қағидаларын әзірлейді;".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап бір ай мерзімде бұйрықтың көшірмесін қоса бере отырып, Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментіне хабарлауды;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Н. Ноғаев

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 7 октября 2014 года № 42 "Об утверждении Положения государственного учреждения "Комитет атомного и энергетического надзора и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан" и его территориальных органов"

Приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 3 июля 2021 года № 226

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 7 октября 2014 года № 42 "Об утверждении Положения государственного учреждения "Комитет атомного и энергетического надзора и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан" и его территориальных органов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 9795) следующие изменения и дополнения:

      в Положении государственного учреждения "Комитет атомного и энергетического надзора и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан", утвержденном указанным приказом:

      в пункте 14:

      в функциях:

      дополнить подпунктами 3-3), 3-4), 3-5), 3-6), 3-7) и 3-8) следующего содержания:

      "3-3) разрабатывает правила получения энергопроизводящими, энергопередающими организациями паспорта готовности к работе в осенне-зимний период;

      3-4) разрабатывает порядок выдачи государственному техническому инспектору служебного удостоверения, номерного штампа и пломбира;

      3-5) разрабатывает правила организации технического обслуживания и ремонта оборудования, зданий и сооружений электростанций, тепловых и электрических сетей;

      3-6) разрабатывает правила оказания услуг по обеспечению надежности и устойчивости электроснабжения;

      3-7) разрабатывает правила проведения расследования и учета технологических нарушений в работе единой электроэнергетической системы, электростанций, районных котельных, электрических и тепловых сетей;

      3-8) разрабатывает правила проведения квалификационных проверок знаний правил технической эксплуатации и правил техники безопасности у руководителей, специалистов организаций, осуществляющих производство, передачу электрической и тепловой энергии, для контроля технического состояния и безопасности эксплуатации электроустановок;";

      дополнить подпунктом 22-1) следующего содержания:

      "22-1) осуществляет мониторинг износа основного оборудования энергопроизводящих и энергопередающих организаций;";

      подпункт 29) исключить;

      подпункт 34) исключить;

      подпункт 39) изложить в следующей редакции:

      "39) проводит аккредитацию организаций, осуществляющих экспертизы ядерной безопасности и (или) радиационной безопасности, и (или) ядерной физической безопасности;";

      подпункт 40) изложить в следующей редакции:

      "40) ведет реестр аккредитованных организаций, осуществляющих экспертизы ядерной безопасности и (или) радиационной безопасности, и (или) ядерной физической безопасности;";

      подпункт 47) изложить в следующей редакции:

      "47) размещает на интернет-ресурсе Министерства реестр аккредитованных организаций, осуществляющих экспертизы ядерной безопасности и (или) радиационной безопасности, и (или) ядерной физической безопасности;";

      подпункт 76) исключить;

      подпункт 82) изложить в следующей редакции:

      "82) разрабатывает правила аккредитации организаций, осуществляющих экспертизы ядерной безопасности и (или) радиационной безопасности, и (или) ядерной физической безопасности;";

      подпункт 87) исключить;

      подпункт 88) изложить в следующей редакции:

      "88) разрабатывает правила транспортировки ядерных материалов, радиоактивных веществ и радиоактивных отходов;";

      подпункт 90) изложить в следующей редакции:

      "90) разрабатывает правила проведения экспертизы ядерной безопасности и (или) радиационной безопасности, и (или) ядерной физической безопасности;".

      2. Комитету атомного и энергетического надзора и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) в течение двадцати календарных дней со дня подписания настоящего приказа направление его в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) в месячный срок со дня подписания приказа извещение Департамента юстиции города Нур-Султан с приложением копии приказа;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсах Министерства энергетики Республики Казахстан и Комитета атомного и энергетического надзора и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Настоящий приказ вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Министр энергетики
Республики Казахстан
Н. Ногаев