Сәтбаев қаласы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2022 - 2023 жылдарға арналған жоспарды бекіту туралы

Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2021 жылғы 9 желтоқсандағы № 135 шешімі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешім 01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Жайылымдар туралы" Заңдарына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Сәтбаев қаласы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2022 – 2023 жылдарға арналған жоспар бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сәтбаев қалалық мәслихатының хатшысы Т. Хмилярчук

  Сәтбаев қалалық мәслихатының
2021 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 135 шешімімен
бекітілген

Сәтбаев қаласы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2022 – 2023 жылдарға арналған жоспар

1 тарау. Кіріспе

      1. Осы Сәтбаев қаласы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2022 – 2023 жылдарға арналған жоспар (бұдан әрі – Жоспар) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы "Жайылымдар туралы" Заңына сәйкес жайылымдарды ұтымды пайдалану, жем-шөпке қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болдырмау мақсатында әзірленді.

      2. Жоспарды әзірлеу үшін келесі ақпарат пайдаланылды:

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қарағанды облысы бойынша филиалы – Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментімен 2018 жылы әзірленген Сәтбаев қаласының жерлерін геоботаникалық зерттеу жөніндегі есебі;

      Қарағанды облысының ветеринария басқармасының "Жезқазған қалалық ветеринариялық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны Сәтбаев қаласындағы филиалымен ұсынылған ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметтер;

      Қарағанды облысының ветеринария басқармасының "Жезқазған қалалық ветеринариялық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Сәтбаев қаласындағы филиалымен ұсынылған ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер;

      Қарағанды облысының ветеринария басқармасының "Жезқазған қалалық ветеринариялық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Сәтбаев қаласындағы филиалымен ұсынылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер;

      мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалармен ұсынылған өзге де деректер.

      3. Сәтбаев қаласының индустриалдық бағытын ескере отырып, ауыл шаруашылығы әлеуеті үлкен емес және қаланың қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді. Мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығының өнімі негізінен жеке қосалқы шаруашылықтарда өндіріледі.

      4. Сонымен бірге, ауыл шаруашылығын дамыту неғұрлым өзектіленіп келеді. Соңғы жылдары қаланың аграрлық секторында өнімдердің жалпы көлемінің тұрақты өсуі және агроөнеркәсіп кешенінің қарқынды дамуы байқалуда.

      5. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану саланы тұрақты дамытудың құрамдасы болып табылады.

      6. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану – бұл жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың ауыл шаруашылығы өнімін өндіру процесінде жер пайдалану мақсаттарын жүзеге асыруда жерді қорғауды және табиғи факторлармен өзара оңтайлы әрекеттесуді есепке ала отырып, топырақтың құнарлылығы мен жердің мелиоративтік жай-күйінің айтарлықтай нашарлауына әкеліп соқтырмайтын тәсілдерімен жоғары дәрежеге жетуді қамтамасыз ету.

      7. Жайылым пайдаланушылар үшін жайылымдарды тоздырмай тиімді пайдалану басты міндет болып табылады.

2 тарау. Жалпы мәліметтер

      8. Сәтбаев қаласы облыс орталығынан, Қарағанды қаласынан оңтүстік- батысқа қарай 540 километр қашықтықта орналасқан, республикалық маңызы бар Қызылорда-Павлодар автокөлік жолымен байланысып жатыр. Сәтбаев қаласынан 18 километр қашықтықта облыстық маңызы бар қала – Жезқазған қаласы орналасқан.

      9. Сәтбаев қаласының жалпы ауданы 110 435 гектарды, халық саны 69 889 адамды құрайды (2021 жылдың 1 қаңтарына).

      10. Сәтбаев қаласы өз шекарасында мынадай шектеседі: солтүстігінде – Ұлытау ауданының Қаракеңгір ауылдық округінің қорындағы жерлер, шығысында – Кеңгір және Талап ауылдық округтерінің және Жезқазған қаласының жерлері, батысында – Ұлытау ауданының Қарсақпай және Ұлытау ауылдық округтерінің жерлері.

      11. Әкімшілік бағыныстағы жерлердің шектес жер пайдаланушылары: шығыс жағынан – Жезқазған қаласының жерлері, оңтүстік, батыс және солтүстік жағынан – Ұлытау ауданының Қаракеңгір, Қарсақпай және Ұлытау ауылдық округтерінің жерлері.

      12. Сәтбаев қаласы кен өндіру саласындағы дамыған қалалардың бірі болып табылады. Тау-кен және өңдеу өнеркәсіптері қала экономикасын дамытудың негізгі бағыттары болып табылады. Қала аумағында мыс кенін өндіруді "Қазақмыс" Корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асырады.

      13. Сәтбаев қаласының ауыл шаруашылығы 56 шаруа қожалығынан және 286 жекеменшік шаруашылықтан тұрады. Ауыл шаруашылығының ірі кәсіпорындары жоқ. "Шахтер", "Шығыс", "Меридиан" үш бау-бақша қоғамы бар, олар 755 қоғам мүшелерінен тұрады.

      14. Мал шаруашылығы қаланың тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша экономиканың аграрлық секторының негізгі салаларының бірі болып табылады. Сәтбаев қаласының өсімдік шаруашылығы іс жүзінде дамымаған, ол картоп пен көкөністің шағынтауарлы өндірісімен ұсынылған.

      15. Мал жартылай қорада ұсталады. Жайылым кезеңі сәуір айының соңы – мамыр айының басында басталып, қазан айының соңы – қараша айының басында аяқталады. Қыста мал қорада ұсталады. Қорада ұстау кезеңіне жем-шөп ішінара табиғи шабындықтардан, түбегейлі жақсартылған жерлерден дайындалады.

3 тарау. Климат

      16. Топырақтың түзілуінде климат үлкен рөл атқарады. Зерттеліп отырған шөлейтті белдемде орналасқан жер учаскесінің климаты шұғыл континенталды, қысы суық, қар аз, жазы құрғақ, ыстық. Климаттың континенталдығы ауа температурасының жылдық және тәуліктік үлкен амплитудаларымен байқалады. Ең суық ай – қаңтар, ауаның тәуліктік орташа температурасы -12°С, -19°С аралығында. Облыс бойынша орташа абсолюттік минимум -32°С, -40°С болса, абсолюттік максимум -38°С, -46°С көрсетеді.

      17. Шұғыл континенталдық және едәуір құрғақшылық зерттеліп отырған аумақтың климатына тән ерекшелік болып табылады. Климаттың континенталдығы жылдық және тәуліктік амплитудалардың шұғылдығымен, қыстан жазға жылдам өтумен сипатталады. Ылғалқамтамасыздық – зерттеліп отырған ауданның климатының шектеулі факторы.

      18. Агроклиматтық аудандастыру бойынша сипатталып отырған аудан өте құрғақ ыстық ауданға жатады. Ол негізгі учаскенің барлық аумағын алып жатыр және келесі көрсеткіштермен сипатталады: 10С-тан жоғары белсенді температура сомасы 3400-3900°С тең.

      19. Қар жамылғысы желтоқсанның екінші-үшінші онкүндігінде қалыптасады, оның биіктігі 10-25 сантиметрден аспайды. Көбіне күшті желдер даладағы қарды ұшырып әкетеді.

      20. Көктем – ауаның орташа тәуліктік температурасы 0°C-тан +15°C-қа дейін болатын жыл мезгілі. Көктем мезгіліне ауа температурасының тез жоғарылауы, оның тәуліктік ауытқулары және инсоляцияның көбеюі тән. Температурасы 10°C-тан жоғары болатын орташа кезеңінің ұзақтығы 178-180 күнді құрайды.

      21. Орташа ауа температурасы 0°C-ден жоғары болатын жылы кезең 198 күннен 223 күнге дейін, ал ауадағы аязсыз кезең 90-170 күнге дейін, топырақтағы 70-160 күнге дейін созылады. Зерттелген учаске аумағында жыл сайынғы жауын-шашын мөлшері 100-120 миллиметр аралығында өзгереді. Жыл бойы жауын-шашын біркелкі бөлінеді, бірақ жылы кезеңде жауын-шашын мөлшері суық мезгілге қарағанда көбірек болады.

4 тарау. Жер бедері

      22. Сәтбаев қаласының жерлері шөлді дала аймағына жатады. Зерттеу нысанында рельефтің алуан түрлері бар: қатты тегіс және тегіс жазықтықтар, аңғарлар мен өзен жағалары, ұсақ шоқылар, шоқылардың бөктерлері. Рельефтің басым түрі шамалы белесті жазық болып табылады.

      23. Зерттелген аумақтың оңтүстік және оңтүстік-батыс бөлігін тегістелген ұсақ шоқылар мен тегіс жазықтықты төбешіктер алып жатыр. Олардың абсолюттік биіктігі теңіз деңгейінен 340-450 метр шегіне дейін ауытқиды. Ұсақ шоқыларға жартастар мен тас үйінділері сипатты қалың жыныстар тән. Шоқылардың арасы өте жиі, жалпақбөктерлі және ойыстүпті тұйық оймауыттарға ұқсайды.

      24. Ұсақ шоқылардың рельефі әртүрлі ойпаттармен, су ағындарының құрғақ арналарымен күрделенген. Шоқылардың басында аз дамыған топырақтар қалыптасқан.

5 тарау. Өсімдік

      25. Топырақтың қалыптасуының негізгі табиғи факторларының бірі – өсімдіктер болып табылады және табиғи ландшафттың генетикалық біріктірілген элементтері ретінде топырақ пен өсімдіктер арасындағы органикалық өзара қатынас әрдайым анық байқалады. Өсімдіктер жамылғысының әсерінен топырақ қабатының айтарлықтай өзгергіштігі байқалады.

      26. Шөл аймақтың өсімдіктеріне құрғақшылыққа бейімділік, сиректік және кешенділік тән.

      27. Өсімдік жамылғысында климаттың құрғақшылығы әсерінен тамыр жүйелері терең дамыған әртүрлі жартылай бұта тектестер мен бұталар басымырақ. Эфемер өсімдіктері жаз мезгілінде жанып кетіп, күзгі кезеңде қайтадан өседі.

      28. Өсімдік жамылғысы жер бедерімен, ылғалдандырылу жағдайымен тығыз байланысты және алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Шаруашылық аумағында өсімдіктер көбінесе жайылым және шабындық маңызы бар болып келеді.

      29. Тегістіктердің және ұсақ шоқылардың жайылымдарындағы шөп шабындықтарында негізінен далалық шөптерден – боз, бетеге, қылқан селеу, жусандардан – жіңішке сабақты жусандар, ақ жусан, қара жусанды жусан, сораңдардан биюргун, кокпек және басқалары кездеседі.

6 тарау. Гидрография, гидрология және сулану

      30. Сәтбаев қаласының гидрографиялық жүйесі біркелкі дамыған. Аймақта Сансызбай, Жыланды, Қосқопа, Жезді және Қаракеңгір өзендері бар.

      31. Жезді өзені Ұлытау тауының оңтүстік-шығыс баурайынан бастау алады. Өзеннің жалпы бағыты солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа қарай. Жезді өзеніне өте ұсақ өзендер мен бұлақтар құяды. Өзеннің арнасының ені 20 метрден 60 метрге дейін өзгеріп тұрады.

7 тарау. Геоботаника

      32. Сәтбаев қаласының әкімшілік аумағы шөл дала аймағында орналасқан және Орталық Қазақстан ауданына жатады.

      33. Сәтбаев қаласында кездесетін топырақтың жүйелік тізімі 1 қосымшаға сәйкес ұсынылған.

8 тарау. Топырақ

      34. Топырақ қалыптастырушы жыныстар топырақтың қалыптасу процесіне айтарлықтай әсер етеді. Топырақ қалыптастырушы жыныстардың қасиеттері, сондай-ақ қалыңдығы пайда болған топырақтың қасиеттеріне, ерекшеліктеріне және ауыл шаруашылық қолданылуына шешуші әсер етеді, өйткені олардың түпкі қасиеттерін, механикалық құрамын, тұздылығын, сортаңдануын және тағы басқаларды алады.

      35. Ауылдық аймақ территориясында топырақ қалыптастырушы жыныстар ұсынылған:

      1) пролювиалды-делювиалды шөгіндімен;

      2) элювиалды-делювиалды шөгіндімен;

      3) үшінші балшықтармен;

      4) байырғы жыныс элювийімен.

      36. Учаске аумағында шамалы белесті жазықтықта қалыптасатын пролювиалды-делювиалды шөгінділер кең тараған. Бұл қабаттар пролювиалды және делювиалды процестердің бірлескен әсерінен қалыптасқан төрттік желмен мүжілу өнімдері болып табылады, олар жоғарғы қабаттардан әлсіз су ағындары мен айтарлықтай күшті (сел) ағымдармен элювиалды мүжілу өнімдерін көшіру және қайта түзілу нәтижесінде пайда болады.

9 тарау. Табиғи жемшөптік жерлер

      37. Сәтбаев қаласының аумағы шөл дала аймағына жатады, сонымен қатар сан алуан рельефтік формаларға, топырақтың күрделілігіне, ылғалдандыру шарттарына ие. Сәтбаев қаласының ерте көктемдік флорасы зерттеу объектілері болып табылды. Рельефтің әр типтілігі және әркелкілігі, сондай-ақ жер қабатының әртүрлілігі өсімдік жамылғысының алуан түрлілігін қалыптастырады.

      38. Рельефтің негізгі типтері – төменгі толқынды жазық, ұсақ шоқылық, өзендер мен бұлақтар алқаптары.

      39. Сәтбаев қаласының аумағында әртүрлі мөлшерде жусан кездеседі, оның ішінде тегіс жусан, нитрозды жусан, Шренка жусаны, Лерхиановая жусаны басым. Жусанның әрбір түрі белгілі бір нақты орындарда өседі және экологиялық жағдайды анықтайтын жақсы көрсеткіш болып табылады.

10 тарау. Қаланың жер қоры жағдайы және оны пайдалану

      40. Сәтбаев қаласының аумағы 110 435 гектарды құрайды. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 54 798 гектарды құрайды. Бау-бақша және саяжай құрылысына арналған жер 110 гектарды құрайды. Азаматтардың шаруа қожалығын жүргізуге арналған жерлері – 48 386 гектар.

      41. Мемлекеттік ауыл шаруашылығы заңды тұлғаларының жері 4 гектарды құрайды. Мемлекеттік емес ауыл шаруашылығы заңды тұлғаларының жерлері 1 568 гектарды құрайды.

      42. Елді мекендердің жерлері бір елді мекеннің аумағын қамтиды және 110 435 гектарды құрайды.

      43. Бүлінген жерлер 5 863 гектарды құрайды.

      44. Өнеркәсіп, көлік, байланыс және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санаты 22 365 гектарды құрайды.

      45. Орман қоры жерлерінің санаты 48 гектарды, су қоры 20 гектарды құрайды.

11 тарау. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар

      46. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар қамтиды:

      1) Сәтбаев қаласының аумағында кездесетін топырақтың жүйелік тізімі 1 қосымшада берілген;

      2) жерлер санаттары бойынша жер қорының кестесі 2 қосымшаға сәйкес ұсынылған;

      3) Сәтбаев қаласының аумағындағы жер телімдер меншік иелерінің және жер пайдалаушылардың жайылым орналастыру схемасы 3 қосымшаға сәйкес берілген;

      4) жайылым пайдаланушылардың су көздеріне қол жеткізу схемасы 4 қосымшаға сәйкес ұсынылған;

      5) ауыл шаруашылығы жануарларын жаю мен қозғалудың маусымдық бағыттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік кестесі 5 қосымшаға сәйкес ұсынылған;

      6) ветеринарлық-санитарлық объектілер туралы ақпарат 6 қосымшаға сәйкес берілген;

      7) ауыл шаруашылығы жануарларының саны туралы ақпарат 7 қосымшаға сәйкес ұсынылған;

      8) ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық-жас топтары бойынша қалыптасқан үйір, отар, табын саны туралы деректер 8 қосымшада келтірілген;

      9) Сәтбаев қаласының жайылым айналым схемасы 9 қосымшаға сәйкес ұсынылған;

      10) Сәтбаев қаласы бойынша жер учаскелерінің меншік иелері бөлігінде ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу жөніндегі мәліметтер 10-қосымшаға сәйкес берілген.

  Сәтбаев қаласы бойынша
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі 2022 – 2023 жылдарға
арналған жоспарына 1 қосымша

Сәтбаев қаласының аумағында кездесетін топырақтың жүйелік тізімі

Шифр бойынша топырақтың жүйелік тізімі

Топырақ атауы

1.

524

Қоңыр топырақ

2.

528

Кебірлі – сор қоңыр топырақтылау

3.

529

Сор қоңыр топырақтылау

4.

532

Толық дамымаған қоңыр топырақ

5.

679

Ұсақ қоңыр кебірлер

6.

695

Қабыршақты шалғынды қоңыр кебірлер

  Сәтбаев қаласы бойынша
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану жөніндегі
2022 – 2023 жылдарға арналған
жоспарына 2 қосымша

Жерлер санаттары бойынша жер қорының кестесі

Жер санаттарының атаулары

Аумақ (гектар)

1.

Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлер

54 789

2.

Азаматтардың бау-бақша және саяжай құрылысын жүргізуге арналған жерлері

110

3.

Елді мекендердің жерлері

110435

4.

Шаруа қожалығын жүргізуге арналған азаматтардың жерлері

48 386

5.

Мемлекеттік ауыл шаруашылығы заңды тұлғаларының жерлері

4

6.

Мемлекеттік емес ауыл шаруашылығы заңды тұлғаларының жерлері

1 568

7.

Өнеркәсіп, көлік, байланыс және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер

22 365

8.

Орман қорының жерлері

48

9.

Су қорының жерлері

20

10.

Бүлінген жерлер

5 863

  Сәтбаев қаласы бойынша
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану жөніндегі
2022 – 2023 жылдарға арналған
жоспарына 3 қосымша

Сәтбаев қаласының аумағындағы жер телімдер меншік иелерінің және жер пайдалаушылардың жайылым орналастыру схемасы

     


     


  Сәтбаев қаласы бойынша
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану жөніндегі
2022 – 2023 жылдарға арналған
жоспарына 4 қосымша

Жайылым пайдаланушылардың су көздеріне қол жеткізу схемасы

     


     


  Сәтбаев қаласы бойынша
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану жөніндегі
2022 – 2023 жылдарға арналған
жоспарына 5 қосымша

Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю мен қозғалудың маусымдық бағыттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік кесте

Елді мекен

Маусымның басталуы

Маусымның аяқталуы

1.

Сәтбаев қаласы

сәуірдің аяғы – мамырдың басы

қазанның аяғы – қарашаның басы

  Сәтбаев қаласы бойынша
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану жөніндегі
2022 – 2023 жылдарға арналған
жоспарына 6 қосымша

Ветеринарлық-санитарлық объектілер туралы ақпарат

Аймақ

Ветеринариялық станция

Бордақылау алаңы

Мал сою бекеті

Мал қорымы

1.

Сәтбаев қаласы

1

0

2

1

  Сәтбаев қаласы бойынша
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану жөніндегі
2022 – 2023 жылдарға арналған
жоспарына 7 қосымша

Ауыл шаруашылығы жануарларының саны туралы ақпарат

Елді мекен

Ірі қара мал

Жылқы

Ұсақ мал

ШҚ

ҮШ

ШҚ

ҮШ

ШҚ

ҮШ

1.

Сәтбаев қаласы

1068

2189

1366

285

1850

2568

  Сәтбаев қаласы бойынша
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану жөніндегі
2022 – 2023 жылдарға арналған
жоспарына 8 қосымша

Ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық-жас топтары бойынша қалыптасқан үйір, отар, табын саны туралы деректер

Елді мекен

Үйірлер, отарлар, табындардың саны

Ірі қара мал

Жылқы

Ұсақ мал

1.

Сәтбаев қаласы

2

1

2

  Сәтбаев қаласы бойынша
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі
2022 – 2023 жылдарға арналған
жоспарына 9 қосымша

Сәтбаев қаласының жайылым айналым схемасы

     


     


  Сәтбаев қаласы бойынша
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі
2022 – 2023 жылдарға арналған
жоспарына 10 қосымша

Сәтбаев қаласы бойынша жер учаскелерінің меншік иелері бөлігінде ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу жөніндегі мәліметтер

Түрлері бойынша малдың болуы, (бас)

Жайылымдардың 1 басқа қажеттілік нормасы, (гектар)

Жайылымдар қажеттілігі, (гектар)

Жайылымдардың жалпы алаңы, (гектар )

Қажеттілік қамтамасыз етілуі, %

1.

Ірі қара мал

9,5

30 941

25 743

83,2

2.

Ұсақ малдар

1,9

8 394

6 984

83,2

3.

Жылқылар

11,4

18 821

15 659

83,2


Барлығы:

22,8

58 156

48 386

83,2


Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по городу Сатпаев на 2022 - 2023 годы

Решение Сатпаевского городского маслихата Карагандинской области от 9 декабря 2021 года № 135

      Примечание ИЗПИ!
      Настоящее решение вводится в действие с 01.01.2022.

      В соответствии с Законами Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", "О пастбищах" Сатпаевский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемый План по управлению пастбищами и их использованию по городу Сатпаев на 2022 – 2023 годы.

      2. Настоящее решение вводится в действие с 1 января 2022 года после его первого официального опубликования.

      Секретарь Сатпаевского городского маслихата Т. Хмилярчук

  Утвержден
решением Сатпаевского
городского маслихата
от 9 декабря 2021 года
№ 135

План по управлению пастбищами и их использованию по городу Сатпаев на 2022 – 2023 годы

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящий План по управлению пастбищами и их использованию по городу Сатпаев на 2022 – 2023 годы (далее – План) разработан в соответствии с Законом Республики Казахстан от 20 февраля 2017 года "О пастбищах" в целях рационального использования пастбищ, устойчивого обеспечения потребности в кормах и предотвращения процессов деградации пастбищ.

      2. Для разработки Плана использована следующая информация:

      отчет по геоботаническому обследованию земель города Сатпаев, разработанный в 2018 году Департаментом земельного кадастра и технического обследования недвижимости – филиалом некоммерческого акционерного общества "Государственная корпорация "Правительство для граждан" по Карагандинской области;

      сведения о ветеринарно-санитарных объектах, представленные филиала коммунального государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Жезказганская городская ветеринарная станция" Управления ветеринарии Карагандинской области в городе Сатпаев;

      данные о численности поголовья сельскохозяйственных животных, представленные филиала коммунального государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Жезказганская городская ветеринарная станция" Управления ветеринарии Карагандинской области в городе Сатпаев;

      данные о количестве гуртов, отар, табунов, представленные филиала коммунального государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Жезказганская городская ветеринарная станция" Управления ветеринарии Карагандинской области в городе Сатпаев;

      иные данные, представленные государственными органами, физическими и (или) юридическими лицами.

      3. Учитывая индустриальную направленность города Сатпаев, потенциал сельского хозяйства невелик и не позволяет обеспечить потребности города. Продукция как животноводства, так и растениеводства в основном производится личными подсобными хозяйствами.

      4. Вместе с тем, развитие сельского хозяйства приобретает все большую актуальность. За последние годы в аграрном секторе города наблюдается устойчивый рост объемов валовой продукции и динамичное развитие агропромышленного комплекса.

      5. Составляющей устойчивого развития отрасли является рациональное использование земель сельскохозяйственного назначения.

      6. Рациональное использование земель сельскохозяйственного назначения – это обеспечение собственниками земельных участков и землепользователями в процессе производства сельскохозяйственной продукции максимального эффекта в осуществлении целей землепользования с учетом охраны земель и оптимального взаимодействия с природными факторами и способами, не приводящими к существенному снижению плодородия почв и мелиоративного состояния земель.

      7. Для пастбищепользователей эффективное использование пастбищ без их деградации является главной задачей.

Глава 2. Общие сведения

      8. Город Сатпаев находится на расстоянии 540 километров к юго-западу от областного центра, города Караганда, с которым он связан автомобильной дорогой республиканского значения Кызылорда-Павлодар. В 18 километрах от города Сатпаев расположен город областного значения – город Жезказган.

      9. Общая площадь города Сатпаев составляет 110 435 гектаров, при численности населения 69 889 человек (на 1 января 2021 года).

      10. Город Сатпаев по своей границе имеет следующих смежников: на севере – земли запаса Каракенгирского сельского округа Улытауского района, на востоке – земли Кенгирского и Талапского сельских округов и земли города Жезказган, на западе – земли Карсакпайского и Улытауского сельских округов Улытауского района.

      11. Смежные землепользователи земель административного подчинения: с восточной стороны – земли города Жезказган, с южной, западной и северной сторон – земли Каракенгирского, Карсакпайского и Улытауского сельских округов Улытауского района.

      12. Город Сатпаев является одним из развитых городов в горнодобывающей сфере. Основными направлениями развития экономики города являются горнодобывающая и обрабатывающая промышленности. На территории города добычу медной руды осуществляет товарищество с ограниченной ответственностью "Корпорация "Казахмыс".

      13. Сельское хозяйство города Сатпаев состоит из 56 крестьянских хозяйств и 286 частных подворий. Крупных сельскохозяйственных предприятий не имеется. Имеются три садоводческих общества "Горняк", "Восток", "Меридиан", в которых состоят 755 членов обществ.

      14. Животноводство является одним из основных отраслей аграрного сектора экономики по обеспечению населения города продуктами питания. Растениеводство города Сатпаев практически не развито, оно представлено мелкотоварным производством картофеля и овощей.

      15. Содержание скота в основном полустойловое. Пастбищный период начинается в конце апреля – начале мая и заканчивается в конце октября – начале ноября. Зимнее содержание скота стойловое. Корма на стойловый период частично заготавливаются с природных сенокосов, с участков коренного улучшения.

Глава 3. Климат

      16. Большую роль в почвообразовании играет климат. Климат обследованного земельного участка, расположенного в полупустынной зоне, характеризуется резкоконтинентальностью, холодной малоснежной зимой и жарким засушливым летом. Континентальность климата проявляется в больших годовых и суточных амплитудах температуры воздуха. Самый холодный месяц – январь со средней суточной температурой воздуха -12°С, -19°С. Средний из абсолютных минимумов по области равен -32°С, -40°С, а абсолютный максимум достигает -38°С, -46°С.

      17. Характерными особенностями климата описываемой территории являются резкая континентальность и значительная засушливость. Континентальность климата проявляется в резких годовых и суточных амплитудах, в быстром переходе от зимы к лету. Влагообеспеченность – лимитирующий фактор климата района изысканий.

      18. По агроклиматическому районированию характеризуемая территория относится к очень сухому жаркому району, который охватывает всю территорию основного участка и характеризуется следующими показателями: сумма активных температур выше 10°С 3400-3900°С.

      19. Снежный покров устанавливается во второй-третьей декаде декабря, высота его не превышает 10-25 сантиметров. Часто сильные ветры сдувают снег с полей.

      20. Весна – период года со среднесуточными температурами воздуха от 0°С до +15°С. Для весеннего периода характерным является быстрый рост температуры, ее суточных колебаний и увеличение инсоляции. Средняя продолжительность периода с температурой выше 10°С составляет 178-180 дней.

      21. Теплый период со средней суточной температурой воздуха выше 0°С длится от 198 до 223 дней, безморозный период в воздухе держится от 90 до 170 дней, на почве – от 70 до 160 дней. Годовое количество осадков колеблется на территории обследуемого участка до 100-120 миллиметров. Осадки в течение года распределяются почти равномерно, но количество осадков в теплый период больше, чем в холодный.

Глава 4. Рельеф

      22. Земли города Сатпаев относятся к пустынно-степной зоне. На обследованной территории выделяются следующие формы рельефа: типичный сильносглаженный, и сглаженный мелкосопочник, долины рек и ручьев, волнисто-увалистые равнины, волнистые и слабоволнистые равнины. Преобладающим типом рельефа является слабоволнистая равнина.

      23. Типичный сильносглаженный и сглаженный мелкосопочник занимает южную и юго–западную части обследованной территории с хорошо выраженными сопками и их грядами. Абсолютные высоты их колеблются в пределах 340-450 метров над уровнем моря. Характерным признаком мелкосопочника являются выходы плотных пород, которые обнажаются в виде скал и каменистых нагромождений. Межсопочные понижения многочисленны, имеют вид замкнутых западин с пологими склонами и слабовогнутым дном.

      24. Рельеф мелкосопочника сильно осложнен различными понижениями, сухими руслами водотоков. По вершинам сопок формируются малоразвитые почвы.

Глава 5. Растительность

      25. Растительность является одним из основных природных факторов почвообразования и всегда ясно и отчетливо прослеживается органическая взаимосвязь между почвами и растительностью, как генетически сопряженными элементами природного ландшафта. Даже в пределах одной растительной формации наблюдается значительная изменчивость почвенного покрова.

      26. Растительный покров пустынной зоны характеризуется ксерофитностью, изреженностью и комплексностью.

      27. В растительном покрове вследствие большой засушливости климата преобладают различного рода полукустарники и кустарники, развивающие глубокую корневую систему. Эфемерная растительность в летний период выгорает и вновь оживает в осенний период.

      28. Растительный покров тесно связан с рельефом, условиями увлажнения и отличается значительным разнообразием. На территории хозяйства растительность в основном пастбищного и сенокосного значения.

      29. В травостое пастбищных угодий равнины и мелкосопочника преобладают в основном из степных злаков – ковыль, типчак, тырса, из полыней – полынь узкодольчатая, полынь белая, полынь черная, из солянок биюргун, кокпек и другие.

Глава 6. Гидрография, гидрология и обводненность

      30. Гидрографическая сеть обследованной земли города Сатпаев развита довольно равномерно. Она представлена реками: Сансызбай, Жыланды, Коскопа, Жезды и Каракенгир.

      31. Река Жезды берет начало на юго-восточном склоне гор Улытау. Общее направление ее по дуге с северо-востока на юго-восток. В верховьях река Жезды принимает очень много мелких притоков и ручьев. Ширина русла изменяется от 20 метров до 60 метров.

Глава 7. Геоботаника

      32. Административная территория города Сатпаев расположена в пустынно-степной зоне и относится к Центрально-Казахстанской провинции.

      33. Систематический список почв, встречающихся на территории города Сатпаев, представляется согласно приложению 1.

Глава 8. Почвы

      34. Почвообразующие породы оказывают существенное влияние на процесс почвообразования. Свойства, а также мощность почвообразующих пород оказывают решающее влияние на свойства, особенности и сельскохозяйственное использование формирующихся почв, так как последние унаследуют от пород свои основные свойства, механический состав, засоление, солонцеватость и другие.

      35. На территории сельского округа почвообразующие породы представлены:

      1) пролювиально-делювиальными отложениями;

      2) элювиально-делювиальными отложениями;

      3) третичными глинами;

      4) элювиями коренных пород.

      36. Большое распространение на территории участка получили пролювиально-делювиальные отложения, формирующиеся по обширным слабоволнистым равнинам. Данные отложения представляют собой четвертичные продукты выветривания, которые образовались под совокупным влиянием пролювиальных и делювиальных процессов, то есть в результате сноса и переотложения элювиальных продуктов выветривания слабыми водными потоками и потоками значительной силы (селевые водные потоки) с верхних частей склонов.

Глава 9. Природные кормовые угодья

      37. Территория города Сатпаев относится к пустынно-степной зоне, а также имеет разнообразие форм рельефа, комплексность почв, условий увлажнения. Объектами исследований являлась ранневесенняя флора города Сатпаев. Неоднородность и расчлененность рельефа, а также разнообразие почв создают определенную пестроту растительного покрова.

      38. Основные типы рельефа – слабоволнистые равнины, мелкосопочник, долины рек и ручьев.

      39. На территории города Сатпаев повсеместно в различном количестве встречается полынь, из которых доминируют полынь гладкая, полынь нитрозная, полынь Шренка, полынь Лерхиановая. Каждый вид полыни имеет достаточно четкую приуроченность к определенным местообитанием и является хорошим индикатором экологических условий.

Глава 10. Состояние земельного фонда города и его использование

      40. Территория города Сатпаев составляет 110 435 гектаров. Земли сельскохозяйственного назначения составляют 54 798 гектар. Земли для ведения садоводства и дачного строительства составляют 110 гектаров. Земли граждан для ведения крестьянского хозяйства – 48 386 гектаров.

      41. Земли государственных сельскохозяйственных юридических лиц составляют 4 гектара. Земли негосударственных сельскохозяйственных юридических лиц составляют 1 568 гектаров.

      42. Земли населенных пунктов включают территорию одного населенного пункта и составляют 110 435 гектаров.

      43. Нарушенные земли составляют 5 863 гектара.

      44. Категория земель промышленности, транспорта, связи и иного несельскохозяйственного назначения составляет 22 365 гектаров.

      45. Категория земель лесного фонда составляет 48 гектаров, водного фонда 20 гектаров.

Глава 11. План по управлению пастбищами и их использованию

      46. План по управлению пастбищами и их использованию включает:

      1) систематический список почв, встречающихся на территории города Сатпаев, представлен согласно приложению 1;

      2) таблица земельного фонда по категориям земель представлена согласно приложению 2;

      3) схема размещения пастбищ собственников земельных участков и землепользователей на территории города Сатпаев представлена согласно приложению 3;

      4) схема доступа пастбищепользователей к водоисточникам представлена согласно приложению 4;

      5) календарный график по использованию пастбищ, устанавливающий сезонные маршруты выпаса и передвижения сельскохозяйственных животных, представлен согласно приложению 5;

      6) информация о ветеринарно-санитарных объектах представлена согласно приложению 6;

      7) информация по численности поголовья сельскохозяйственных животных представлена согласно приложению 7;

      8) данные о количестве гуртов, отар, табунов, сформированных по видам и половозрастным группам сельскохозяйственных животных, представлены согласно приложению 8;

      9) схема пастбищеоборота города Сатпаев представлена согласно приложению 9;

      10) сведения по перераспределению пастбищ для размещения поголовья сельскохозяйственных животных в разрезе собственников земельных участков по городу Сатпаев представлена согласно приложению 10.

  Приложение 1
к Плану по управлению пастбищами
и их использованию по городу Сатпаев
на 2022 – 2023 годы

Систематический список почв, встречающихся на территории города Сатпаев

Шифр по систематическому списку почв

Название почв

1.

524

Бурые

2.

528

Бурые солончаковатые

3.

529

Бурые солончаковые

4.

532

Бурые неполноразвитые

5.

679

Солонцы бурые мелкие

6.

695

Солонцы лугово-бурые мелкие

  Приложение 2
к Плану по управлению пастбищами
и их использованию по городу Сатпаев
на 2022 – 2023 годы

Таблица земельного фонда по категориям земель

Наименование категории земель

Площадь (гектар)

1.

Земли сельскохозяйственного использования

54 789

2.

Земли граждан для ведения садоводства и дачного строительства

110

3.

Земли населенных пунктов

110 435

4.

Земли граждан для ведения крестьянского хозяйства

48 386

5.

Земли государственных сельскохозяйственных юридических лиц

4

6.

Земли негосударственных сельскохозяйственных юридических лиц

1 568

7.

Земли промышленности, транспорта, связи и иного не сельскохозяйственного назначения

22 365

8.

Земли лесного фонда

48

9.

Земли водного фонда

20

10.

Нарушенные земли

5 863

  Приложение 3
к Плану по управлению пастбищами
и их использованию по городу Сатпаев
на 2022 – 2023 годы

Схема размещения пастбищ собственников земельных участков и землепользователей на территории города Сатпаев

     


     


  Приложение 4
к Плану по управлению пастбищами
и их использованию по городу Сатпаев
на 2022 – 2023 годы

Схема доступа пастбищепользователей к водоисточникам

     


     


  Приложение 5
к Плану по управлению пастбищами
и их использованию по городу Сатпаев
на 2022 – 2023 годы

Календарный график по использованию пастбищ, устанавливающий сезонные маршруты выпаса и передвижения сельскохозяйственных животных

Населенный пункт

Начало сезона

Окончание сезона

1.

город Сатпаев

конец апреля – начало мая

конец октября – начало ноября

  Приложение 6
к Плану по управлению пастбищами
и их использованию по городу Сатпаев
на 2022 – 2023 годы

Информация о ветеринарно-санитарных объектах

Регион

Ветери нарная станция

Откормочные площадки

Убойный пункт

Скотомогильник

1.

город Сатпаев

1

0

2

1

  Приложение 7
к Плану по управлению пастбищами
и их использованию по городу Сатпаев
на 2022 – 2023 годы

Информация по численности поголовья сельскохозяйственных животных

Населенный пункт

Крупный рогатый скот

Лошади

Мелкий рогатый скот

КХ

ЛПХ

КХ

ЛПХ

КХ

ЛПХ

1.

город Сатпаев

1068

2189

1366

285

1850

2568

  Приложение 8
к Плану по управлению пастбищами
и их использованию по городу Сатпаев
на 2022 – 2023 годы

Данные о количестве гуртов, отар, табунов, сформированных по видам и половозрастным группам сельскохозяйственных животных

Населенный пункт

Количество гуртов, отар, табунов

Крупный рогатый скот

Лошади

Мелкий рогатый скот

1.

город Сатпаев

2

1

2

  Приложение 9
к Плану по управлению пастбищами
и их использованию по городу Сатпаев
на 2022 – 2023 годы

Схема пастбищеоборота города Сатпаев

     


     


  Приложение 10
к Плану по управлению пастбищами
и их использованию по городу Сатпаев
на 2022 – 2023 годы

Сведения по перераспределению пастбищ для размещения поголовья сельскохозяйственных животных в разрезе собственников земельных участков по городу Сатпаев

№ п/п

Наличие скота по видам, (голов)

Норма потребности пастбищ на 1 голову, (гектар)

Потребность пастбищ, (гектар)

Общая площадь пастбищ, (гектат)

Обеспеченность потребности, %

1.

Крупный рогатый скот

9,5

30 941

25 743

83,2

2.

Мелкий рогатый скот

1,9

8 394

6 984

83,2

3.

Лошади

11,4

18 821

15 659

83,2


Итого:

22,8

58 156

48 386

83,2