Ұлытау ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауыл, кент, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2021 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит беру туралы

Қарағанды облысы Ұлытау аудандық мәслихатының 2021 жылғы 27 шілдедегі № 54 шешімі. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабының 8-тармағына сәйкес Ұлытау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ұлытау ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, кент, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2021 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсетілсін.

      2. "Ұлытау аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі" Республикалық мемлекеттік мекемесінде тіркелуін;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Ұлытау аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат хатшысы А. Мырзабеков

О предоставлении в 2021 году подъемного пособия и бюджетного кредита на приобретение или строительство жилья специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов поселка и сельских округов прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Улытауского района

Решение Улытауского районного маслихата Карагандинской области от 27 июля 2021 года № 54. Прекращено действие в связи с истечением срока

      В соответствии с подпунктом 8 статьи 18 Закона Республики Казахстан "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий" Улытаукий районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Предоставить в 2021 году специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов поселка и сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Улытауского района подъемное пособие и социальную поддержку для приобретения или строительства жилья.

      2. Государственному учреждению "Аппарат Улытауского районного маслихата" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в Республиканском государственном учреждении "Министерство юстиции Республики Казахстан";

      2) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе Улытауского районного маслихата после его официального опубликования.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь маслихата А. Мырзабеков