Бейнеу аудандық мәслихатының 2018 жылғы 2 мамырдағы №22/186 "Бейнеу ауылының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 13/126 шешімі

      Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Бейнеу аудандық мәслихатының "Бейнеу ауылының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" 2018 жылғы 2 мамырдағы № 22/186 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3605 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Бейнеу ауылының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінде:

      мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2, 2-3 тармақтармен толықтырылсын:

      "2-1. Жергілікті қоғамдастық жиналысының құрамын жергілікті қоғамдастық жиыны төрт жыл мерзімге айқындайды және жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген кандидаттар қатарынан құрылады.

      Бұл ретте, жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің (бұдан әрі – жиналыс мүшелері) ауыл халқының жалпы санына байланысты айқындалады:

      1) 10 мың халыққа дейін – жиналыстың 5 - 10 мүшесі;

      2) 10 - 15 мың халық – жиналыстың 11 - 15 мүшесі;

      3) 15 - 20 мың халық – жиналыстың 16 – 20 мүшесі;

      4) 20 мыңнан астам халық – жиналыстың 21 - 25 мүшесі.

      2-2. Жергілікті қоғамдастық жиналысының құрамын қалыптастыру кезінде бөлек жиындар өкілдерінің саны олардың халқының санына барабар айқындалады.

      2-3. Бірнеше елді мекендерден тұратын әкімшілік – аумақтық бірлік үшін осы регламенттің 2 – 2 тармағының ережелерін ескере отырып, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындары жіберген әрбір елді мекеннен кемінде бір өкіл қамтамасыз етіледі.";

      3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелер бойынша өткізіледі:

      бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;

      Бейнеу ауылының бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;

      Аудандық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, бекітілген (нақтыланған) бюджет бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарлама шығыстары көлемінің жиырма пайызынан аспайтын көлемде қаражат бюджет шығыстарының құрылымын өзгертпей, бюджеттік мониторинг қорытындылары бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде бюджет қаражаты игерілмеген және (немесе) бюджеттік бағдарламалар арасында қайта бөлінген жағдайда, Бейнеу ауылының бюджетін түзетуді келісу;

      Бейнеу ауылының коммуналдық меншігін (жергілікті өзін - өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару жөніндегі Бейнеу ауылы әкімінің аппаратының шешімдерін келісу;

      бюджетінің атқарылуын мониторингтеу мақсатында жиналысқа қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру;

      Бейнеу ауылы бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;

      Бейнеу ауылының коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісу;

      Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс – шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай - ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды, сондай – ақ "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде олар бойынша ұсынымдар беруді көздейтін атқарушы органдардың, сондай - ақ ауыл әкімінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда, жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;

      Бейнеу ауылы әкіміне кандидат ретінде тіркеу үшін аудандық сайлау комиссиясына одан әрі енгізу үшін аудан әкімінің Бейнеу ауылының әкімі лауазымына ұсынған кандидатураларын келісу;

      Бейнеу ауылы әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау;

      жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау жөнінде ұсыныстар енгізу;

      жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелері.";

      4 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Жиналыс Бейнеу ауылының әкімімен дербес не жиналыс мүшелерінің кемінде он пайызының бастамасы бойынша, бірақ тоқсанына кемінде бір рет шақырылады және өткізіледі.

      Жиналыстың бастамашылары күн тәртібін көрсете отырып, әкімге еркін нысанда жазбаша өтініш жасайды.

      Әкім үш жұмыс күні ішінде жазбаша өтінішті қарайды және шақырылымның орны мен уақытын көрсете отырып, жиналысты шақыру туралы шешім қабылдайды.";

      5 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. Заңның 39 – 3 бабының 3 тармағы 4 - 3 тармақшасында көзделген, жергілікті қоғамдастық жиналысының шақырылу уақыты, орны туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей хабардар етілетін жағдайды қоспағанда, жиналыстың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жиналыстың мүшелері жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен хабардар етіледі.

      Әкім аппараты жиналыстың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды жазбаша түрде, электрондық құжат нысанында (электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған) немесе құжаттардың электрондық көшірмесін жиналысқа шақырғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей жиналыстың мүшелеріне және әкімге ұсынады.";

      9 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "9. Жиналысты аудан әкімі аппаратының, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың, сондай - ақ мәселелері жиналысты шақыруда қаралатын жеке және заңды тұлғалардың өкілдері шақырылады. Сондай - ақ жиналысты шақыруға аудан мәслихатының депутаттары, бұқаралық ақпарат құралдарының және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатыса алады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шақырылған адамдар жиналыстың мүшелері болып табылмайды және шешімдер қабылдау кезінде дауыс беруге қатыспайды.";

      11 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "11. Жиналыс өз өкілеттігі шеңберінде шақырылымға қатысып отырған жиналыс мүшелерінің көпшілік даусымен шешімдер қабылдайды.

      Дауыстар тең болған жағдайда жиналыстың төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

      Жиналыстың шешімі хаттамамен ресімделеді, онда:

      1) жиналыстың өткізілетін күні мен орны;

      2) жиналыс мүшелерінің саны және тізімі;

      3) өзге де қатысушылардың саны және олардың аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі көрсетілген тізімі;

      4) жиналыс төрағасы мен хатшысының аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі;

      5) күн тәртібі, сөйлеген сөздердің қысқаша мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

      Хаттамаға жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және хаттама ауыл әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімін қамтитын жағдайларды қоспағанда, жиналыс өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ауыл әкіміне беріледі.

      Бейнеу ауыл әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы шешімі бар жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасына жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және бес жұмыс күні ішінде ауданның тиісті мәслихатының қарауына беріледі.";

      12 және 13 тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "12. Жиналыс қабылдаған шешімдерді ауыл әкімі қарайды және ауыл әкімінің аппараты бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жиналыс мүшелеріне жеткізеді.

      "13. Әкім жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімімен келіспейтінін білдірген жағдайда, осы мәселелер осы регламенттің 2 – тарауында көзделген тәртіппен қайта талқылау арқылы шешіледі.

      Ауыл әкімінің келіспеушілігін тудырған мәселелерді шешу мүмкін болмаған жағдайда, мәселені жоғары тұрған әкім шешеді.

      Ауыл әкімі екі жұмыс күні ішінде жоғары тұрған әкімнің және тиісті ауданның мәслихатының атына жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасын жергілікті қоғамдастық жиналысы келіспеушілік тудырған мәселелерді қайтадан талқылағаннан кейін жібереді.

      Бес жұмыс күні ішінде Заңның 11 бабында көзделген тәртіппен аудан тиісті мәслихатының таяудағы отырысында алдын ала талқылаудан және оның шешімінен кейін жоғары тұрған әкім шешім қабылдайды.";

      2. "Бейнеу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.


      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бейнеу аудандық мәслихатының хатшысы Қ.Мансуров

О внесении изменений и дополнений в решение Бейнеуского районного маслихата от 2 мая 2018 года №22/186 "Об утверждении Регламента собрания местного сообщества села Бейнеу"

Решение Бейнеуского районного маслихата Мангистауской области от 13 декабря 2021 года № 13/126

      Бейнеуский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Бейнеуского районного маслихата "Об утверждении Регламента собрания местного сообщества села Бейнеу" от 2 мая 2018 года № 22/186 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 3605) следующие изменения и дополнения:

      в регламенте собрания местного сообщества, утвержденном указанным решением:

      дополнить пунктами 2-1, 2-2 и 2-3 следующего содержания:

      "2-1. Состав собрания местного сообщества определяется сходом местного сообщества сроком на четыре года и образуется из числа кандидатов, делегированных сходом местного сообщества.

      При этом, количество членов собрания местного сообщества, делегированных сходом местного сообщества (далее – члены собрания) определяется в зависимости от общей численности населения села:

      1) до 10 тысяч населения - 5 - 10 членов собрания;

      2) 10 - 15 тысяч населения - 11 - 15 членов собрания;

      3) 15 – 20 тысяч населения - 16 - 20 членов собрания;

      4) свыше 20 тысяч населения - 1 - 25 членов собрания.

      2-2. При формировании состава собрания местного сообщества количество представителей раздельных сходов определяется пропорционально количеству их населения.

      2-3. Для административно - территориальной единицы, состоящей из нескольких населенных пунктов, обеспечивается не менее одного представителя от каждого населенного пункта, делегированного раздельными сходами местного сообщества, с учетом положений пункта 2 - 2 настоящего регламента.";

      пункт 3 изложить в новый редакции:

      "3. Собрание проводится по текущим вопросам местного значения:

      обсуждение и рассмотрение проектов программных документов, программ развития местного сообщества;

      согласование проекта бюджета села Бейнеу и отчета об исполнении бюджета;

      согласование корректировки бюджета села Бейнеу в случае перераспределения средств в объеме не более двадцати процентов от объема расходов бюджетной программы на текущий финансовый год по утвержденному (уточненному) бюджету, за исключением бюджетных программ (подпрограмм), финансируемых за счет целевых трансфертов из районного (города областного значения) бюджета, между бюджетными программами при неосвоении бюджетных средств и (или) неэффективном исполнении бюджетных программ в течение текущего финансового года по итогам бюджетного мониторинга без изменения структуры расходов бюджета;

      согласование решений аппарата акима села Бейнеу по управлению коммунальной собственностью села Бейнеу (коммунальной собственностью местного самоуправления);

      образование комиссии местного сообщества из числа участников собрания в целях мониторинга исполнения бюджета села Бейнеу;

      заслушивание и обсуждение отчета о результатах проведенного мониторинга исполнения бюджета села Бейнеу;

      согласование отчуждения коммунального имущества села Бейнеу;

      обсуждение актуальных вопросов местного сообщества, проектов нормативных правовых актов, касающихся прав, свобод и обязанностей граждан, за исключением проектов нормативных правовых актов местных исполнительных органов, а также акимов, предусматривающих принятие решений об установлении (отмене) карантинной зоны с введением карантинного режима на соответствующей территории, об установлении (снятии) карантина и (или) ограничительных мероприятий в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан в области ветеринарии, а также объявление чрезвычайной ситуации природного и техногенного характера, а также предоставление по ним рекомендаций в сроки, предусмотренные Законом Республики Казахстан "О правовых актах";

      согласование представленных акимом района кандидатур на должность акима села для дальнейшего внесения в соответствующую районную (городскую) избирательную комиссию для регистрации в качестве кандидата в акимы села Бейнеу;

      инициирование вопроса об освобождении от должности акима села Бейнеу;

      внесение предложений по назначению руководителей государственных учреждений и организаций, финансируемых из местного бюджета и расположенных на соответствующих территориях;

      другие текущие вопросы местного сообщества.";

      пункт 4 изложить в новый редакции:

      "4. Собрание созывается и проводится акимами села Бейнеу самостоятельно либо по инициативе не менее десяти процентов членов собрания, но не реже одного раза в квартал.

      Инициаторы собрания в произвольной форме письменно обращаются к акиму с указанием повестки дня.

      Аким в течение трех рабочих дней рассматривает письменное обращение и принимает решение о созыве собрания с указанием места и времени созыва.";

      пункт 5 изложить в новый редакции:

      "5. О времени, месте созыва собрания и обсуждаемых вопросах, члены собрания оповещаются не позднее, чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации или иными способами, за исключением случая, предусмотренного подпунктом 4-3) пункта 3 статьи 39 - 3 Закона, согласно которому о времени, месте созыва собрания местного сообщества члены собрания местного сообщества оповещаются не позднее чем за три календарных дня до дня его проведения.

      По вопросам, вносимым на рассмотрение собрания, аппарат акима не позднее, чем за пять календарных дней до созыва собрания представляет членам собрания и акиму необходимые материалы в письменном виде, в форме электронного документа (удостоверенный посредством электронной цифровой подписью) или электронной копии документов.";

      пункт 9 изложить в новый редакции:

      "9. На созыв собрания приглашаются представители аппарата акима района, государственных учреждений и предприятий, а также физических и юридических лиц, вопросы которых рассматриваются на созыве собрания. Также на созыве собрания могут присутствовать депутаты маслихата района, представители средств массовой информации и общественных объединений.

      Приглашенные лица, указанные в части первой настоящего пункта, не являются членами собрания и не участвуют в голосовании при принятии решений.";

      пункт 11 изложить в новый редакции:

      "11. Собрание в рамках своих полномочий принимает решения большинством голосов присутствующих на созыве членов собрания.

      В случае равенства голосов председатель собрания пользуется правом решающего голоса.

      Решение собрания оформляется протоколом, в котором указываются:

      1) дата и место проведения собрания;

      2) количество и список членов собрания;

      3) количество и список иных присутствующих с указанием фамилии, имени, отчества (при его наличии);

      4) фамилия, имя, отчество (при его наличии) председателя и секретаря собрания;

      5) повестка дня, краткое содержание выступлений и принятые решения.

      Протокол подписывается председателем и секретарем собрания и в течение двух рабочих дней со дня проведения собрания передается акиму сельского округа, за исключением случаев, когда протокол содержит решение собрания местного сообщества об инициировании вопроса о прекращении полномочий акима сельского округа.

      Протокол собрания местного сообщества с решением об инициировании вопроса о прекращении полномочий акима села Бейнеу подписывается председателем и секретарем собрания и в течение пяти рабочих дней передается на рассмотрения в маслихат района.";

      пункты 12 и 13 изложить в новый редакции:

      "12. Решения, принятые собранием, рассматриваются акимом села и доводятся аппаратом акима села до членов собрания в срок не более пяти рабочих дней.

      "13. В случае выражения акимом несогласия с решением собрания местного сообщества, данные вопросы разрешаются путем повторного обсуждения в порядке, предусмотренном главой 2 настоящего регламента.

      В случае невозможности разрешения вопросов, вызвавших несогласие акима села, вопрос разрешается вышестоящим акимом.

      Аким села, в течение двух рабочих дней, направляет в адрес вышестоящего акима и маслихата соответствующего района протокол собрания местного сообщества, после повторного обсуждения собранием местного сообщества вопросов, вызвавших несогласие.

      Вышестоящий аким после предварительного обсуждения и его решения на ближайшем заседании маслихата соответствующего района вопросов, вызвавших несогласие между акимом села и собрания местного сообщества в порядке предусмотренным статьей 11 Закона, принимает решение в течение пяти рабочих дней.";

      2. Государственному учреждению "Аппарат Бейнеуского районного маслихата" обеспечить государственную регистрацию настоящего решения в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь Бейнеуского районного маслихата К.Мансуров