Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4 тармағы 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және жер учаскесіне құқық беру үшін жобалау жоспарына сәйкес ШЕШТІМ:
1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне Тәжен ауылы жерінен су құбырын жүргізу үшін ауданы 0,2148 гектар, газ құбырын жүргізу үшін ауданы 0,2123 гектар және талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу үшін 1,0222 гектар, тоқ желісін жүргізу үшін ауданы 1,0192 гектар жер учаскелеріне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Тәжен ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
осы шешімді ресми жариялауға жіберуді;
Бейнеу ауданы әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.
Тәжен ауылының әкімі | С.Кокаев |