Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19-бабына, 69 бабының 4-тармағының 2-тармақшасына, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және жер учаскелеріне құқық беру үшін жобалық жоспарына сәйкес ШЕШТІМ:
1. "Р-2-Р.KZ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Ақжігіт ауылынан инженерлік желі жүргізу үшін (талшықты-оптикалық байланыс желісі) ауданы 3,9291 гектар жер учаскесі 10 (он) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Ақжігіт ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
осы шешімді ресми жариялауға жіберуді;
Бейнеу ауданы әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
Ақжігіт ауылының әкімі | Ж.Салиев |