Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "BEEF EXPORT GROUP" (БИФ ЭКСПОРТ ГРУПП) жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне осы қаулының қосымшасына сәйкес объектілер бойынша жер учаскелеріне коммуналдық, инженерлік, электр және басқа да желілер мен тораптарды жүргізу және пайдалану мақсатында қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Қ. Ахметов |
Әкімдіктің қаулысына | |
қосымша |
1. Қостанай қаласы, Северная өнеркәсіптік база көшесі мекенжайы бойынша орналасқан, "Ет өңдеу комбинатын газбен жабдықтауға қызмет көрсету үшін", жалпы алаңы 0,0968 гектар.
2. Қостанай қаласы, Северная өнеркәсіптік база көшесі мекенжайы бойынша орналасқан, "Ет өңдеу комбинатын газбен жабдықтауға қызмет көрсету үшін", жалпы алаңы 0,0506 гектар.