Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, жер комиссиясының 11 тамыздағы № 790 қорытындысына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Степаненко Валерий Николаевич" жеке кәсіпкерге Қостанай қаласы, 1 Май-Юлия Журавлева-Қозыбаев көшесі мекенжайы бойынша орналасқан "Газ құбырын төсеуге (газ құбырын төсеу орсыз тәсілмен (тесу) көзделеді)" объектісі бойынша коммуналдық, инженерлік, электр және басқа да желілер мен тораптарды жүргізу және пайдалану мақсатында жалпы алаңы 0,0632 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Қ. Ахметов |