Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, жер комиссиясы отырысының 2021 жылғы 14 шілдедегі № 786 қорытындысына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Строй Элит Дом" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қостанай қаласы, Ғ. Қайырбеков көшесі, 358 а үй мекенжайы бойынша орналасқан "жапсарлас үй-жайлары мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешенін салу" объектісі бойынша коммуналдық, инженерлік, электр және басқа да желілер мен тораптарды жүргізу және пайдалану мақсатында жалпы алаңы 0,0041 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Қ. Ахметов |