Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, жер комиссиясының 2021 жылғы 6 қазандағы № 798 қорытындысына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "AutoRecycling" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қостанай қаласы, индустриялық аймақ мекенжайы бойынша орналасқан "Қостанай қаласында пайдаланудан шыққан ауыл шаруашылығы техникасын кәдеге жарату зауытының құрылысы" жобасын іске асыруға байланысты, газ құбырын салу үшін жалпы алаңы 0,3476 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Қ. Ахметов |