Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, жер комиссиясының 2021 жылғы 18 қарашадағы № 804 қорытындысы, "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2021 жылғы 6 желтоқсандағы № 1362 бұйрығымен бекітілген жерге орналастыру жобасы негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Кайрат Дуйсенбекович Ерденовке газ құбырын төсеу үшін Қостанай қаласы, "Текстильщик" БСТК, 1944, 1946, 1948 учаске мекенжайы бойынша орналасқан жалпы алаңы 0,0250 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Қ. Ахметов |