Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, жер комиссиясының 2021 жылғы 18 қарашадағы № 804 қорытындысы, "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2021 жылғы 6 желтоқсандағы № 1361 бұйрығымен бекітілген жерге орналастыру жобасы негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстандағы Православиелік Шіркеуінің Қостанай және Рудный Епархиясы" жергілікті діни бірлестігіне газ құбырын төсеу үшін Қостанай қаласы, Абай даңғылы – Победа көшесі қиылысы ауданында, Абай даңғылы, 197 бойынша объектінің жанында мекенжайы бойынша орналасқан жалпы алаңы 0,0086 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Қ. Ахметов |