"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Әулиекөл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Әулиекөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әулиекөл ауданының әкімі | Е. Теменов |
Әулиекөл ауданы әкімдігінің | |
қаулысымен № 231 | |
29 желтоқсандағы 2021 жылғы | |
бекітілген |
"Әулиекөл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. Жалпы ережелер
1. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Ішкі саясат бөлімі) ішкі саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Әулиекөл ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнің ведомствосы бар:
"Әулиекөл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
3. Ішкі саясат бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Ішкі саясат бөлімі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Ішкі саясат бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Ішкі саясат бөлімі, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Ішкі саясат бөлімі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Ішкі саясат бөлімінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110400 индексі, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Әулиекөл ауылы, 1 Май көшесi, 44.
10. Осы Ереже ІШКІ саясат бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Ішкі саясат бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
12. Ішкі саясат бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен өкілеттік болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Ішкі саясат бөліміне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
13. Міндеттері:
1) Қоғамның демократиялық институттарын нығайтуға қатысу, Қазақстанның Стратегиялық дамуының негізгі басымдылықтарын, Қазақстан халқына Мемлекет Басшысының жыл сайынғы Жолдауын насихаттау мен түсіндіру;
2) Казақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, мәслихаттың, әкiмдіктің және әкiмнiң актiлерi мен тапсырмаларына сәйкес "Әулиекөл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіндегі мәселелер бойынша ауданда мемлекет iшкi саясатының жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының орындауды қамтамасыз ету және iске асыру;
3) әлеуметтік-экономикалық, мәдени және қоғамдық-саяси салалардағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарын іске асыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;
4) діни және басқа да коммерциялық емес қоғамдық бірлестіктермен байланысты және өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
5) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау мен қолдану мәселелері жөнінде аудан бөлімдерімен қарым-қатынас;
6) ауданда мемлекеттік ақпараттық саясатты тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, соның ішінде мемлекеттік тапсырысты орындау бойынша БАҚ қызметін үйлестіру және әдістемелік қолдау, заңнаманы сақтауға БАҚ қызметіне мониторинг жүргізу;
14. Өкілеттіктер
1) құқықтар:
1) ішкі саясат бағдарламалары бойынша жұмыстарды, тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде әрекет етеді;
2) діни сенім бостандығы құқығын одан әрі іске асыру, сондай-ақ Әулиекөл ауданының аумағында тұратын барлық этностардың мәдениеті мен дәстүрлерін еркін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау;
3) мемлекет пен азаматтық қоғамның, билік пен оппозицияның сындарлы диалог тетіктерін қалыптастыру;
4) патриоттық сана-сезімді, азаматтық жауапкершілікті арттыруға, белсенді қоғамдық ұстанымды қалыптастыруға, жас таланттарды анықтауға және қолдауға бағытталған жас ұрпақпен өзара іс-қимылдың тиімді моделін әзірлеу.
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қажетті шаралар қабылдайды және дербес жауапты болады;
6) бөлім қызметінің саласына қатысты мәселелер бойынша тапсырмалар береді, олардың орындалуын бақылайды, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар өткізетін іс-шараларға қатысады;
2) міндеттері:
1) мемлекеттік органдардан, кәсіпорындар мен ұйымдардан мемлекеттік мекеменің функцияларын орындау үшін қажетті ақпарат пен мәліметтерді қолданыстағы заңнамада белгіленген мерзімде сұратады және алады;
2) ішкі саясат саласындағы жұмыстар мен іс-шараларды жүргізуге шарттар жасасады;
3) мемлекеттік басқару органдарының қарауына өз құзыреті шегінде мәселелерді шешу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
4) қолданыстағы заңнамамен берілген өзге де құқықтарды пайдаланады;
5) Ішкі саясат бөлімі өз құзыреті шегінде ішкі саясат саласындағы аудандық бөлімдердің жұмысын үйлестіре алады. Осы мақсатта бөлім зерделеу және аудан әкімін ақпараттандыру үшін олардан деректер мен ақпаратты сұратуға құқылы.
15. Функциялар:
1) әлеуметтік шиеленіске мониторингті жүзеге асыру, өңірде болып жатқан қоғамдық-саяси үдерістерді және олардың даму үрдістерін жан-жақты және объективті зерделеу, жинақтау және талдау;
2) жастар саясатын жүзеге асыру, ауданның жастар бірлестіктерінің қызметін үйлестіру және ықпал ету;
3) Ішкі саясат бөлімі жұмысының сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында оның қызметінің бағыттары бойынша ішкі бақылауды жүзеге асырады;
4) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің Әулиекөл ауданының мемлекеттік мекемелері мен ұйымдарында пайдаланылуын (тігілуін, орналастырылуын) бақылауды жүзеге асырады;
5) өңірдегі діни ахуалға зерделеу және талдау жүргізеді;
6) өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асырады;
7) Әулиекө ауданы әкімдігінің нормативтік құқықтық және нормативтік емес актілерінің жобаларын дайындайды;
8) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
9) заңнамада белгіленген тәртіппен "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 418-бабының 1-1-тармақтарында, 489-1-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыру.
3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Ішкі саясат бөліміне басшылықты Ішкі саясат бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
17. Ішкі саясат бөлімінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
18. Ішкі саясат бөлімі бірінші басшысының өкілеттігі:
1) Ішкі саясат бөлімінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды;
2) Ішкі саясат бөлімінің басшысы жеке-дара әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен айқындалатын өз құзыретіне сәйкес мемлекеттік мекеме қызметінің мәселелерін дербес шешеді;
3) мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
4) барлық ұйымдарда Ішкі саясат бөлімінің мүдделерін білдіреді;
5) заңдарда белгіленген жағдайлар мен шектерде мүлікке билік етеді;
6) шарттар жасасады ;
7) сенімхаттар береді;
8) қаржылық құжаттарға бірінші қол қою құқығына ие;
9) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесін бекітеді;
10) ішкі саясат бөлімінің барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
11) еңбек қатынастарының мәселелері өзінің құзыретіне жатқызылған Ішкі саясат бөлімінің қызметкерлеріне заңнамада белгіленген тәртіппен тәртіптік жазалар қолданады және көтермелеу шараларын қолданады;
12) қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
13) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмысқа дербес жауапты болады;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Ережемен, аудан әкімдігімен, әкіммен, оның орынбасарларымен және аудан әкімінің аппаратымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ішкі саясат бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
4. Мемлекеттiк органның мүлкi
19. Ішкі саясат бөлімі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Ішкі саясат бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
20. Ішкі саясат бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Ішкі саясат бөлімі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату
22. Ішкі саясат бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Ішкі саясат бөлімі мен оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
"Әулиекөл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.