Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 71-1-бабы 2-тармағына, сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Джаркульское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау операцияларын жүргізу үшін Жітіқара ауданының аумағында орналасқан жалпы алаңы 149,4342 гектар жер учаскелеріне 2025 жылғы 21 желтоқсанға дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Жітіқара ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) құрылтай құжатының тіркеуші орган Жітіқара ауданының Әділет басқармасына тіркеуге жіберілуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жітіқара ауданының әкімі | Н. Өтегенов |