Қазақстан Республикасы Жер кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қарабалық ауданы Тоғызақ ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. "Қарабалық ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне газ тарату желілеріне құрылыс және пайдалану үшін, Тоғызақ ауылдық округінің Гурьянов ауылының аумағында орналасқан, жалпы аланы 0,8831 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
И. Проскурникова |