"Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Жауапты хатшысының міндетін атқарушының 2021 жылғы 14 қаңтардағы № 5-Ө бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 29 қазандағы № 447-п бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 шiлдедегi № 543-Ө бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 20.07.2022 № 543-Ө бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Жауапты хатшысының міндетін атқарушының 2021 жылғы 14 қаңтардағы № 5-Ө бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті туралы ереже осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің міндетін атқарушы
С. Қожаниязов

  Қазақстан Республикасы
  Экология, геология және табиғи
  ресурстар министрінің
  міндетін атқарушының
  2021 жылғы 29 қазандағы
  № 447-ө бұйрығына
  қосымша
  Қазақстан Республикасы
  Экология, геология және табиғи
  ресурстар министрлігінің
  Жауапты хатшысының
  міндетін атқарушының
  2021 жылғы 14 қаңтардағы
  № 5-Ө бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында стратегиялық, реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құзыреті шегіндегі ведомство болып табылады.

      2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тілде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      5. Комитетке заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел көшесі, 8-үй, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. Комитеттің осы Ереженің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес аумақтық бөлімшелері, ведомстволық бағынысты ұйымдары, Комитетке мемлекеттік қатысу үлесін иелену және пайдалану құқығы берілген ұйымы бар.

      11. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

      12. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады.

      Егер Комитетке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2-тарау. Комитеттің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері

      14. Мақсаты - балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында стратегиялық, реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын орындау.

      15. Комитеттің құқығы:

      1) өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

      16. Комитеттің міндеттері:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету;

      2) мемлекеттік қызметтерді алушылардың мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету;

      3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бағалау жүргізу үшін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау жөніндегі уәкілетті органға, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға тиісті ақпарат беруге қатысу;

      4) заңнамада белгіленген тәртіппен қоғамдық мониторинг жүргізетін коммерциялық емес ұйымдарға тиісті ақпарат беруге қатысу;

      5) мемлекеттік қызмет алушылардың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін қарау;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;

      7) осы Ережеге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитетке жүктелген функцияларды уақтылы және сапалы орындау.

      17. Комитеттің функциялары:

      1) балық шаруашылығы саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;

      2) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау және қадағалау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы, сондай-ақ балық шаруашылығын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      3) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы, сондай-ақ балық шаруашылығын дамыту саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген құзыретіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;

      5) құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күшін қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсаттар беруді жүзеге асырады;

      6) интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру мақсатында аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды, балықтың қырылу қаупі бар су айдындарында және (немесе) учаскелерінде аулауды, сондай-ақ бақылау үшін аулауды ұйымдастырады және (немесе) жүзеге асырады;

      7) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды, будандастыруды жүргізуге рұқсаттар береді;

      8) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында ғылыми зерттеулер мен жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады және (немесе) қамтамасыз етеді;

      9) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жүргізуді ұйымдастырады;

      10) балықтардың болмай қоймайтын қырылуына әкеп соғатын қырылу қаупі туындаған және су объектілеріне немесе олардың бөліктеріне ағымдағы балық шаруашылығы мелиорациясын жүргізу арқылы мұндай қатерді жою мүмкін болмаған жағдайларда ғылыми ұсынымдар негізінде балықтарды мелиорациялық аулау туралы шешім қабылдайды;

      11) су тарту және ағызу құрылыстарын балық қорғау құрылғыларының бар-жоғына және олардың белгіленген талаптарға сәйкестігіне қарап-тексеруді жүзеге асырады;

      12) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүзеге асыру тәртібінің сақталуына мемлекеттік қадағалауды және бақылауды жүзеге асырады;

      13) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуын айқындау мақсатында жануарлар дүниесін пайдаланушылардың қызметін тексереді;

      14) балық ресурстарының және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      15) балық шаруашылығын жүргізу қағидаларының сақталуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      16) балық аулау қағидаларының сақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      17) балық ресурстарының және басқа да су жануарларын қорғау және қадағалау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормалар мен нормативтердің сақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      18) балық ресурстарының және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі іс-шаралардың орындалуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      19) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға белгіленген шектеулер мен тыйым салулардың сақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      20) құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады;

      21) биологиялық негіздеме негізінде бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынындағы және (немесе) учаскесіндегі балық шаруашылығы мелиорациясын, жануарлар дүниесін пайдаланушылар арнайы пайдалану кезінде жүргізетін балық ресурстарының және басқа да су жануарларының кәсіпшілік қорының деректерін жыл сайын түзетуді келіседі;

      22) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыратын субъектілер әзірлейтін техникалық-экономикалық негіздемені және жобалау-сметалық құжаттаманы келіседі;

      23) екі және одан да көп облыста орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында, сондай-ақ сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлар түрлерін ғылыми-зерттеу үшін аулау мақсатында жануарлар әлемін пайдалануға рұқсат береді;

      24) балық шаруашылығы су айдындарының резервтік қорында және (немесе) учаскелерінде жануарлар дүниесінің өсімін молайту мен мемлекеттік есепке алуды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

      25) балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық аулауға тыйым салынған кезеңде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған жерлерде қозғалтқыштары қосылған су көлігінің барлық түрлерінің жүруін келіседі;

      26) жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды енгізу, жануарлар дүниесі объектілерін пайдаланудың және (немесе) пайдалануға тыйым салудың белгіленген мерзімдерін ауыстыру туралы шешім қабылдайды, тиісті ғылыми ұйымдар берген, мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын биологиялық негіздеме негізінде оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілейді;

      27) мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығына мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат ұсынады;

      28) халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын бекітіп беру жөнінде конкурс өткізеді;

      29) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      30) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      31) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы аккредиттелген ғылыми ұйымдардың ұсынымы бойынша тыйым салудың жалпы ұзақтығын өзгертпестен, жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға тыйым салу мерзімін табиғи-климаттық жағдайларға байланысты қайсыбір жағына күнтізбелік он бес күнге ауыстыру туралы шешім қабылдайды;

      32) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан жабайы тірі жануарларды, оның ішінде сирек кездесетіндерін және құрып кету қаупі төнгендерін әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжатын) бередi;

      33) балық шаруашылығын жүргізуге шарттар жасайды;

      34) халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қайта бекітіп беруді жүзеге асырады;

      35) Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

3-тарау. Комитеттің қызметін ұйымдастыру кезіндегі оның басшысының мәртебесі және өкілеттіктері

      18. Комитетке басшылықты Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Комитет төрағасы жүзеге асырады.

      19. Комитет төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      20. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      21. Комитет төрағасының өкілеттіктері:

      1) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;

      2) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министріне Комитеттің және оның аумақтық бөлімшелерінің құрылымы мен штат саны жөнінде ұсыныстар береді;

      3) еңбек қатынастары мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Комитет қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      4) Министрліктің келісімі бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      5) ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      6) Министрлікке аумақтық бөлімшелердің басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізеді;

      7) аумақтық бөлімшелердің басшы орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      8) еңбек қатынастары мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Комитет қызметкерлерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының және олардың орынбасарларының лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      9) Комитетте, Комитеттің аумақтық бөлімшелерінде және ведомстволық бағынысты ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады және іс-шараларды ұйымдастырады;

      10) аумақтық бөлімшелердің басшыларын іссапарға жіберу (шетелге іссапарға жіберуді қоспағанда), материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау) және біліктілігін арттыру, үстемеақылар төлеу және көтермелеу мәселелерін шешеді;

      11) еңбек қатынастары мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Комитет қызметкерлерін, аумақтық бөлімшелер басшыларының орынбасарларын, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын және олардың орынбасарларын іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау) және біліктілігін арттыру, үстемеақы төлеу және көтермелеу, тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешеді;

      12) Комитеттің аумақтық бөлімшелері басшысының міндеттерін ол болмаған уақытта Комитеттің аумақтық бөлімшелері басшысының орынбасарына немесе басқа қызметкеріне жүктеу бойынша ұсыныстар енгізеді;

      13) Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін және өз құзыреті шегінде Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдарының құрылтай құжаттарын, сондай-ақ Комитеттің қарамағындағы аумақтық бөлімшелердің ережелерін бекітеді;

      14) Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдарының құрылымы мен штат кестелерін келіседі;

      15) реттелетін салада мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

      16) аумақтық бөлімшелердің Комитетпен өзара іс-қимыл жасау құзыреті мен тәртібін айқындайды;

      17) аумақтық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдар актілерінің қолданылуын жояды не толық немесе ішінара тоқтатады;

      18) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда сенімхатсыз Комитеттің атынан өкілдік етеді;

      19) Комитетте қаржы-шаруашылық қызметіне және мемлекеттік сатып алуды өткізуге жалпы басшылықты жүзеге асырады;

      20) Қазақстан Республикасы заңнамаларына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Комитет төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      22. Комитет төрағасы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

      23. Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комитеттің атынан мемлекеттік органдарына, Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне, ведомстволық бағынысты ұйымдарына, мемлекеттік қатысу үлесін иелену және пайдалану құқығы берілген ұйымына, Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне, жеке және заңды тұлғаларға жіберілетін құжаттарға Комитет төрағасы және өз құзыреттілігі шегінде оның орынбасарлары, ал олар болмаған жағдайда оларды алмастыратын адам қол қояды.

4-тарау. Комитеттің мүлкі

      24. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      25. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      26. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Комитет өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      27. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті туралы ережеге
  1-қосымша

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің мемлекеттік мекемелері - аумақтық бөлімшелерінің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      2. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      3. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      4. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      5. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      6. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      7. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      8. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

  Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті туралы ережеге
  2-қосымша

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің "Атырау бекіре балық өсіру зауыты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің "Қамыстыбас балық питомнигі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің "Петропавл балық питомнигі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      4. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің "Орал-Атырау бекіре балық өсіру зауыты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

  Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті туралы ережеге
  3-қосымша

Комитетке мемлекеттік қатысу үлесін иелену және пайдалану құқығы берілген ұйымдарының тізбесі

      1. "Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Ответственного секретаря Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 14 января 2021 года № 5-п "Об утверждении Положения о Комитете рыбного хозяйства Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан"

Приказ и.о. Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 29 октября 2021 года № 447-п. Утратил силу приказом Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 20 июля 2022 года № 543-П.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра экологии, геологии и природных ресурсов РК от 20.07.2022 № 543-П.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Ответственного секретаря Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 14 января 2021 года № 5-п "Об утверждении Положения о Комитете рыбного хозяйства Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан" следующее изменение:

      положение о Комитете рыбного хозяйства Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан, утвержденное указанным приказом изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Комитету рыбного хозяйства Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) направление копии настоящего приказа в республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан;

      3) принятие иных мер, вытекающих из настоящего приказа.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие со дня его подписания.

      Исполняющий обязанности Министра
экологии, геологии и природных ресурсов
Республики Казахстан
С. Кожаниязов

  Приложение к приказу
исполняющего обязанности
Министра экологии, геологии и
природных ресурсов
Республики Казахстан
от 29 октября 2021 года № 447-п
  Утверждено
приказом исполняющего
обязанности
Ответственного секретаря
Министерства экологии, геологии и природных ресурсов
Республики Казахстан
от 14 января 2021 года № 5-п

Положение о Комитете рыбного хозяйства Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан

Глава 1. Общие положения

      1. Республиканское государственное учреждение "Комитет рыбного хозяйства Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан" (далее – Комитет) является ведомством в пределах компетенции Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан (далее – Министерство), осуществляющим стратегические, регулятивные, реализационные и контрольные функции в области охраны, воспроизводства и использования рыбных ресурсов и других водных животных.

      2. Комитет осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      3. Комитет является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.

      4. Комитет вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      5. Комитет имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.

      6. Комитет по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами председателя Комитета и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      7. Структура и лимит штатной численности Комитета утверждаются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      8. Местонахождение юридического лица: Республика Казахстан, 010000, город Нур-Султан, Есильский район, улица Мәңгілік Ел, дом 8, административное здание "Дом министерств".

      9. Полное наименование государственного органа – республиканское государственное учреждение "Комитет рыбного хозяйства Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан".

      10. Комитет имеет территориальные подразделения, подведомственные организации, организацию права владения и пользования государственной долей участия, которой переданы Комитету в соответствии с приложениями 1, 2 и 3 к настоящему Положению.

      11. Настоящее Положение является учредительным документом Комитета.

      12. Финансирование деятельности Комитета осуществляется из республиканского бюджета.

      13. Комитету запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся полномочиями Комитета.

      Если Комитету законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

Глава 2. Задачи, права и обязанности Комитета

      14. Задача – выполнение стратегических, регулятивных, реализационных и контрольных функций в области охраны, воспроизводства и использования рыбных ресурсов и других водных животных.

      15. Права Комитета:

      1) принимать обязательные для исполнения нормативные правовые акты в пределах своей компетенции;

      2) запрашивать и получать в установленном законодательством порядке от государственных органов, организаций, их должностных лиц необходимую информацию и материалы;

      3) осуществлять иные права и обязанности, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.

      16. Обязанности Комитета:

      1) обеспечивать доступность государственных услуг;

      2) обеспечивать информированность получателей государственных услуг о порядке оказания государственных услуг;

      3) участвовать в предоставлении соответствующей информации в уполномоченный орган по оценке качества оказания государственных услуг и контроля за качеством оказания государственных услуг, уполномоченный орган в сфере информатизации для проведения оценки качества оказания государственных услуг;

      4) участвовать в предоставлении соответствующей информации некоммерческим организациям, проводящим общественный мониторинг, в установленном законодательством порядке;

      5) рассматривать жалобы и обращения получателей государственных услуг, а также физических и юридических лиц;

      6) соблюдать законодательство Республики Казахстан, права и охраняемые законом интересы физических и юридических лиц;

      7) своевременно и качественно выполнять функции Комитета, возложенные в соответствии с настоящим Положением и законодательством Республики Казахстан.

      17. Функции Комитета:

      1) осуществляет межотраслевую координацию деятельности государственных органов в области рыбного хозяйства;

      2) реализует государственную политику в области охраны, воспроизводства и использования рыбных ресурсов и других водных животных, а также в области развития рыбного хозяйства;

      3) разрабатывает нормативные правовые акты в области охраны, воспроизводства и использования рыбных ресурсов и других водных животных, а также в области развития рыбного хозяйства;

      4) осуществляет производство по делам об административных правонарушениях в пределах компетенции, в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      5) осуществляет выдачу разрешений на импорт на территорию Республики Казахстан, экспорт и (или) реэкспорт с территории Республики Казахстан видов животных, подпадающих под действие Конвенции о международной торговле видами дикой фауны и флоры, находящимися под угрозой исчезновения;

      6) осуществляет и (или) организует лов с целью интродукции, реинтродукции и гибридизации, лов в воспроизводственных целях, лов в замороопасных водоемах и (или) участках, а также осуществляет контрольный лов;

      7) выдает разрешения на производство интродукции, реинтродукции, гибридизации животных;

      8) организует и (или) обеспечивает проведение научных исследований и проектно-изыскательских работ в области охраны, воспроизводства и использования рыбных ресурсов и других водных животных;

      9) организует ведение государственного учета, кадастра и мониторинга рыбных ресурсов и других водных животных;

      10) на основании научных рекомендаций принимает решение о мелиоративном лове рыб в случаях возникновения угрозы замора, который неизбежно приведет к гибели рыб и невозможности устранения такой угрозы путем проведения текущей рыбохозяйственной мелиорации водных объектов или их частей;

      11) осуществляет осмотр водозаборных и сбросных сооружений на наличие рыбозащитных устройств и их соответствие установленным требованиям;

      12) осуществляет государственный контроль и надзор за соблюдением порядка осуществления интродукции, реинтродукции и гибридизации животных;

      13) проверяет деятельность пользователей животным миром в целях определения соблюдения требований законодательства Республики Казахстан в области охраны, воспроизводства и использования рыбных ресурсов и других водных животных;

      14) осуществляет государственный контроль и надзор в области охраны, воспроизводства и использования рыбных ресурсов и других водных животных;

      15) осуществляет государственный контроль и надзор за соблюдением правил ведения рыбного хозяйства;

      16) осуществляет государственный контроль и надзор за соблюдением правил рыболовства;

      17) осуществляет государственный контроль и надзор за соблюдением норм и нормативов в области охраны, воспроизводства и использования рыбных ресурсов и других водных животных;

      18) осуществляет государственный контроль и надзор за выполнением мероприятий по охране, воспроизводству и использованию рыбных ресурсов и других водных животных;

      19) осуществляет государственный контроль и надзор за соблюдением установленных ограничений и запретов на пользование рыбными ресурсами и другими водными животными;

      20) осуществляет прием уведомлений о начале или прекращении деятельности по искусственному разведению животных, виды которых включены в приложения I и II Конвенции о международной торговле видами дикой фауны и флоры, находящимися под угрозой исчезновения;

      21) согласовывает на основании биологического обоснования рыбохозяйственную мелиорацию на закрепленном рыбохозяйственном водоеме и (или) участке, ежегодную корректировку данных промыслового запаса рыбных ресурсов и других водных животных, проводимую пользователями животным миром при специальном пользовании;

      22) согласовывает технико-экономическое обоснование и проектно-сметную документацию, разрабатываемые субъектами, осуществляющими хозяйственную и иную деятельность, указанную в пунктах 1 и 2 статьи 17 Закона Республики Казахстан от 9 июля 2004 года "Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира";

      23) выдает разрешения на пользование животным миром в целях научно-исследовательского лова на рыбохозяйственных водоемах, расположенных на территории двух и более областей, а также на редкие и находящиеся под угрозой исчезновения виды животных;

      24) организует и обеспечивает воспроизводство и государственный учет животного мира в резервном фонде рыбохозяйственных водоемов и (или) участках;

      25) согласовывает движение всех видов водного транспорта с включенными двигателями в запретный для рыболовства период на рыбохозяйственных водоемах и (или) участках, а также в местах, запретных для рыболовства;

      26) принимает решение о введении ограничений и запретов на пользование объектами животного мира, их частей и дериватов, переносе установленных сроков пользования и (или) запрета на пользование объектами животного мира, устанавливает места и сроки их пользования на основании биологического обоснования, выданного соответствующими научными организациями, подлежащего государственной экологической экспертизе;

      27) предоставляет информацию о порядке оказания государственных услуг в Единый контакт-центр по вопросам оказания государственных услуг;

      28) проводит конкурс по закреплению рыбохозяйственных водоемов и (или) участков международного, республиканского и местного значения;

      29) осуществляет государственный контроль и надзор за местными исполнительными органами в области охраны, воспроизводства и использования рыбных ресурсов и других водных животных;

      30) осуществляет международное сотрудничество в области охраны, воспроизводства и использования рыбных ресурсов и других водных животных;

      31) принимает решение о переносе срока запрета на изъятие объектов животного мира на пятнадцать календарных дней в ту или иную сторону в зависимости от природно-климатических условий без изменения общей продолжительности запрета по рекомендации аккредитованных научных организаций в области охраны, воспроизводства и использования животного мира;

      32) выдает заключение (разрешительный документ) на вывоз с таможенной территории Евразийского экономического союза диких живых животных, в том числе редких и находящихся под угрозой исчезновения;

      33) заключает договора на ведение рыбного хозяйства;

      34) осуществляет перезакрепление рыбохозяйственных водоемов и (или) участков международного, республиканского и местного значения;

      35) осуществляет иные функции, предусмотренные законодательством Республики Казахстан, актами Президента, Правительства Республики Казахстан и Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан.

Глава 3. Статус и полномочия руководителя Комитета при организации его деятельности

      18. Руководство Комитетом осуществляется председателем Комитета, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Комитет задач и осуществление им своих полномочий.

      19. Председатель Комитета назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      20. Председатель Комитета имеет заместителей, которые назначаются на должности и освобождаются от должностей в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      21. Полномочия председателя Комитета:

      1) в пределах своей компетенции подписывает приказы;

      2) представляет Министру экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан предложения по структуре и штатной численности Комитета и его территориальных подразделений;

      3) назначает на должности и освобождает от должностей работников Комитета, за исключением работников, вопросы трудовых отношений которых в соответствии с законодательными актами отнесены к компетенции вышестоящих государственных органов и должностных лиц;

      4) по согласованию с Министерством назначает на должности и освобождает от должностей руководителей подведомственных организаций;

      5) назначает на должности и освобождает от должностей заместителей руководителей подведомственных организаций;

      6) вносит предложения в Министерство о привлечении к дисциплинарной ответственности руководителей территориальных подразделений;

      7) назначает на должности и освобождает от должностей заместителей руководителей территориальных подразделений;

      8) утверждает должностные инструкции работников Комитета, руководителей подведомственных организаций и их заместителей, за исключением работников, вопросы трудовых отношений которых в соответствии с законодательными актами отнесены к компетенции вышестоящих государственных органов и должностных лиц;

      9) организует мероприятия и несет персональную ответственность за принятие мер по противодействию коррупции в Комитете, территориальных подразделениях и подведомственных организациях Комитета;

      10) решает вопросы командирования (за исключением командирования заграницу), оказания материальной помощи, подготовки (переподготовки) и повышения квалификации, выплаты надбавок и поощрения руководителям территориальных подразделений;

      11) решает вопросы командирования, предоставления отпусков, оказания материальной помощи, подготовки (переподготовки) и повышения квалификации, выплаты надбавок и поощрения, привлечения к дисциплинарной ответственности работников Комитета, заместителей руководителей территориальных подразделений, а также руководителей подведомственных организаций Комитета и их заместителей, за исключением работников, вопросы трудовых отношений которых в соответствии с законодательными актами отнесены к компетенции вышестоящих государственных органов и должностных лиц;

      12) вносит предложения по возложению обязанностей руководителя территориального подразделения Комитета на заместителя руководителя или другого работника территориального подразделения Комитета на время его отсутствия;

      13) утверждает Положения структурных подразделений Комитета и в пределах своей компетенции учредительные документы подведомственных организаций Комитета, а также Положения территориальных подразделений, находящихся в ведении Комитета;

      14) согласовывает структуру и штатные расписания подведомственных организаций Комитета;

      15) вырабатывает предложения по формированию государственной политики в регулируемой сфере;

      16) определяет компетенцию и порядок взаимодействия территориальных подразделений с Комитетом;

      17) отменяет или приостанавливает полностью или в части действие актов территориальных подразделений и подведомственных организаций;

      18) представляет Комитет в государственных органах и иных организациях без доверенности;

      19) осуществляет общее руководство финансово-хозяйственной деятельности и проведения государственных закупок в Комитете;

      20) осуществляет иные полномочия в соответствии с законодательством Республики Казахстан и актами Президента Республики Казахстан.

      Исполнение полномочий председателя Комитета в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

      22. Председатель Комитета определяет полномочия своих заместителей в соответствии с действующим законодательством.

      23. Документы, направляемые от имени Комитета в государственные органы, территориальные подразделения, подведомственные организации Комитета, организацию права владения и пользования государственной долей участия, которой переданы Комитету, структурные подразделения Министерства, физическим и юридическим лицам по вопросам, входящим в компетенцию Комитета, подписываются председателем Комитета и его заместителями в пределах их компетенции, а в случае их отсутствия – лицом, их замещающим.

Глава 4. Имущество Комитета

      24. Комитет может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество Комитета формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      25. Имущество, закрепленное за Комитетом, относится к республиканской собственности.

      26. Комитет не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжается закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

Глава 5. Реорганизация и упразднение Комитета

      27. Реорганизация и упразднение Комитета осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

  Приложение 1
к Положению о Комитете
рыбного хозяйства
Министерства экологии,
геологии и природных ресурсов
Республики Казахстан

Перечень государственных учреждений – территориальных подразделений Комитета рыбного хозяйства Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан

      1. Республиканское государственное учреждение "Арало-Сырдарьинская межобластная бассейновая инспекция рыбного хозяйства Комитета рыбного хозяйства Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан".

      2. Республиканское государственное учреждение "Балхаш-Алакольская межобластная бассейновая инспекция рыбного хозяйства Комитета рыбного хозяйства Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан".

      3. Республиканское государственное учреждение "Зайсан-Ертисская межобластная бассейновая инспекция рыбного хозяйства Комитета рыбного хозяйства Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан".

      4. Республиканское государственное учреждение "Есильская межобластная бассейновая инспекция рыбного хозяйства Комитета рыбного хозяйства Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан".

      5. Республиканское государственное учреждение "Жайык-Каспийская межобластная бассейновая инспекция рыбного хозяйства Комитета рыбного хозяйства Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан".

      6. Республиканское государственное учреждение "Нура-Сарысуская межобластная бассейновая инспекция рыбного хозяйства Комитета рыбного хозяйства Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан".

      7. Республиканское государственное учреждение "Тобол-Торгайская межобластная бассейновая инспекция рыбного хозяйства Комитета рыбного хозяйства Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан".

      8. Республиканское государственное учреждение "Шу-Таласская межобластная бассейновая инспекция рыбного хозяйства Комитета рыбного хозяйства Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан".

  Приложение 2
к Положению о Комитете
рыбного хозяйства
Министерства экологии,
геологии и природных ресурсов
Республики Казахстан

Перечень подведомственных организаций Комитета рыбного хозяйства Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан

      1. Республиканское государственное казенное предприятие "Атырауский осетровый рыбоводный завод" Комитета рыбного хозяйства Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан.

      2. Республиканское государственное казенное предприятие "Камышлыбашский рыбопитомник" Комитета рыбного хозяйства Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан.

      3. Республиканское государственное казенное предприятие "Петропавловский рыбопитомник" Комитета рыбного хозяйства Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан.

      4. Республиканское государственное казенное предприятие "Урало-Атырауский осетровый рыбоводный завод" Комитета рыбного хозяйства Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан.

  Приложение 3
к Положению о Комитете
рыбного хозяйства
Министерства экологии,
геологии и природных ресурсов
Республики Казахстан

Перечень организаций, права владения и пользования государственной долей участия, которых переданы Комитету

      1. Товарищество с ограниченной ответственностью "Научно-производственный центр рыбного хозяйства".