Әйет ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Әкімнің "Таран ауданы Таран ауылының құрамдас бөліктерін қайта атау туралы" 2018 жылғы 17 қаңтардағы № 2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7506 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбында, кіріспесінде және барлық мәтін бойынша "Таран ауданының Таран ауылы", "Таран ауылдық округінің әкімі", "Таран ауылының" сөз тіркестері "Бейімбет Майлин ауданының Әйет ауылы", "Әйет ауылдық округінің әкімі", "Әйет ауылының" деп ауыстырылсын.
2. "Әйет ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әйет ауылдық округінің әкімі | А. Б. Бердалинов |