Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19, 69-баптарына, 71-1-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес Асенкритов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, "Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі" акционерлік қоғамына пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін Асенкритов ауылдык округінің жерінде орналасқан, жалпы аланы 1958,7 гектар жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Асенкритов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округтің әкімі | Ж. Муханов |
Асенкритов ауылдық округі әкімінің | |
2021 жылғы 17 тамыздағы | |
№ 4 шешіміне | |
қосымша |
Пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін қауымдық сервитут белгіленген жер учаскелерінің тізімі
№ | Елді мекеннің атауы | Қауымдық сервитут белгілеу алаңы, гектар |
1 | Асенкритовка ауылы | 70,6 |
2 | Майлин ауылы | 156,6 |
3 | Николаевка ауылы | 1731,5 |
Барлығы: | 1958,7 |