Аққулы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 8 сәуірдегі "Аққулы ауданы ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" № 196/39 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Павлодар облысы Аққулы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 6 қыркүйектегі № 38/7 шешімі. Күші жойылды - Павлодар облысы Аққулы аудандық мәслихатының 12.09.2023 № 35/7 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Аққулы аудандық мәслихатының 12.09.2023 № 35/7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Аққулы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Аққулы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 8 сәуірдегі "Аққулы ауданы ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" № 196/39 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6304 болып тіркелген) мынандай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімінен бекітілген Аққулы ауданы ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Аққулы ауданы ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының (бұдан әрі – Заң) 39-3-бабының 3-1-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің "Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес әзірленді.";

      4-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) ауылдық округ әкіміне кандидат ретінде тіркеу үшін аудандық сайлау комиссиясына одан әрі енгізу үшін Аққулы ауданы әкімінің ауылдық округ әкімі лауазымына ұсынған кандидатураларын келісу;";

      6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Заңның 39-3-бабы 3-тармағының 4-3) тармақшасында көзделген, жергілікті қоғамдастық жиналысының шақырылу уақыты, орны туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей хабардар етілетін жағдайды қоспағанда, жиналыстың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жиналыстың мүшелері жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей "Аққулы үні" аудандық газетіне хабарландырылады немесе өзге де тәсілдермен хабардар етіледі.

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Жиналыс өз өкілеттігі шеңберінде шақырылымға қатысып отырған жиналыс мүшелерінің көпшілік даусымен шешімдер қабылдайды.

      Дауыстар тең болған жағдайда жиналыстың төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

      Жиналыстың шешімі хаттамамен ресімделеді, онда:

      1) жиналыстың өткізілген күні мен орны;

      2) жиналыс мүшелерінің саны және тізімі;

      3) өзге де қатысушылардың саны және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетілген тізім;

      4) жиналыс төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      5) күн тәртібі, сөйлеген сөздердің қысқаша мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

      Хаттамаға жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және хаттамада ауылдық округ әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімі қамтылған жағдайларды қоспағанда, екі жұмыс күні ішінде ауылдық округ әкіміне беріледі.

      Ауылдық округ әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы шешімі бар жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасына жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және бес жұмыс күні ішінде Аққулы аудандық мәслихатының қарауына беріледі.";

      13-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Жиналыс қабылдаған шешімдерді ауылдық округ әкімі бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аққулы аудандық мәслихатының хатшысы Қ. Есімов

О внесении изменений в решение маслихата района Аққулы от 8 апреля 2019 года № 196/39 "Об утверждении регламента собрания местного сообщества сельских округов района Аққулы"

Решение маслихата района Аққулы Павлодарской области от 6 сентября 2021 года № 38/7. Утратило силу решением маслихата района Аққулы Павлодарской области от 12.09.2023 № 35/7

      Сноска. Утратило силу решением маслихата района Аққулы Павлодарской области от 12.09.2023 № 35/7 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      маслихат района Аққулы РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата района Аққулы от 8 апреля 2019 года № 196/39 "Об утверждении регламента собрания местного сообщества сельских округов района Аққулы" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6304) следующие изменения:

      в регламенте собрания местного сообщества сельских округов района Аққулы, утвержденном указанным решением:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящий регламент собрания местного сообщества сельских округов района Аққулы (далее - Регламент) разработан в соответствии с пунктом 3-1 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" (далее – Закон), приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан "Об утверждении Типового регламента собрания местного сообщества".";

      подпункт 8) пункта 4 изложить в следующей редакции:

      "8) согласование представленных акимом района Аққулы кандидатур на должность акима сельского округа для дальнейшего внесения в районную избирательную комиссию для регистрации в качестве кандидата в акимы сельского округа;";

      абзац первый пункта 6 изложить в следующей редакции:

      "6. О времени, месте созыва собрания и обсуждаемых вопросах, члены собрания оповещаются не позднее, чем за десять календарных дней до дня его проведения по средствам размещения объявления в районную газету "Вести Аққулы", за исключением случая, предусмотренного подпунктом 4-3) пункта 3 статьи 39-3 Закона, согласно которому о времени, месте созыва собрания местного сообщества члены собрания местного сообщества оповещаются не позднее чем за три календарных дня до дня его проведения.";

      пункт 12 изложить в следующей редакции:

      "12. Собрание в рамках своих полномочий принимает решения большинством голосов присутствующих на созыве членов собрания.

      В случае равенства голосов председатель собрания пользуется правом решающего голоса.

      Решение собрания оформляется протоколом, в котором указываются:

      1) дата и место проведения собрания;

      2) количество и список членов собрания;

      3) количество и список иных присутствующих с указанием фамилии, имени, отчества (при его наличии);

      4) фамилия, имя, отчество (при его наличии) председателя и секретаря собрания;

      5) повестка дня, краткое содержание выступлений и принятые решения.

      Протокол подписывается председателем и секретарем собрания и в течение двух рабочих дней передается акиму сельского округа, за исключением случаев, когда протокол содержит решение собрания местного сообщества об инициировании вопроса о прекращении полномочий акима сельского округа.

      Протокол собрания местного сообщества с решением об инициировании вопроса о прекращении полномочий акима сельского округа подписывается председателем и секретарем собрания и в течение пяти рабочих дней передается на рассмотрение в маслихат района Аққулы.";

      абзац первый пункта 13 изложить в следующей редакции:

      "13. Решения, принятые собранием, рассматриваются акимом сельского округа в срок не более пяти рабочих дней.".

      2. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Секретарь маслихата района Аққулы К. Есимов