Шарбақты аудандық мәслихатының "Шарбақты ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" 2018 жылғы 22 маусымдағы № 136/40 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2021 жылғы 12 қазанда № 53/16 шешімі

      Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Шарбақты аудандық мәслихатының "Шарбақты ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" 2018 жылғы 22 маусымдағы № 136/40 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6006 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Шарбақты ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінде:

      1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Шарбақты ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті (бұдан әрі - Регламент) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 39-3-бабының 3-1-тармағына сәйкес әзірленді.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелер бойынша өткізіледі:

      бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;

      аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ (бұдан әрі – ауылдық округ) бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;

      ауылдық округтің коммуналдық меншігін (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару жөніндегі ауылдық округ әкімі аппаратының шешімдерін келісу;

      бюджеттің атқарылуын мониторингтеу мақсатында жиналысқа қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру;

      ауылдық округ бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;

      ауылдық округтің коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісу;

      жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;

      ауылдық округ әкіміне кандидат ретінде тіркеу үшін тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына одан әрі енгізу үшін аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің ауылдық округ әкімі лауазымына ұсынған кандидатураларын келісу;

      ауылдық округ әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау;

      жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау жөнінде ұсыныстар енгізу;

      жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелері.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Заңның 39-3-бабы 3-тармағының 4-3) тармақшасында көзделген, жергілікті қоғамдастық жиналысының шақырылу уақыты, орны туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей хабардар етілетін жағдайды қоспағанда, жиналыстың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жиналыстың мүшелері жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен хабардар етіледі.

      Әкім аппараты жиналыстың мүшелеріне және әкімге жиналыстың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды жиналысқа шақырғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей жазбаша түрде немесе электрондық құжат нысанында ұсынады.".

      12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Жиналыс өз өкілеттігі шеңберінде шақырылымға қатысып отырған жиналыс мүшелерінің көпшілік даусымен шешімдер қабылдайды.

      Дауыстар тең болған жағдайда жиналыстың төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

      Жиналыстың шешімі хаттамамен ресімделеді, онда:

      1) жиналыстың өткізілген күні мен орны;

      2) жиналыс мүшелерінің саны және тізімі;

      3) өзге де қатысушылардың саны және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетілген тізім;

      4) жиналыс төрағасы мен хатшысының тегі, аты, ккесінің аты (бар болса);

      5) күн тәртібі, сөйлеген сөздердің қысқаша мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

      Хаттамаға жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және хаттамада ауылдық округ әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімі қамтылған жағдайларды қоспағанда, екі жұмыс күні ішінде ауылдық округ әкіміне беріледі.

      Ауылдық округ әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы шешімі бар жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасына жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және бес жұмыс күні ішінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті мәслихатының қарауына беріледі.

      13. Жиналыс қабылдаған шешімдерді ауылдық округ әкімі бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.

      Әкімдер жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімімен келіспейтіндігін білдіруге құқылы, бұл регламенттің 2-тарауында көзделген тәртіппен осындай келіспеушілік тудырған мәселелерді қайта талқылау арқылы шешіледі.

      Ауылдық округ әкімінің келіспеушілігін тудырған мәселелерді шешу мүмкін болмаған жағдайда, мәселені жоғары тұрған әкім тиісті аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының отырысында алдын ала талқылаудан соң шешеді.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың заңдылық және әлеуметтік саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шарбақты аудандық мәслихат хатшысы Н. Кизатов

О внесении изменений в решение Щербактинского районного маслихата "Об утверждении Регламента собрания местного сообщества сельских округов Щербактинского района" от 22 июня 2018 года № 136/40

Решение Щербактинского районного маслихата Павлодарской области от 12 октября 2021 года № 53/16

      Щербактинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Щербактинского районного маслихата "Об утверждении регламента собрания местного сообщества сельских округов Щербактинского района" от 22 июня 2018 года № 136/40 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6006) следующие изменения:

      в регламенте собрания местного сообщества сельских округов Щербактинского района, утвержденном указанным решением:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящий регламент собрания местного сообщества сельских округов Щербактинского района (далее - Регламент) разработан в соответствии с пунктом 3-1 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" (далее – Закон).";

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Собрание проводится по текущим вопросам местного значения:

      обсуждение и рассмотрение проектов программных документов, программ развития местного сообщества;

      согласование проекта бюджета города районного значения, села, поселка, сельского округа (далее – сельский округ) и отчета об исполнении бюджета;

      согласование решений аппарата акима сельского округа по управлению коммунальной собственностью сельского округа (коммунальной собственностью местного самоуправления);

      образование комиссии местного сообщества из числа участников собрания в целях мониторинга исполнения бюджета;

      заслушивание и обсуждение отчета о результатах проведенного мониторинга исполнения бюджета сельского округа;

      согласование отчуждения коммунального имущества сельского округа;

      обсуждение актуальных вопросов местного сообщества, проектов нормативных правовых актов, затрагивающих права и свободы граждан;

      согласование представленных акимом района (города областного значения) кандидатур на должность акима сельского округа для дальнейшего внесения в соответствующую районную (городскую) избирательную комиссию для регистрации в качестве кандидата в акимы сельского округа;

      инициирование вопроса об освобождении от должности акима сельского округа;

      внесение предложений по назначению руководителей государственных учреждений и организаций, финансируемых из местного бюджета и расположенных на соответствующих территориях;

      другие текущие вопросы местного сообщества.";

      пункт 6 изложить в следующей редакции:

      "6. О времени, месте созыва собрания и обсуждаемых вопросах, члены собрания оповещаются не позднее, чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации или иными способами, за исключением случая, предусмотренного подпунктом 4-3) пункта 3 статьи 39-3 Закона, согласно которому о времени, месте созыва собрания местного сообщества члены собрания местного сообщества оповещаются не позднее чем за три календарных дня до дня его проведения.

      По вопросам, вносимым на рассмотрение собрания, аппарат акима не позднее, чем за пять календарных дней до созыва собрания представляет членам собрания и акиму необходимые материалы в письменном виде или в форме электронного документа.".

      пункты 12 и 13 изложить в следующей редакции:

      "12. Собрание в рамках своих полномочий принимает решения большинством голосов присутствующих на созыве членов собрания.

      В случае равенства голосов председатель собрания пользуется правом решающего голоса.

      Решение собрания оформляется протоколом, в котором указываются:

      1) дата и место проведения собрания;

      2) количество и список членов собрания;

      3) количество и список иных присутствующих с указанием фамилии, имени, отчества (при его наличии);

      4) фамилия, имя, отчество (при его наличии) председателя и секретаря собрания;

      5) повестка дня, краткое содержание выступлений и принятые решения.

      Протокол подписывается председателем и секретарем собрания и в течение двух рабочих дней передается акиму сельского округа, за исключением случаев, когда протокол содержит решение собрания местного сообщества об инициировании вопроса о прекращении полномочий акима сельского округа.

      Протокол собрания местного сообщества с решением об инициировании вопроса о прекращении полномочий акима сельского округа подписывается председателем и секретарем собрания и в течение пяти рабочих дней передается на рассмотрения в соответствующий маслихат района (города областного значения).

      13. Решения, принятые собранием, рассматриваются акимом сельского округа в срок не более пяти рабочих дней.

      Акимы вправе выразить несогласие с решением собрания местного сообщества, которое разрешается путем повторного обсуждения вопросов, вызвавших такое несогласие в порядке, предусмотренном главой 2 настоящего регламента.

      В случае невозможности разрешения вопросов, вызвавших несогласие акима сельского округа, вопрос разрешается вышестоящим акимом после его предварительного обсуждения на заседании маслихата соответствующего района (города областного значения).".

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию районного маслихата по вопросам законности и социальной политики.

      3. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Секретарь Щербактинского районного маслихата Н. Кизатов