Ескерту. 01.01.2022 бастап қолданысқа еңгізіледі - осы шешімнің 3-тармағымен.
Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 8-тармағына,Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет,спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Ұлтық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтәк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №9946 болып тіркеледі) бұйрығына сәйкес, Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2022 жылы Айыртау ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көрсетілсін:
1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.
2. Осы шешімнің 1- тармағы күші сондай-ақ ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринария пункттерінің ветеринария мамандарына қолданылады.
3. Осы шешім ресми жариялануға жатады және 2022 жылғы 1 қантардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының хатшысы |
Г. Абулкаирова |