Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 16.02.2022 № 23 (алғашқы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңының 4-4-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Атырау облысы деңгейінде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесі бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Б.Қ.Хаменоваға жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Облыс әкімі | М. Досмұхамбетов |
Атырау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 13 қазандағы № 245 қаулысына қосымша | |
Атырау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 13 қазандағы № 245 қаулысымен бекітілген |
Атырау облысы деңгейінде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесі
1. Атырау облысы деңгейінде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-4-бабының 4-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 19 мамырдағы № 173 бұйрығымен бекітілген Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесіне сәйкес әзірленді және Атырау облысы деңгейінде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау алгоритмін белгілейді.
2. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу шеңберінде ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және құру) және оларды бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет) құны осы бұқаралық ақпарат құралдары әрбір түрі үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағаларына байланысты айқындалады.
Көрсетілетін қызметтің әрбір жеке түрі үшін базалық бағаны Атырау облысы әкімдігі дербес айқындайды.
3. Ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және құру) және оларды мерзімді баспасөз басылымдарында орналастыру бойынша көрсетілетін қызмет құны мынадай формула бойынша айқындалады:
1) газеттер үшін Pn=Bn x V x Kq формуласы бойынша, онда:
Pn (price) – қосымша құн салығын есепке ала отырып, ақпараттық материалдарды газеттерде орналастыру құны;
Bn – газетте орналастырылатын ақпараттық материалдың бір см2 үшін базалық баға;
V – см2-мен есептелетін, газетте орналастырылатын ақпараттық материалдың көлемі;
Kq – газет таралымына түзету коэффициенті:
200 000 данаға дейін – 1,3;
100 000 данаға дейін – 1,15;
50 000 данаға дейін – 1;
30 000 данаға дейін – 0,9;
20 000 данаға дейін – 0,8;
10 000 данаға дейін – 0,65;
5 000 данаға дейін – 0,5;
2) журналдар үшін Pm=Bm x V x Kq формуласы бойынша, онда:
Pm (price) – қосымша құн салығын есепке ала отырып, ақпараттық материалдарды журналдарда орналастыру құны;
Bm – журналда орналастырылатын ақпараттық материалдың бір см2 үшін базалық баға;
V – см2-мен есептелетін, журналда орналастырылатын ақпараттық материалдың көлемі;
Kq – журнал таралымына түзету коэффициенті:
15 000 данаға дейін – 1,2;
10 000 данаға дейін – 1,1;
8 000 данаға дейін – 1;
5 000 данаға дейін – 0,9;
3 000 данаға дейін – 0,8;
1 000 данаға дейін – 0,7.
4. Ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және құру) және оларды интернет-ресурста орналастыру бойынша көрсетілетін қызмет құны Pi=Bi x V x Kq формуласы бойынша айқындалады, онда:
Pi (price) – қосымша құн салығын есепке ала отырып, ақпараттық материалдарды интернет-ресурста орналастыру құны;
Bi – интернет-ресурста орналастырылатын ақпараттық материалдың бір символы үшін базалық баға;
V – символмен есептелетін, интернет-ресурста орналастырылатын ақпараттық материалдың көлемі;
Kq – бірегей пайдаланушылардың интернет-ресурсқа кіруінің орташа айлық санын есепке алуға арналған түзету коэффиценті:
айына 500 000 кірушіге дейін – 1;
айына 1 000 000 кірушіге дейін – 1,1;
айына 2 000 000 кірушіге дейін – 1,2;
айына 5 000 000 кірушіге дейін – 1,3;
айына 5 000 000 кірушіден жоғары – 1,4.
5. Ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және құру) және оларды телевизияда орналастыру бойынша көрсетілетін қызмет құны Ptv=Btv x V формуласы бойынша айқындалады, онда:
Ptv (price) – қосымша құн салығын есепке ала отырып, ақпараттық материалдарды телевизияда орналастыру құны;
Btv – телевизияда орналастырылатын ақпараттық материалдың бір секунды, минуты, сериясы үшін базалық баға;
V – секундпен, минутпен, сериялармен есептелетін телевизияда орналастырылатын ақпараттық материалдың көлемі.
Егер мемлекеттік ақпараттық тапсырысты қалыптастыру кезінде телевизиялық бағдарламалардың жанрлары бойынша бөлінулер ескерілмеген жағдайда, телевизиялық бағдарламаларды өндіру және орналастыру құны базалық (Btv) болады.
6. Ақпараттық материалдарды және аудиороликтерді әзірлеу (дайындау және құру) және оларды радиода орналастыру бойынша көрсетілетін қызмет құны Pr=Br x V формуласы бойынша айқындалады, онда:
Pr (price) – қосымша құн салығын есепке ала отырып, ақпараттық материалдарды радиоарнаның эфирінде орналастыру құны;
Br – радиоарна эфирінде орналастырылатын ақпараттық бағдарламаның бір минуты, радиоарнадағы аудиороликтің бір секунды үшін базалық баға;
V – минутпен есептелетін, радиоарна эфирінде орналастырылатын ақпараттық бағдарламаның көлемі.