Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 18-бабының 5-1-тармақшасына және 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 31- бабына сәйкес, қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына (950541000238) талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу үшін жер пайдаланушылардан және меншік иелерінен жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарусыз Қайыршақты ауылдық округі, Атырау-Индер тас жолы бойы мекенжайында орналасқан көлемі 11,0480 гектар жер учаскесіне 1 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.Умаровқа жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | К. Уразбаев |