Бородулиха аудандық мәслихатының 2021 жылғы 19 қаңтардағы № 2-4-VII "2021-2023 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Белағаш ауылдық округінің бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Бородулиха аудандық мәслихатының 2021 жылғы 19 қаңтардағы № 2-4-VII "2021-2023 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Белағаш ауылдық округінің бюджеті туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 8377 нөмірімен тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. 2021-2023 жылдарға арналған Белағаш ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2, 3- қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 27579 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 9281 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0 теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер –0 теңге;
трансферттер түсімі – 18298 мың теңге;
2) шығындар – 30564,6 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 2985,6 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 2985,6 мың теңге, соның ішінде:
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 2985,6 мың теңге.";
мынадай мазмұндағы 2-1-тармағымен толықтырылсын:
"2-1. Белағаш ауылдық округінің 2021 жылға арналған бюджетінде аудандық бюджеттен 2266 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін.";
осы шешімнің қосымшасына сәйкес көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Бородулиха аудандық мәслихат хатшысының
өкілеттігін уақытша жүзеге асырушы В. Мокроусова