Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық - атқару кодексінің 18-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына,Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14-1), 14-3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабының 7), 8), 9) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы №412 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылы 8 шілдеде №13898 тіркелген) "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған, немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін аудандағы мекемелер мен кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік санының бір пайыз мөлшерінде 2022 жылға жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды жұмысқа орналастыру үшін аудандағы мекемелер мен кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік санының бір пайыз мөлшерінде 2022 жылға орындарына квота белгіленсін.
3. Осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін аудандағы мекемелер мен кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік санының бір пайыз мөлшерінде 2022 жылға орындарына квота белгіленсін.
4. Зайсан ауданы әкімдігінің №179 "2021 жылға арналған ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8451 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде 2021 жылдың 15 наурызында электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Нуртазинге жүктелсін.
6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Зайсан ауданының әкімі | С. Зайнулдин |