Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Атбасар аудандық мәслихатының "Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" 2018 жылғы 11 сәуірдегі № 6С 19/9 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6596 тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінде:
мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2 және 3-3-тармақтармен толықтырылсын:
"3-1. Жергілікті қоғамдастық жиналысының құрамын жергілікті қоғамдастық жиыны төрт жыл мерзімге айқындайды және жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген кандидаттар қатарынан құрылады.
Бұл ретте, жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің (бұдан әрі – жиналыс мүшелері) саны Атбасар қаласы, ауыл және ауылдық округ халқының жалпы санына байланысты айқындалады:
1) 10 мың халыққа дейін – жиналыстың 5-10 мүшесі;
2) 10-15 мың халық – жиналыстың 11-15 мүшесі;
3) 15-20 мың халық – жиналыстың 16-20 мүшесі;
4) 20 мыңнан астам халық – жиналыстың 21-25 мүшесі.
3-2. Жергілікті қоғамдастық жиналысының құрамын қалыптастыру кезінде бөлек жиындар өкілдерінің саны олардың халқының санына барабар айқындалады.
3-3. Бірнеше елді мекендерден тұратын әкімшілік-аумақтық бірлік үшін осы Регламенттің 3-2-тармағының ережелерін ескере отырып, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындары жіберген әрбір елді мекеннен кемінде бір өкіл қамтамасыз етіледі.";
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелер бойынша өткізіледі: бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;
Атбасар қаласы, ауыл және ауылдық округ бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;
аудандық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, бекітілген (нақтыланған) бюджет бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарлама шығыстары көлемінің жиырма пайызынан аспайтын көлемде қаражат бюджет шығыстарының құрылымын өзгертпей, бюджеттік мониторинг қорытындылары бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде бюджет қаражаты игерілмеген және (немесе) бюджеттік бағдарламалар тиімсіз орындалған кезде бюджеттік бағдарламалар арасында қайта бөлінген жағдайда, Атбасар қаласы, ауыл және ауылдық округ бюджетін түзетуді келісу;
Атбасар қаласының, ауылдың және ауылдық округі коммуналдық меншігін (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару жөніндегі Атбасар қаласы ауыл және, ауылдық округ аппараты әкімінің шешімдерін келісу;
Атбасар қаласы, ауыл және ауылдық округі бюджетінің атқарылуын мониторингтеу мақсатында жиналысқа қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру;
Атбасар қаласы, ауыл және ауылдық округінің бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;
Атбасар қаласы, ауыл және ауылдық округ коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісу;
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңында көзделген мерзімдерде олар бойынша ұсынымдар беруді көздейтін атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;
Атбасар қаласы, ауыл және ауылдық округі әкіміне кандидат ретінде тіркеу үшін Атбасар аудандық сайлау комиссиясына одан әрі енгізу үшін Атбасар аудан әкімінің ауыл, ауылдық округ әкімі лауазымына ұсынған кандидатураларын келісу;
Атбасар қаласы, ауыл және ауылдық округі әкімдерін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау; жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау бойынша ұсыныстар енгізу;
жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелерін талқылау.
5. Жиналысты Атбасар қаласы, ауыл және ауылдық округінің әкімдері дербес не жиналыс мүшелерінің кемінде он пайызының бастамасы бойынша, бірақ тоқсанына кемінде бір рет шақырылады және өткізіледі.
Жиналыстың бастамашылары күн тәртібін көрсете отырып, әкімге еркін нысанда жазбаша өтініш жасайды.
Әкім үш жұмыс күні ішінде жазбаша өтінішті қарайды және шақырылымның орны мен уақытын көрсете отырып, жиналысты шақыру туралы шешім қабылдайды.";
6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Әкім аппараты жиналыстың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды жазбаша түрде, электрондық құжат нысанында (электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған) немесе құжаттардың электрондық көшірмесін жиналысқа шақырғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей жиналыстың мүшелеріне және әкімге ұсынады.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Жиналысты Атбасар аудан әкімі аппаратының, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың, сондай-ақ мәселелері жиналысты шақыруда қаралатын жеке және заңды тұлғалардың өкілдері шақырылады. Сондай-ақ жиналысты шақыруға Атбасар аудандық мәслихатының депутаттары, бұқаралық ақпарат құралдарының және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатыса алады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шақырылған адамдар жиналыстың мүшелері болып табылмайды және шешімдер қабылдау кезінде дауыс беруге қатыспайды.";
12-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Хаттамаға жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және хаттама ауылдық округ әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімін қамтитын жағдайларды қоспағанда, жиналыс өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Атбасар қаласы және ауыл ауылдық округ әкіміне беріледі.";
13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Жиналыс қабылдаған шешімдерді Атбасар қаласы ауыл және ауылдық округ әкімі қарайды және Атбасар қаласы ауыл ауылдық округ әкімінің аппараты бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жиналыс мүшелеріне жеткізеді.
14. Әкім жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімімен келіспейтінін білдірген жағдайда, осы мәселелер осы Регламенттің 2-тарауында көзделген тәртіппен қайта талқылау арқылы шешіледі.
Атбасар қаласы, ауыл және ауылдық округі әкімдерінің келіспеушілігін тудырған мәселелерді шешу мүмкін болмаған жағдайда, мәселе Атбасар ауданының әкімімен шешіледі.
Атбасар қаласы, ауыл және ауылдық округінің әкімдері екі жұмыс күні ішінде Атбасар ауданының әкімнің және Атбасар аудандық мәслихатының атына жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасын жергілікті қоғамдастық жиналысы келіспеушілік тудырған мәселелерді қайтадан талқылағаннан кейін жібереді.
Атбасар ауданының әкімі Атбасар аудандық мәслихатының таяудағы отырысында алдын ала талқылаудан және оның шешімінен кейін бес жұмыс күні ішінде Заңның 11-бабында көзделген тәртіппен шешім қабылдайды.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Атбасар аудандық мәслихатының хатшысы |
Б.Қамбатыров |