Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35, 37-баптарына сәйкес, Новоникольск ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Меньшиковка ауылы, Новоникольск ауылдық округі, Меньшиковка ауылы жерлерінде жалпы алаңы 7,9 гектар "Ecil-Mining" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскелерін алып қоймай, 5 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін, оның ішінде жайылымдар 2,12 гектар, басқалары 5,78 гектар.
2. "Ecil-Mining" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне автожолды жобалау және салу мақсатында жер учаскесін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Новоникольск ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы |
Е.Уткова |