Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Әйтеке би аудандық мәслихатының "Әйтеке би ауданы бойынша 2022-2023 жылдары жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы" 2022 жылғы 29 наурыздағы № 162 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
Ақкөл, Ақтасты, Аралтоғай, Тұмабұлақ, Әйке, Жабасақ, Жамбыл, Темірбек Жүргенов, Қайрақты, Қарабұтақ, Құмкұдық, Қызылжұлдыз, Сарат, Сұлукөл, Үшқатты ауылдық округтері бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың 4 - қосымшасындағы "Бір ауыл шаруашылығы жануарына су тұтынудың орташа тәуліктік нормасы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 бұйрығымен бекітілген жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларының 9-тармағына сәйкес айқындалады" абзацтағы сөздер "Бір ауыл шаруашылығы жануарына су тұтынудың орташа тәуліктік нормасы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 545 бұйрығымен бекітілген "Су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын әзірлеу жөніндегі әдістемеге" сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14827 болып тіркелген) анықталады" сөздермен ауыстырылсын.
2. "Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты" ММ-сі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялауды қамтамасыз етсін;
2) осы шешімді Әйтеке би ауданы мәслихатының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әйтеке би аудандық мәслихатының хатшысы: |
Е. Таңсықбаев |