Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 97 "2022-2024 жылдарға арналған Нұра ауылдық округ бюджетін бекіту туралы" шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
4 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"4. 2022 жылға арналған Нұра ауылдық округ бюджетінде аудандық бюджет арқылы республикалық бюджеттен және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан ағымдағы нысаналы трансферттер түсетіні ескерілсін:
азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге - 1 086 мың теңге.
Аталған трансферттерінің сомасын бөлу ауылдық округ әкімінің шешімі негізінде айқындалады.".
2. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ырғыз аудандық мәслихатының хатшысы: |
М. Турымов |