Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 69 баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Бозой ауылдық округі аумағында орналасқан жалпы көлемі 0,1147 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, "QazaqGaz" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамымен электрмен жабдықтау желісін және телеметриялық шкаф ТҚШ-001, кран түйіні КТ-879 құрылысын салу үшін 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитуті белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Шалқар ауданының әкімі | Ж. Жидеханов |