Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шалқар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 159 "2022-2024 жылдарға арналған Есет Көтібарұлы ауылдық округ бюджетін бекіту туралы" шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. 2022-2024 жылдарға арналған Есет Көтібарұлы ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3- қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 37345,0 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 2260,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 32,0 теңге;
трансферттердің түсімдері – 35053,0 мың теңге;
2) шығындар – 38268,2 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -923,2 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 923,2 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі – 0 теңге;
қарыздарды өтеу – 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 923,2 мың теңге.";
"686,0" сандары "786,0" сандарымен ауыстырылсын;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Шалқар аудандық мәслихатының хатшысы |
С. Бигеев |
Шалқар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 7 сәуірдегі № 193 шешіміне қосымша | |
Шалқар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 159 шешіміне 1- қосымша |
2022 жылға арналған Есет Көтібарұлы ауылдық округ бюджеті
Санаты |
Сомасы, | ||||
Сыныбы | |||||
Ішкі сыныбы | |||||
Атауы | |||||
I. Кірістер | 37345,0 | ||||
1 | Салықтық түсімдер | 2260,0 | |||
04 | Меншікке салынатын салықтар | 1541,0 | |||
1 | Мүлікке салынатын салықтар | 35,0 | |||
3 | Жер салығы | 6,0 | |||
4 | Көлік құралдарына салынатын салық | 1500,0 | |||
05 | Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар | 719,0 | |||
3 | Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер | 719,0 | |||
2 | Салықтық емес түсімдер | 32,0 | |||
01 | Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер | 32,0 | |||
5 | Мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер | 32,0 | |||
4 | Трансферттердің түсімдері | 35053,0 | |||
02 | Мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер | 35053,0 | |||
3 | Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер | 35053,0 | |||
II. Шығындар | 38268,2 | ||||
01 | Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер | 36612,9 | |||
1 | Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілді, атқарушы және басқа органдар | 36612,9 | |||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 36612,9 | |||
001 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 36477,9 | |||
022 | Мемлекеттік органның күрделі шығыстары | 135,0 | |||
07 | Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық | 1654,7 | |||
3 | Елді-мекендерді көркейту | 1654,7 | |||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 1654,7 | |||
008 | Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру | 854,7 | |||
009 | Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету | 400,0 | |||
011 | Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру | 400,0 | |||
15 | Трансферттер | 0,6 | |||
1 | Трансферттер | 0,6 | |||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 0,6 | |||
048 | Пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару | 0,6 | |||
III. Бюджет тапшылығы (профициті) | -923,2 | ||||
IV. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) | 923,2 | ||||
8 | Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары | 923,2 | |||
01 | Бюджет қаражаты қалдықтары | 923,2 | |||
1 | Бюджет қаражатының бос қалдықтары | 923,2 |